facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-abylayhan-kamaladinn-lemd-k-astanalar-a-ara-anda-almatyny-natatyn-sebeb-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». Абылайхан Камаладиннің әлемдік астаналарға қарағанда Алматыны ұнататын себебі жайында

15.04.2019

«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». Абылайхан Камаладиннің әлемдік астаналарға қарағанда Алматыны ұнататын себебі жайында

Абылайхан Камаладин, 25 жаста, туған қаласы — Қызылорда, CEO QAMALLADIN bloggers agency

2.jpg


Қызылорда — Алматы


Мен Қызылордада тудым. Отбасымда тұңғыш бала болғандықтан, әжемнің қолында тәрбиелендім. Ол кісі кәсіпкер болатын, 90-жылдардан бастап Қытайдан, Түркиядан, Араб Әмірлігінен киімдер әкеліп сататын, құрылыс бизнесімен айналысатын. Мен кішкентай кезімде әжеммен бірге көшіп жүретінмін – біресе Қызылордада, біресе Алматыда тұрдым.

Балабақшаны және мектептің үш сыныбын Қызылордада оқып шықтым. Бірақ мен бұзық бала едім – сабақты дұрыс оқымадым, мұғалімдерді менсінбедім, ауланың балаларымен араласып жүрдім. Сол себепті ата-анам мені Алматының мектебіне ауыстыруды жөн көрді.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Сол кезде мен төртінші сыныпта оқыдым, саналы болған кезең еді. Мен үшін бәрі де жаңа, басқаша болатын. Мені тіпті көшелердің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам таң қалдыратын, себебі мен жай ғана көшелерді жүгіріп өтуге үйренгенмін.

1.JPG

Мен 11-ші сыныпқа дейін Таугүл ауданынымыздан шыққан жоқпын. Сол себепті ұзақ уақыт Алматының барлық көшелері мен аудандары жайында білмей жүрдім. Құрманғазы, Шевченко, Қонаев, Төле би сияқты көшелерді білген жоқпын.

Мен мектептегі сабақтардан қашып, Розыбакиева көшесінде орналасқан MEGA СОСО-дағы Meloman-да отырып, кітаптар оқығаным, ақпараттарды жинағаным есімде. Менің бар білімім сол жерде қалыптасты десе де болады.


Алматы жайында


Алматы — шағын қала. Егер Мәскеуде күніне үш кездесу өткізсең, батыр болып саналасың. Ал Алматыда үш кездесуді түске дейін өткізуге болады. Және бұл қаланың басты артықшылығы – осында жұмысты тез атқарып тастауға болады.

Қаланың басты артықшылығы – осында жұмысты тез атқарып тастауға болады


Табиғат та Алматының үлкен артықшылығы болып табылады. Айналамда таулар болмаса, өзімді жайсыздықта сезінемін.

Мен студенттік кезімнен бастап саяхаттаймын, шетелге шығып жүремін – әлемнің 11 астанасында болдым. Жаңа елге барған сайын, мен үшін Алматыдан жақсы жер жоқ екенін түсінемін. Маған Латвияда, Ресейде, басқа да елдерде жұмыс істеуді ұсынды. Бірақ мен әзірге басқа елде тұруға дайын емес екенімді түсінемін. Шетелге көшіп кеткен қазақстандықтар бұл жайында өкінеді деген сенімдемін. Себебі әлемнің кез-келген жерінде өз еліңді, қалаңды, көшелеріңді сағынасың. Алматы – менің туған қалам болмаса да, мен оны сағынамын. Келешекте мен және менің балаларым осы жерде тұрады деп ойлаймын.

3.jpg

Алматы әрдайым өзгеріп отырады, осында басқа жақтан келгендер көп. Бұндай адамдар өзін таныту ниетіне ие. Осында көптен тұрып жатқан адамдарға қарағанда басқа жақтан келгендер психологиялық тұрғыдан мықтырақ болып келеді. Себебі олардың жолында кедергілер мен қиындықтар көбірек болды.

Басқа жақтан келгендер үшін Алматы – бұл қазақ арманының орындалуы. Осында бүкіл өмір, қозғалыс, бизнес, әлемдік трендтер бар. Басқа қалаларға қарағанда жергілікті жастар негативке берілмейді. Алматыда адамдарды емес, идеяларды талқылайды.

Менің Алматыдағы ортам блогерлерден тұрады, кәсіпкерлер – әртүрлі бағыттар бойынша дамып жатқан достарым. Достарымның арасында клипмейкерлер де, fashion-блогерлер де, пранкерлер де, квн ойыншылары да, маркетологтар да, Celebrity өкілдері де, студенттер де бар. Олардың барлығы әртүрлі ойлайды және бұл маған ұнайды.


Жұмыс жайында


Менің алғашқы жұмысым мектеп кезінде болды, 13-14 жасымда промоутер болып істедім және күніне 2000 теңге табыс табатынмын.

Университетке түскеннен кейін, үгітші, маркетолог, жоба менеджері қызметтерін атқара бастадым. Университеттен кетпес бұрын, коммуникациялар директоры болып істедім.

Мен басқа нәрсені қалайтынымды түсіндім және «Алма-Ата, Штат Небраска» YouTube-жобасына кетіп қалдым. Сол кезден бастап менің нағыз қызметім басталды. Мен Біржан Әшімнің, Таваттың парақшаларын жүргізе бастадым. Ақырындап блогерлердің, қамтудың, трафитің көлемі ұлғая бастады. Қазірде блогерлер мен вайнерлерден бөлек, жарнамалық агенттіктер мен корпорациялармен жұмыс істеп жатырмын.

4.jpg

Мен әрдайым қолдап тұруды қажет ететін трафикті жүргіземін. Әрбір блогермен оның қандай контент жасайтынын, жазылушыларға не ұсынатынын шешеміз. Интернетте әрбір адам қызығушылықтары бойынша өзінің ақпараттық алаңын қалыптастырады. Менің міндетім – адамдар интернетте ұнайтын нәрселерін табатындай жағдай жасау.

Менің міндетім – адамдар интернетте ұнайтын нәрселерін табатындай жағдай жасау


Трафиктен, контенттен бөлек, психолог бола білу керек. Әлеуметтік желіде хейтерлер көбейіп кетті және оған әрбір адам шыдай алмайды.

Біздің жұмысымызда сабырлылық айрықша маңызды орын алады. Сағат сайын шешімдер қабылдайсың, адамдармен, компаниялармен араласасың. Шапшаң болып, тез арада әрекет ету керек. Алматыдағы интернет-қоғамдастығымыз – блогерлер, SMM, маркетинг – қазіргі сәтте, қазіргі уақытта жұмыс істейді, олар алдағы жылға немесе жарты жылға жоспарлар құрмайды.

Қазірде менде барлық жобалармен айналысатын, 11 адамнан түратын командам бар. Ең қиыны – күндіз Қазақстанмен, ал кешкі уақытта Мәскеу, Стамбул, Киев, Загреб, Стокгольм, Гонконг сияқты басқа сағаттық белдеудегі қалалармен жұмыс істеу. Біз Алматыда тұрамыз, бірақ барлық сағаттық белдулерде жұмыс істейміз.


Қаланың ықпалы


Менің ойымша, Алматы адамды жеп қоя алады немесе оны қабылдап, күш сыйлай алады.

5.jpg

Барлық болып жатқан нәрселер – жақсылыққа әкеледі. Қала бізге, біздің қызметімізге ықпал етеді. Алматыда әрдайым үлкен, жақсы, ауқымды нәрселерді істеуді қалайсың.

Алматыда әрдайым үлкен, жақсы, ауқымды нәрселерді істеуді қалайсың


Қазақстанда көп оқиғалар болып жатыр, басқа қалалар дамып жатыр. Туған жерге оралуды қажет ететін уақыт келетін шығар. Бірақ әзірге Алматы – басқа жақтан келген көптеген адамдардың үйі болып табылады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея