Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының оқыту бағдарламасына жасанды интеллект бойынша міндетті курс енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордада жоғары білім және ғылым форумында айтты.
«Келешекте жасандық интелектіні меңгерген мамандар сұранысқа ие болады, ал игермегендер — жұмыс орындарынан айырылады. Сондықтан, естеріңізде болса бірінші стратегияны цифрлық сауаттылық ұғымынан бастаған едік. Барлық жерде цифрлық сауаттылық болуы керегін айттық. Өздеріңіз көргендей, бір жылда әлемде үлкен өзгерістер болды, біз енді цифрлық емес, жасанды интеллект саласында сауатты болу керегін айтып жатырмыз. Біз қазір Google компаниясымен бірлесіп, жасанды интеллект сауаттылығы жөніндегі курсты пысықтап жатырмыз», — деді Саясат Нұрбек.
Дереккөз: inform.kz