facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bakuda-y-aza-tar-z-biznester-zh-ne-nel-kten-merz-mderd-ek-ese-al-byudzhett-sh-ese-k-beytu-azhett-g-turaly
logo
Бакудағы қазақтар өз бизнестері және неліктен мерзімдерді екі есе, ал бюджетті үш есе көбейту қажеттігі туралы
Басты бет

04.09.2018

Бакудағы қазақтар өз бизнестері және неліктен мерзімдерді екі есе, ал бюджетті үш есе көбейту қажеттігі туралы

Раушан Искендерли, 32 жаста, туған жері — Қарағанды, балалар фотографы, Bal bala baku студиясының негізін салушыларының бірі


Бакуға 2011 жылы Мәскеуде университетті аяқтағаннан кейін көшіп келдім. Күйеуім әзірбайжан. Және мен қазір төрт қыздың анасымын.

39851698_230845847601445_5284562167981408256_n.jpg

Фотосуретпен үлкен қызымды туғаннан кейін айналыса бастадым. Хобби сүйікті ісіме айналды, ал уақыт өте келе ол табыс әкеле бастады. Виктория Иманова деген керемет фотографпен бірге түсіремін. Қазір жақында көшкен жаңа студияда істейміз. Қазір біз мамандандырылған жаңа туған нәрестелерді түсіруге арналған бөлек бөлмеміз бар.

Жұмысым маған үлкен рахат әкеледі — шығармашылық жағынан өзімді дамытып, ол үшін лайықты сыйақы ала аламын.

Әзірбайжанда бизнесті бастау үшін олардың менталитетіне назар аударып, тілін білу қажет


Әзірбайжанда ең алдымен тілдік кедергіге кез болдым. Бірақ, бұл мәселені сәтті шеше алдым, өйткені әзірбайжан мен қазақ тілі ұқсас. Екінші қиындық, егер бұны қиындық деп саналса — менің есімім. Раушан әзірбайжан тілінде Ровшан деп айтылады, ал мұнда ол ер адамның есімі болып саналады. Хат алмасқан кезде маған жиі «муэллим» деп айтады, бұл ер адамға сыпайы түрде жүгіну. Және маған әрқашан қазақ екенімді, бізде ол әйел адамның есімі екенін нақтылап түсіндіру қажет.

Студия реквизиттері мен жабдықтарына Ресей мен АҚШ-қа тапсырыс жасауға тура келеді, өйткені арнайы фототхника дүкендері жоқ.

39905910_462063977629269_8420586690103476224_n.jpg

39762471_2022324941110973_1526776361656516608_n.jpg

Менің ойымша, әзірбайжандық нарық өзгеше. Мында бәсекелестік аз, мен үшін бұл жақсы. Қазір салық салуды жеңілдетті, енді ол Қазақстанға ұқсас болды. Бірақ бұл жерде банктерде несие алу қиын, шағын және орта бизнестерге қолдау көрсету деген жоқ.

Әзірбайжанда бизнесті бастау үшін олардың менталитетіне назар аударып, тілін білу қажет.



Гүлнар Қасымова, 31 жаста, туған жері — Қарағанды, Yakudza жеткізу қызметінің иесі


Бакуде төрт жыл тұрып жатырмын. Мында көшкен себебіміз қызым тыныс демікпесімен ауырады және теңізге жақынырақ жерге көшу қажет болды. Әкем әзірбайжандық болғандықтан мында пәтеріміз бар, біз көштік, бұл қызыма көмектесті.

Алғашқы кезде мені жұмысқа алмады, өйткені менде тек үш айлық тіркелім болды. Ресми түрде жұмыс істеу үшін ондай тіркелім жеткіліксіз. Бірақ үйде де отыра алмадым, сондықтан шағын іс ашуды шештім. Басыма келген ең бірінші ой — суши жеткізуін ұйымдастыру. Сол кезде Қазақстанда суши танымал еді, ал Бакуде бұл қызмет түрі сирек болып саналды.

Артқа қарап, бұрын күніне бір-екі тапсырыс алатыным есімде, қазір күніне шамамен 38 тапсырыс қабылдаймын


Тәуекелге баруды шештім, дүкенге кіріп, азық-түліктерді сатып алып, Instagram желісінде парақша аштым. Сол кезде барлығын өзім жасайтынмын, YouTube арқылы роллдарды орауды үйрететін арнайы видеолар қарадым. Бірінші тапсырыс келгенде өз-өзіме сене алмадым. Бірақ, бекер қобалжыдым, өйткені клиент хабарласып, ешқашан мұндай дәмді суши жемегенін айтты. Кейін әзірбайжандыққа тұрмысқа шығып, маған бір жылға тіркелім берді. Осылайша өз бизнесімді тіркедім.


Менің клиенттерім — негізінен енді дос болып, араласатын Қазақстанның азаматтары.

Бизнестің арқасында адамдармен тез тіл табысуды үйрендім, бұрын ешқашан ұжымда жұмыс істеген емеспін. Өйткені адамдардың мінез-құлықтары, жұмысқа келетін көңіл-күйлері әртүрлі болады. Сондай-ақ, көсбасшы болуды үйрендім.

Біз кәдімгі жеткізуден ары қарай дамыдық, сондықтан 15-20 күннен кейін шағын дәмхана ашқалы жатырмыз


Біз кәдімгі жеткізуден ары қарай дамыдық, сондықтан 15-20 күннен кейін шағын дәмхана ашқалы жатырмыз. Бұл орын таңдаудан бастап, қызметкерлерді жалдау және клиенттермен жанды араласуға дейін мен үшін жаңа тәжірибе. Тағы біз Әзірбайжанның басқа қалаларында да филиал ашқымыз келеді.

Бұл жерде өз ісіңді бастау қиын деп ойлап, сенбеген адамдарға дәлелдегеніме қуаныштымын. Өзіңе сеніп, барлығын заң бойынша жасасаң, қолжетімсіз нәрсе болмайды.



Жанат Жүнісов, 37 жаста, туған жері — Қарағанды, рұқсат және шектеу жүйесінің қауіпсіздігі


Әзібайжанға барған ең бірінші іссапарым 2014 жылы болды. Біздің компания Қазақстан және Ресейдің Сібір бөлігінде VIZIT сауда марка домофондарының ресми дистрибьюторлары. Өткен жылы қарашада біздің қазақстандық өкілдікке 10 жыл толды, ал ресейлік компанияға биыл 30-қыркүйекте 10 жыл толады.

39748491_1856632707766087_2055476892944826368_n.jpg

Осылайша төрт жыл бойы Бакуда домофон сатумен, монтажбен және қызмет көрсетумен айналысып келеміз.

Бакуда ұрлықпен қиындықтар туындамайды, Астанадағыдай суықтар жоқ және жастар кіреберісте отырып, ластамайды. Бірақ Әзірбайжан нарығы 60% әлі де бос. Ал осы жылдан реновация басталды, ескі бес қабатты үйлерді бұзып, бірден жаңа үйлер салып жатыр. Баку — үлкен қала, ресми түрде мында екі миллион адам тұрады, бірақ шын мәнінде тұрғындардың саны көбірек. Сондықтан жұмыстың соңы жоқ, бірақ өз ерекшеліктері мен қиындықтары бар.

39742506_1019820911522338_6646173870053130240_n.jpg

Әзірбайжандағы жұмыс күтілетін мерзім екіге, ал бюджет үшке көбейтілуімен ерекшеленеді. Өйткені адамдар мында «иә» деп айтса да, іске асырулары бірнеше айға созылуы мүмкін.

Әзірбайжандағы жұмыс күтілетін мерзім екіге, ал бюджет үшке көбейтілуімен ерекшеленеді


Компанияға құжат рәсімдеумен ешқандай қиындықтар болған жоқ. Оларда ХҚКО секілді қызмет бар, бірақ ол Әзірбайжан Респуликасы Президентінің жанындағы ASAN қызметі деп аталады. Қызмет көрсету жоғары деңгейде, таңғы оннан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Ал егер сенің шетелдік екеніңді көрсе, қиындық туындамас үшін бөлек терезеге апарады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.