facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ba-lan-ayazbaev-zh-ne-lana-dikanchieva-b-g-nde-ber-k-otbasylar-sirek-kezdeset-n-zh-yt-b-ra-b-z-20-zhyl-b-rgem-z
logo
Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Бағлан Аязбаев, 43 жаста, туған қаласы — Алматы, кәсіпкер

Лана Диканчиева, 41 жаста, туған қаласы — Алматы, мұғалім, @lana_dikanchieva

04.08.2019

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»


Біз жайында


Лана. Біз 22 жыл бұрын таныстық. Күн ара араласатынбыз – жүйелі түрде кездесіп, күн сайын хабарласып тұрдық, көп әңгімелестік – қызықты болатын. Ұрысқанымыз есімде жоқ. Бірінші рет жарты жылдан кейін ұрыстық.

Біз екі жыл кездестік, бірақ қазірде көп уақыт күтпеу керектігін түсініп жатырмыз. Оған тұрмысқа шығуға дайын екенімді бірден түсіндім. Бірақ ата-аналарымыз «университетті бітіргеннен кейін ғана той болады» деген қатал талап қойды.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Бағлан көктемде ұсыныс жасады, жүзік пен білезік сыйлады. Мен тойды күзде, сары және қызыл жапырақтар кезінде өткізуді және менің ашық көйлекте болғанымды қаладым. Сол себепті тойды 2 қазан күні өткіздік.

Біз 1999 жылы үйлендік – отбасымыз 20 жыл бұрын құрылды.

Біз ата-аналарымызбен ресми түрде танысқан жоқпыз. Бірақ ол 8 Наурыз күні досымен және шоқ гүлімен келіп, анамнан мені Қапшағайға жіберуін сұрағаны есімде. Ал анам: «Біріншіден, гүлді маған емес, Ланаға сыйлау керек. Екіншідін – жоқ» деді. Олар осылайша танысты.


Алматы жайында


Бағлан. Мен Қарағандыда тудым, бірақ Алматыда өстім. Біз әртүрлі қалаларда тұрып көрдік, бірақ Алматы – бұл өзіндік табиғаты мен атмосферасы бар бірегей қала. Алматы адамдарға ықпал етеді, оларды өзгертеді, ерекше сипат сыйлайды. Қаланың бір мәселесі – экология.

Біздің отбасымыз берік


Лана. Мен Алматының жанында туып өстім. Бұл Құдай бере салған, жер жүзіндегі үздік қала. Мен тауларды, даланы, арықтарды, бақтарды, Талғарды, Қаскеленді, Медеуді. Таусамалды, жоғары Қалақманды, барахолканы, төменгі Саяхатты – осындағы барлық жерлерді ұнатамын.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Менің сүйікті жерім – Абай даңғылы. Біз сол жерде көп серуендейміз.

Бағлан. Оған қоса маған Панфилов көшесі ұнайды. Қаланың маңы – таулар, Алмаарасан ұнайды.

Алматыдағы ең басты нәрсе – көңіл-күй. Бұл қалада мұңға бату қиын. Босаңсып, араласып, шәй ішуге болады. Барлығы жақсы және уайымсыз өтеді.

Лана. Алматыда достарымыз көп. Біз оларға кез-келген кезде бара аламыз. Шын көңілден отырып, әңгімелесеміз.


Отбасы жайында


Лана. Біздің отбасымыз берік. Бізге келетін барлық адамдар физикалық және моральдық тұрғыдан дамиды.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Бағлан. Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз. Төрт баламыз бар: 4 жаста 7, 11 және 17 жаста.

Кейбіреулер отбасымызды және әдеттерімізді оғаш деп санайды. Біз әрқашан ойланып-толғанамыз, сұрақтарымызға жауаптар және жаңа тәжірибе іздейміз.

Лана. Бізде еркіндік жеткілікті орын алады, әрбіреуі өз пікірін айту мүмкіндігіне ие. Біз әрбір адамның талабын білеміз және барлығы бақытты болуы үшін, оларды орындауға тырысамыз.

Бағлан. Біздің балаларымыз әртүрлі. Үлкен қызымыз Айя көшбасшы қасиеттерін танытады, айналасына адамдар жинайды. Интеллектісі, интуициясы дамыған.

Екінші баламыз – Еділ, 11 жаста. Ол мейірімді, рухани жағынан бай, жауапты, сезімтал. Қамқоршы, бірақ көпшіл емес.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Лана. Үшінші қызымыз Айлани қызықты. Эмоциялары алуан түрлі, рухы мықты, ойлауы ерекше.

Едіге 4 жаста. Осы уақыт аралығында болмаған жері жоқ. Бұл оның өміріндегі ең қызықты кезең.

Бағлан. Ешқандай маңызды оқиғалар онсыз өтпеуі тиіс. Әйтпесе көңілі қатты түседі. Оны барлығы құрметтеуі тиіс.

Біз бірге көп уақыт өткіземіз. Қазірде мен үйде жұмыс істеймін, бөлмеден бес минутқа шықсам – бұны бірден байқайды. Су құйып, ойнау керек, қызықты жаңалықты тыңдау керек.

Демалыс күндері барлығы сеурендеген кезде, біз көп әңгімелесеміз. Дүйсенбі немесе сейсенбі күндері адамдар аз болған кезде, серуендейміз. Балалар самокаттар, үстел ойындары, саябақтағы серуендер сияқты белсенді демалысты жақсы көреді.

Лана. Біз балаларымызды сауда орталықтарына немесе ойын-сауық саябақтарға апармаймыз. Туған күндерді үйде тойлаймыз. Бірге тамақ әзірлеп, бірге тамақтанамыз.

Тәрбие барысында балаларымыздың саналы болғандарына көңіл бөлеміз. Біз үшін адамгершілік тәрибесі маңызды.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Бағлан. Басты қағидаларымыз – адалдық, тең құқықтық, қолдау. Шындыққа, жомартыққа, әділеттілікке уақыт бөлеміз.

Лана. Балаларды барлық нәрселерге үйрету керек. Алдымен өмірге, бақытқа, махаббатқа, құрметке, серіктестікке үйрету керек.

Біз барлығымыз жақсы болуды қалаймыз, сол себепті бір-біріміздің жақсы ниеттерімізді көре білу керек. Балалар қажет болған жағдайда, негативті эмоцияларды таңдауға құқылы. Оларда кінәлік немесе ұялу сезімі болмауы керек.

Басты қағидаларымыз – адалдық, тең құқықтық, қолдау


Біздің балаларымыз еркін өмір сүреді, олар сау, бақытты және түсініктері бар. Оларға даму үшін ештеңе кедергі болмайды. Ол үшін жағдайлар жасаймыз, бақылаймыз, қолдаймыз және басқалардан немен ерекшеленетіндерін байқаймыз.

Бағлан. Бұның өзінде өзіміз де саналы болып, дамығанымыз маңызды. Сол кезде балалар сенен үлгі алады және оларға өсиет айтудың қажеті болмайды.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Мәселелерді талқылаған кезде, балаларымызды қатыстырамыз. Олардан ақыл сұрай аламыз. Үлкен қызымыз дұрыс нәрселер айтады, бізге көмектеседі.

Қағидалар маңызды, бірақ біз әрдайым ойланып, толғанамыз, шешімдер іздейміз, себебі балалар өзгереді, дамиды. Олармен бірге дамып, бейімделіп, кеңесу керек.


Қазіргі сәттегі рухының күйі


Лана. Табандылық, батылдық, ойлануға және дамуға ұмтылу. Жазға қарамастан, рухымыз жігерлі күйде. Біз жұмыс істейміз, балалармен жаңа жобалар жасап шығарамыз.

Бағлан. Жағымды толғаныс күйін кешіп жатырмын. Өміріміз белсенді, жоспарларымыз көп. Жаңа нәрселерді қалаймыз, жайлы зонадан шығып, көкжиегімізді кеңейтуге тырысамыз. Ал жаңа жобалар – бұл әрқашан белгісіздік зонасы. Жайсыздық – бұл қалыпты жәйт. Мен үйде отыруды қаламаймын.

Бағлан Аязбаев және Лана Диканчиева: «Бүгінде берік отбасылар – сирек кездесетін жәйт, бірақ біз 20 жыл біргеміз»

Лана. Қазірде біз Киевтеміз және жақында әр жаққа кетеміз: отбасымыз – Алматыға, ал мен Астанаға барамын. Мен елорданың рухын, желін ұнатамын. Маған жалғыз болатыным және уақытты өзіме бөлетінім ұнайды.

Ішімнен әрдайым қуаныш күйінде жүремін. Мен басқа жерде тұра алатын едім, бірақ күйеуімнің арқасында әрқашан қозғалып, жайлы зонадан шығып тұрамын.

Біз Қазақстанды, халқымызды жақсы көреміз және өзімізді көшпенді деп санаймыз.

Бағлан. Біз үшін бастысы – бір орында қатып қалмай, қозғалу, жаңа нәрселерді білу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.