facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-15-zhyl-memlekett-k-yzmette-step-sport-salasyna-ket-p-alu-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». 15 жыл мемлекеттік қызметте істеп, спорт саласына кетіп қалу жайында

28.04.2019

«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері». 15 жыл мемлекеттік қызметте істеп, спорт саласына кетіп қалу жайында

Асылбек Дүйсенов, 39 жаста, туған қаласы — Көкшетау, Қазақстан ММА Біріккен Федерациясының вице-президенті

DSC_1271.jpg


Көкшетау — Астана


Мен ауылда өстім, студенттік кезімде Көкшетауға көшіп келдім. Оқуды бітіргесін, жедел әскерде қызмет еттім, қызметтестерімнің арасында жақын достарға ие болдым, әлі күнге дейін олармен араласамын. Солардың бірі әскерден кейін елордаға көшіп келуді ұсынды.

Сол кезде Астана даму үстінде болды, көп мүмкіндіктері бар қала бізді шабыттандырды, барлық жастар осында келетін. Біз де сондай жастардың қатарынан табылып, 2002 жылдың қараша айында әскерден оралғаннан кейін, бұл қалаға көшіп келдік.

2009-дан 2014 жылға дейін мен қызметім бойынша Ақмола облысына барып жүрдім. Кейін Астанаға қайтып келдім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Біз келген кезде, қаланың кең көлемді құрылысы енді басталған еді. Мен Астанаға поезбен келетінмін және терезеден «Интерконтиненталь» мейманханасы мен Бәйтерек көрінетін. Дегенмен мен үшін бұл армандар орындалып, жоспарлар құрылатын жер болды.

DSC_1274.jpg

Сол кезде менде ешқандай міндеттер болған жоқ. Біз достарымызбен жаңа қалаға келдік, осында ешқандай таныстарымыз болмады. Бастапқы кезде тәтемнің үйінде тұрдық, бірақ жұмысқа тез кірісіп кеттік – жетіліп дамуды қаладық.

Астана оңай берілмеді. Дипломым болса, жұмысты оңай табамын деп ойладым. Бірақ олай болып шықпады – мен түйіндемемді барлық ұйымдар мен компанияларға апарып беретінмін, бірақ маған ешкім бір де бір рет хабарласпады. Мен күзет, сауда сияқты әртүрлі салаларда істеп көрдім. Бірақ бұл маған ұнамады, мен өзімді болашағы бар жас маман ретінде көрдім. Сол себепті мемлекеттік қызметте жұмыс істей бастадым.


Астанадағы өмір жайында


Өткен уақыт ішінде қала өзгерді. Қазіргі кезде Астана – бұл керемет сәулетке ие жаңа, әдемі қала. Әлемдегі үздік астаналардың бірі болып табылады.

Астана – жастардың қаласы. Мен қаламызды жақсы көремін және мақтан тұтамын. Еліміздің көптеген қалаларында болып көрдім, бірақ үйім, отбасым, достарым осында.

Астана – жастардың қаласы


Астанадағы адамдар діл тұрғысынан өсті. Қалада алдыңғы қатарлы және табысты адамдар көп. Жаңа жеңістерге шабыттандыратын мотиваторлар көп. Осы бағытта белсенді түрде даму керек.

Астананың өзіндік жарқын қыры, мінезі және қалалық рухы бар.

DSC_1283.jpg

Осында өмір тез өтеді. Барлығына үлгермей жатып, асығатын кездер де болатын шығар, бірақ бұл серпін маған ұнайды.


Мансабының бастамасы жайында


Бірінші білімім бойынша мен экономистпін, әскерден кейін заң саласына түстім. Органдарда жұмыс істеймін деп ешқашан ойлаған жоқпын, бірақ 2003 жылдың көктемінде Бас прокуратурада жұмыс істей бастадым.

Қызмет жолың басталған кезде, дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға септігін тизігетін жақсы адамдарды кездестіру маңызды. Және менің жолым болды, себебі алғашқы жұмыс орнымда жақсы адамдарды кезіктірдім. Бұл өздерінің тәжірибелерімен бөліскен, ел мен қоғамның мүддесі үшін қалай жұмыс істеу керектігін көрсеткен алғашқы ұстаздарым еді. Бұл адамдар бойымдағы қазіргі қасиеттерімнің негізін қалады.

DSC_1302 (1).jpg

2009 жылы мен әділет органдарына ауыстым және мені Ақмола облысына жіберді. 2012 жылға дейін Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының меңгерушісі қызметін, кейін Департаменттің жетекшісі қызметтерін атқардым. Сонымен қатар Қаржы полициясы органдарында істедім, оны жапқаннан кейін, Бас прокуратураға оралдым.

Өткен жылы мен мемлекеттік қызметтен кеттім. Органдарда қалағанымның барлығын істегенімді түсіндім және қоғамдық қызметпен айналыса бастадым.


Қазақстанның ММА Біріккен Федерациясы жайында


2010 жылы біз жолдастарымызбен Қазақстандағы джиу-джитсу деген жаңа бағытпен әуестендік. Біз бұл бағытты қолдап, спорттың ресми түрі ретінде елімізде тіркеп қойдық және оның Федерациясын аштық.

DSC_1265.jpg

Бірнеше жылдар ішінде Федерация джиу-джитсу және аралас жекпе-жектердің үлкен Федерациясына ұласты. Ал 2013 жылы біз оны джиу-джитсу Федерациясы және Қазақстанның ММА Федерациясы деп бөліп тастадық. Қазірде мен Қазақстан ММА Біріккен Федерациясының вице-президентімін және елміздегі ММА бағытының дамуына бар уақытымды бөліп жатырмын.

ММА — жекпе-жектердің кеңге таралған түрі, біз оны да Қазақстанда тіркеп қойдық. Барлық қазақтар жауынгерлер болып табылады және бұл қазақстандықтарға жақын келетін бағыт.

Біз алғашқы чемпионаттан бастап жоғары деңгейге жеттік – сапалы өнімді, дыбыстық және жарықтық сүймелдеумен нағыз шоу жасаймыз. Бұл көруге тұрарлық спорт және осында лайықты ортаны ұйымдастыру маңызды. Әрбір чемпионат – спорттық мейрам болып табылады.

Әрбір чемпионат – спорттық мейрам болып табылады


Біз әрдайым назардың ортасында болып жүреміз, себебі ММА — серпінді спорт. Федерация бүкіл ел бойынша белсенді түрде дамып жатыр. Қазақстандағы жауынгерлердің деңгейі жоғары. 2013 жылдан бастап біз Азияның көшбасшысымыз, әлемдік рейтинг бойынша алдыңғы қатарда тұрмыз. Үлкен нәтижелерге жеттік және одан да үлкен мақсаттарды көздеп отырмыз.

DSC_1277.jpg


Қаланың ықпалы


Мен Астанаға студент кезімде келдім және қала менің қалыптасуыма, дамуыма маңызды үлесін қосты. Осында өмірімдегі көптеген маңызды оқиғалар орын алды, мен олардың барлығын қаламен бірге басымнан кешірдім.

Мені Астанамен көп нәрселер байланыстырады. Елордада кәсіпқой маман ретінде қалыптасып, өзімді қоғамдық қызмет саласында таптым. Осында отбасымды құрдым.

Астанада ештеңе бір орында тұрмайды, қала әрдайым дамуға серпін беріп отырады. Тонус күйінде болу керек және бұл маған ұнайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақ халқының ескірген 10 салт-дәстүрі
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст