Біз түрлі нұсқаларды зерттеп, зерделеп жатырмыз, ал immigrantinvest.comәріптестерііміз өз тізімдерін ұсынады.
Елдер төмендегі үш параметр бойынша бағаланды:
— өмір сүру деңгейі — иммигранттардың қоғамға бейімделу, қауіпсіздік және мәдени даму мүмкіндігі
— экономика — қызметтік өсу, бизнес жағдайлары және жұмыссыздық деңгейі
— отбасы үшін жайлылығы— медицина мен білім алу мүмкіндігі.
Сингапур
ЕлIMD Swiss Business School экономикалық бәсекеге қабілеттілік индексі, Wall Street Journal және Heritage Foundation экономикалық еркіндік индексі бойынша көш бастап тұр. Сингапур сонымен қатар Expat Explorer рейтингінде бәсекеге қабілеттілік, жалақы және бизнес жағдайлары бойынша екінші орында.
Мұнда Қытай, АҚШ, Жапония, Индонезия, Малайзия сияқты елдерде тәжірибесі бар инженерлер, дәрігерлер, шет тілі мұғалімдері мен IT мамандары көп сұранысқа ие.
Канада
US News & World Report журналының өмір сүру сапасы бойынша елдер рейтингіндегі жоғарыда. Сондай-ақ зерттеушілер Канадада медицина мен білімнің жоғары деңгейі, әйелдердің қауіпсіздігі, экономикалық тұрақтылық және балаларды тәрбиелеуге жағдай жасалғанын атап өтті. Канада әл-ауқат, тұрғын үй және жұмысқа орналасу бойынша жақсы ұпай жинады.
Канада бизнес жүргізу үшін ең жақсы елдердің бірі болып саналады, сонымен қатар сіз мұнда инвестиция арқылы азаматтық ала аласыз. Шарт бойынша инвестордың бүкіл отбасы азаматтық алады.
Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландия шетелдіктер үшін ең қолайлы үш елдің бірі. Экспаттар жергілікті тұрғындардың мейірімділігін және елдегі экономикалық тұрақтылық, мәдениет пен экология сияқты өмір сүрудің жағымды жақтарын атап өтті. Ел Wall Street Journal және Heritage Foundation ұйымының экономикалық еркіндік индексінде екінші және халықаралық салықтық бәсекеге қабілеттілік индексінде үшінші орында.
Жаңа Зеландияда туризм, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, орман шаруашылығы және білім беру салаларының мамандары сұранысқа ие.
Германия
Германияда тұрудың артықшылықтарының қатарында үлкен жалақы, жоғары сапалы білім және ең көп орыс диаспорасы бар. Әлемнің 500 үздік университетінің рейтингіне елдегі 47 университет енді. Елде шетелдіктердің қоғамға араласуын жеңілдететін қолданыстағы заң да бар.
Сонымен қатар, Германия өмір сапасы бойынша US News & World Report рейтингінде төртінші және Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде алтыншы орында.
Люксембург
Бизнесті дамыту шарттары бойынша US News & World Report рейтингінде №1 орын. Люксембургте компанияларды тіркеу, лицензия алу және банктік қызмет көрсетудің ең қолайлы ережелері қалыптасқан. Ел халықаралық салықтық бәсекеге қабілеттілік индексінде де бесінші орынды иеленді.
Елде жұмыс істеудің артықшылықтарынан: Көк карта – жоғары білікті шетелдік мамандар үшін тұруға рұқсат алу.
Испания
Еуропалық Одақтағы бесінші ірі экономикасы бар ел, сондықтан кәсіпкерлік үшін тамаша алаң болып табылады. Сондай-ақ Испанияда сіз бизнеске, жылжымайтын мүлікке, облигацияларға немесе депозитке инвестиция салу арқылы тұруға рұқсат ала аласыз.
Сауалнамаға қатысушылар климат пен мәдениетті олардың денсаулығына оң әсер ететін өмір сүрудің пайдасы ретінде атады. Елде тұрғын үй жағдайы, өмір сүру ұзақтығы, білім және медицина деңгейі бойынша да жақсы көрсеткіштер бар. Expat Explorer Испанияны тұрақты тұру үшін ең жақсы бесінші ел деп атады.
Финляндия
Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлемдік бақыт туралы есебінде ең бақытты адамдар тұратын ел ретінде бірінші орында. Финляндия төртінші жыл қатарынан индекстегі көшбасшылығын сақтап келеді. Рейтинг өмір сүру ұзақтығы, сыбайлас жемқорлыққа көзқарас, бір адамға шаққандағы жалпы ішкі өнім, азаматтардың әлеуметтік қолдауы мен бостандығы сияқты факторлар негізінде құрастырылған.
Финляндия сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау сапасы бойынша Legatum Institute Prosperity рейтингінде ең дамыған бес елдің қатарына кіреді.