Гульшат Сыдыкова, ғылым мен бақылау бөлімінің меңгерушісі
Ақмарал Кыпшакбаева, экскурсия жетекшісі
Барлығы қалай басталды
Саябақ Шымкент қаласында 1979 жылы шамамен 140 гектар жерді қамтитын қоқыс тастайтын жер орнында ашылды. Дендросаябақты аса көрнекті қоғам қайраткері – Асанбай Асқаров ашты. Осы жаққа шамамен 560-ден астам ағаш түрлерін әкеліп,отырғызды. Ағаштар Кеңес Одағының бүкіл республикаларынан жиналды.
Дендросаябақ салынған кезде,ағаштарды отырғызғанда екі маңызды критерий бойынша негізделесін: географиялық зоналары бойынша немесе өсімдіктердің жіктелуі бойынша. Сол кезде бүкілі зоналарға бөлінді: Еуропа, Қиыр Шығыс, Сібір, Қырым, Кавказ, Орта Ази я, Солтүстік Америка, Шығыс Азия. Ағаштар өзге климаттан әкелінді, бірақ өкінішке орай, кейбір түрлер жойылып кетті. Егер ,дендросаябақты салған кезде,ағаштардың жастары әр-түрлі болғанын ескерсек, қазір олардың жасы 40 жылдан асқан.
Ағаштар жайлы
Біздің өсімдіктеріміздің басым көпшілігі сәндік және дәрілік өсімдіктер. Талшын,жөке — олардың барлығы дәрілік өсімдіктер болып саналады. Шымкенттің білетін тұрғындары осы жерге келіп, оларды жинайды да,қолданады. Сонымен қоса бізге дәрілік өсімдіктерді жинауға және зерттеуге фармакадемияның өкілдері келеді.
Осы жерде қылқан жапырақты ағаштар көп. Көк шыршалар негізінде кеңес уақытында Ресейден әкелінген. Ірі қылқан жапырақты ағаштар – бұл қырымның қарағайлары.
Аллеялар жайлы
Осында бізде құрметеу Аллеясы. Оның бойында тек шынар ағаштары отырғызылған. Бұл саясатшылар мен өнерге еңбегін сіңірген қайраткелер отырғызатын ағаш. Дендросаябақ енді ғана салынған кезде,осы жердегі алғаш ағашты Асанбай Асқаров өзі отырғызған. Нұрсұлтан Назарбаев осы жерде бірнеше рет ағаш отырғызды,ал ең бірінші ағашын ол әлі президент болмаған кезде отырғызған.
Сонымен қоса түрлі елдердің президенттерінің де осы жерде өз ағаштары бар, олар ағаштарын Шымкентке іссапармен келген кезінде отырғызған. Шынар емен ағашына ұқсас, ол тамырларын жақсы тартады және биік өседі, мүмкін дәл осы себептен бұл ағашты құрмет Аллеясы үшін таңдады. Осы аллеяда өз ағаштарын Дінмұхаммед Қонаев, Сара Назарбаева, Ислам Каримов, Роза Багланова және Александ Лукашенко отырғызды.
Тағы жас жұбайлар Аллеясы бар. Бұл қалада өтетін барлық үйлену тойларының фотоссесияларының жері. Үйлену тойлары маусымында осы жерде бір уақытта 10 жас жұбайлар жүреді.
Қайта құру
2015 жылы саябақтың түгендеуі мен қайта құруы өтті. Түгендеуден кейін 200-ден астам ағаш түрлерінің қалғаны және 10 000-нан астам ағаштар есептелетіні анықталды. Бірақ қазір дендросаябақтың ғылыми қызметкерлері қалпына келтірумен айналысады ,мүмкін сол себептен ағаш түрлері 300-ге дейін өседі. Сонымен қоса дендросаябақта 3 гектар орын алатын көл бар. Ал одан әрі Президенттің резиденциясы орналасқан.
2015 жылы дендросаябақты дамыту жоспары қабылданды. Осыдан кейін шоқ қайынды жаңадан қалпына келтірді,себебі бұрын осы жақта шоқ қайын өсті, бұл жерде тіпті фильм түсірген. Ал 90-шы жылдары осы жерде қайта құру болды,су бұрқақтарын құрды. Ал осы ағаш суды жақсы көреді, сондықтан қайта құру кезінде ағаштың кейбір түрлері жойылып кетті. 2016 жылы 100-ден аса қайын отырғызды.
Егер бұрын дендросаябақтың дамуына қаржы бөлінбесе,2015 жылы дамыту жоспары есебінен қаржы бөліне бастады: біз жерсіңірілген түрлерді, катамарандарды сатып алдық,бізге жаңа техника берді. Бізге облыстық қаржыдан демеушілік көрсетеді.
Бұл жасанды көл. Бұл жерде үйректер,аққулар жүзеді. Оларды сатып алды да,сол жерге жіберді. Сонымен қоса өзенде катамаранмен серуендеуге болады.
Кіру
Кіру бағасы 21 теңге. Бұл мем лекетке төленетін 1 ҚҚС мөлшеріндегі салық. Осыны өткен жылдан бастап жасады, бұрын кіру бағасы 100 теңге болды.
Саябаққа күніне аз дегенде 1000 адам келеді. Споршылар, ардагерлер осы жерде таңғы 5-тен бастап жүгіруге шығады, себебі осы жердің ауасы таза. Және қалада ауа температурасы +50 болғанда,бізде аз болса да,салқынырақ болады,себебі осы жерде басқа атмосфера,осы жер өз микроклиматына ие.