facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bala-yz-ben-z-zd-alay-t-rkeu-t-rkeuden-shy-aru-kerek
logo
Балаңыз бен өзіңізді қалай тіркеу/тіркеуден шығару керек?

23.11.2017

Балаңыз бен өзіңізді қалай тіркеу/тіркеуден шығару керек?

Тұрғылықты мекен-жайыңызда қалай тіркеле аласыз немесе бұрынғы мекен-жайыңыздан қалай тіркеуден шығуға болады және неге жаңа жеке куәлікпен жұмыс істеу әлдеқайда оңай – осы сұрақтардың жауабын төменнен таба аласыз.


Тіркелу


Қазақстан азаматтарының тұрғылықты жерінде тіркеу: пәтерді меншікке сатып алуды растайтын немесе оны пайдалануға құқылы екенін дәлелдейтін құжаттар негізінде, соның ішінде жалдау (жалға алу) шарты бойынша немесе пәтер иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады. Мынадай жерлерде тіркелуге болады:

— тұрғын үйлер мен пәтерлерде

— бақша шаруашылығы серіктестері және кооперативтерінің саяжай құрылыстарында

— жатақханаларда, қонақүйлерде, шипажайларда, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерде, пансионаттарда, қарттар үйінде, қызметтік ғимараттарда және бөлмелерде

Өз пәтеріңіз жоқ болған жағдайда жалға алынатын пәтерде, сондай-ақ жұмыс орнында, жатақхана немесе қазыналық пәтерде тіркелуге болады.

Тіркелу және тіркеуден шығу рәсімі «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» жүзеге асырылады. Тіркелу сәтінде егер пәтер сізге тиісті болмаса, пәтер иесі немесе оның сенімді тұлғасы міндетті түрде қатысуы керек. Бұл үшін сізге келесі құжаттар қажет:

— үй иесімен келісілген тіркеу туралы өтініш.

— тұрғын үй иесiнiң жеке куәлігі (тұрғын меншік иесінің жеке қатысуы міндетті).

— ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын үйдің меншікті екенін растайтын немесе белгілі бір себептер бойынша тұруға рұқсат беретін құжаттар (түпнұсқа және көшірме).

— жұмыс орны бойынша тіркелу туралы ұйым (мекеме) әкімшілігінің сұраныс хаты (қызметтік мекемелерде және үй-жайларда тіркелуде).

— жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік).

— басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама, шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат, бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама.

— 0,1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. Мемлекеттік баждан босатылатын тұлғалар растау құжаттарын ұсынады.

Кәмелетке толмаған жастағы балаларды тіркеу және тіркеуден шығару туу туралы куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын ұсыну арқылы жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу туу туралы куәлікте немесе туу туралы куәлікке қосымша парақта ЖСН болғанда ғана жүзеге асырылады. Балаларды тіркеуге құжаттарды олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері тапсырады. Балалар мекемелеріндегі балалар егер олар ата-аналарының тіркелу орны бойынша тіркелмесе (балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, арнайы мектептерде, училищелерде) осы мекемелердің және оқу орындарының мекенжайы бойынша аумақтық ішкі істер органдарының мекемелері әкімшілігінің сұраныс-хаты бойынша тіркеледі. Ата-аналардың бірі баланы тіркеуден шығара алмаса, бұл жағдайда пәтер иесінің болуы міндетті емес.

Есептен алу жаңа мекенжайға тіркеу автоматты түрде жүргізілетін болады. Бірақ, егер сіздің жеке куәлігіңіз ескі үлгіде болса немесе ол жоқ болса (16 жасқа дейінгі балаларда), тіркеуге тұру, тіркеуден шығу рәсімі стандартты түрде болады: бұл жағдайда сіз алдымен бұрынғы тұрған жеріңізден тіркеуден шығасыз, тек содан кейін кету парағын ұсынғанда ғана жаңа мекен-жай бойынша тіркеле аласыз. Қажетті құжаттардың тізімін электрондық үкімет порталында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ақпараттық кестесінен алуға болатынын естеріңізге саламыз. Банк деректемелері және төленуге тиісті соманы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алуға болады.

Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуден басқа тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу сияқты түсінік бар, ол бірнеше басқа шарттарды білдіреді, олармен сіз "ҚР азаматтарын уақытша тіркеу" мақаласында таныса аласыз.


Тіркеуден шығу


Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару меншік иесінің өтініші бойынша сот үйді пайдалану құқығын жойған деп таныған, сот үкімі негізінде бас бостандығын айырылған, республика шегінен тыс тұрғылықты мекенжайға кеткен азаматтар үшін жүзеге асырылады.

— тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

— жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық мінездемелері (меншік құқығын растау үшін) туралы анықтама.

— тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың себептерін көрсете отырып, еркін нысанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтініші.

— паспорт, туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балаларға) – жеке басты сәйкестендіру үшін; жеке куәлік (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін) - республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға.

— ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсат беру туралы анықтамасы (республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға).

— сот үкімі (бас бостандығынан айырылған адамдарға). Тұрғын үй жайды пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі (сот шешімі бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде).



Дереккөзі: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст