Ғазиза Еспаева, 23 жаста, туған қаласы — Алматы, кәсіпкер
Кәсібінің бастамасы
Кішкентай кезімде отбасымызда қаржылық тұрғыдан қиын кезең болды. Сол кезде менде екі ереже қалыптасты: мемлекеттік жүйеге және қаржы көрсеткішіне тәуелді болмау. Бұл ой санамда қалды және 15 жасымда мен бүкіл отбасым сияқты мемлекеттік органдарында жұмыс істемеймін деген түсінік қалыптасты.
17 жасымда мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге оқуға түстім, бірақ қайтадан дағдарыс орын алғасын, бара алмадым. Ал Еуропада тұру үшін, қаражат қажет еді. Оған қоса жақындарым алысқа кету үшін әлі кішкентаймын деп шешті. Менің теорияларым тағы да расталды, жастық шағымның максимализмінен ата-анамнан тәуелсіз боламын деп шештім. Әкем маған 5000 теңге беріп, менің олармен бірге тұрып жатқанымды, қажетті нәрселердің барлығы бар, ал қосымша шығындар үшін өзім ақша табуым керек екенін айтты.
Сол кезде киімдерді TaoBao және AliExpress арқылы тапсырыспен алу кеңге таралған. Сол себепті мен 5000 теңгеге ВКонтакте желісіндегі парақшаны және үш мойынорағышты сатып алдым, парақшаның көмегімен әрқайсысысын саттым. Мен оларды 1500 теңгеге сатып алып, үш есе қымбатқа сатып жібердім. Бұл парақшамды дамыта бастадым, көп жұмыс істедім, түнімен тапсырыстарды рәсімдеп, жақсы тауарлар іздедім. Шамамен жарты жылдан кейін күн сайын Қытайдың жеткізілімдері келе бастады.
Таңертең қоймаларға жүгіретінмін, өзімнің қаптарымды алып, оларды университетке апаратынмын. Астындағы гардеробта киімдерімді ауыстырып, сөмкелерімді қалдырып, сабаққа баратынмын. Ал оқудан кейін клиенттерге тапсырыстарын жеткізетінмін.
Бизнесті жүргізу қағидалары
Мен үнемдей бастадым. Сатқан тауар үшін түскен ақшаның барлығын бөліп отыру керек екенін түсіндім. Тамақ пен жол жүруге бағытталған күнделікті шығындарға кететін соманы айқындап алдым. Ал одан асып түсетін ақшаны сақтап немесе айналымға жіберетінмін. Осылайша мен белгілі соманы әрдайым жұмсайтынмын және табысымды қадағалай алатынмын. Бұл әлі күнге дейін қолданатын ережем.
Өткен жылы мен балалы болғандықтан, операциялық жетекшіліктен шығып кеттім. Қайтып оралғасын, осы уақыт аралығында біз айналым бойынша үш есе өскенімізді, бірақ таза шығын бойынша екі есе төмендеп қалғанымызды көрдім. Әрқашан белгілі бюджетке ие болып, қосымша шығындарды қысқарту керек деген гипотезам дәлелденді. Егер шектен шықсаң, барлығын қысқартасың және ақшаны ештеңеге салмайсың. Әйтпесе кәсіпкерлер түсімдерін көре алмайды.
19 жасымда тағы бірқатар қағидаларды қалыптастырған оқиға болды. Мен тауардың үлкен партиясына тапсырыс бердім және оны шекарада ұстап қалды. Тауарды тек екі айдан кейін босатып жіберді және ол толық жеткізілген жоқ. Мен клиенттеріме шамамен 5000 $ қарыз болдым. Менде осындай көлемдегі ақша болған жоқ, себебі сол кезде мен 1000 — 1500 $ табатынын, ал қалғанның барлығы тауар айналымына жұмсалатын. Жұмыста әрқашан сенің пайдаңды бірнеше есеге көтеріп тұратын қаржы жастығының болғаны жөн екенін түсіндім. Сонымен қатар бизнесте жұмыстың жылдамдығы маңызды орын алатынын түсіндім – мерзімдер өнімділікке қатты әсер етеді.
Мен бұл мәселеден шығу жолын іздей бастадым және өзім үшін тағы бір маңызды қағиданы қалыптастырдым – егер сіз бизнесте біреуге қарыз болсаңыз, ешқашан қолма-қол ақшамен есеп айырыспаңыз. Егер клиентке басқа шарттарды ұсынуға болса, қарыздар мен несиелерді алудың қажеті жоқ. Мысалы, мен тапсырыс берушілерге үлкен жеңілдік бойынша қарыз болған сомаға қайтадан тапсырыс беруді ұсындым. Мен өзімнің комиссиямды жартыға бөліп, клиентке жаңа киімдерді жеңілдікпен ұсындым. Нәтижесінде клиент өзі төлеген сомасына тауарын алды, ал мен минусқа кеткен жоқпын.
Егер сіз бизнесте біреуге қарыз болсаңыз, ешқашан қолма-қол ақшамен есеп айырыспаңыз
Сонымен қатар менің ойымша,егер бизнес үлкен қаражатты қажет етсе, өз ақшаңызды жұмсамағаныңыз жөн. Бұл үшін инвесторды да іздемей-ақ қоюға болады, себебі ол пайызын талап етеді. Одан да барлық таныс адамдарыңыздан аздап ақша жинауға болады. Мысалы, таныстарыңыздың тізімін жасап, олардың арасынан 5000 теңгеден бере алатын 50 адамы табылады. Олардың кейбіреуі тіпті сол ақшаны қайтадан сұрамауы да мүмкін, ал егер сұраса – ақырындап қайтарып беру қиынға соқпайды. Бұл ақшаға тәуелсіз екеніңізді түсінуге көмектеседі.
Бір кезде біз күйеуімізбен дизайнерлер үшін көрмелер ұйымдастыра бастадық, олармен көп араласып, жұмыс жасадық. Ақырындап дизайнерлердің топтамаларын жинап, тұрақты түрде сатылып тұратын өз шоу-румымызды ашуды шештік. Олар алғашқы жалдау үшін бізге алдын-ала төлеп қояды, ал біз шоу-румды екі апта ішінде ашамыз деп келістік. Барлығы келісті, себебі бізбен бұрыннан бері жұмыс істеп жатыр және біз оларға табыс табуға көмектесіп жатырмыз. Осылайша біз жеке қаражатсыз екі дүкенді аштық.
Тағы бір ереже – егер сіз бизнесте пайданы бірдей көрмесеңіз, адамдарға көмектеспей-ақ қойғаныңыз жөн болар. Біздің дизайнерлермен жасаған серіктестік қарым-қатынасымыз олар үшін әлдеқайда пайдалы болғанын түсіндім. Олардың көбісі өзінің өнімдерін жеткізе алмайды, ал біз оларды тиімді түрде жарнамалап, жақсы сатылымдар жасап отырдық. Бұның өзінде бір дүкеннен 300 000 теңге табыс табатынбыз, ал дизайнерлер екі есе табыс табатын. Сол себепті бір жыл өткен соң, біз жеке өндірісімізді ашамыз деп шештік.
Өндіріс жайында
Бізде екі тігін машинасы болды, біз маталарға қаражат жұмсап, екі тігіншіні алдық, шағын орынды жалдадық. Мен өндіріске көп ақша жұмсамауды шештім, сол себепті үлкен топтамалар жасамадым. Біз нымшаларды шығара бастадық. Бір күннің ішінде көп нымшаларды тігіп шығаруға болатын, ал түнімен біз олардың үстіне гүлдерді тігіп қоятынбыз. Өзіндік құны 1500 теңге болатын қарапайым сапалы тауар шығатын. Біз оларды өзіміздің шоу-румдарымызға шығарып қойдық, адамдар қымбат дизайнерлік киімдерді алуға келетін және қосымша тауар ретінде нымшаларды 12 000 теңгеге сатып алатын.
Екі жылдың ішінде біз өндірісімізді жөнге келтірдік. Қызметкерлердің құрамы ұлғайды, жаңа міндеттер мен мәселелер туындады. Құрылғымен танысып, оны сатып алуға тура келді.
2018 жылға орай біз өндірістің толық циклына жеттік. Толық цикл дегенде, мен аптасына бір рет келемін де, командамызбен қызықты образдарды таңдап қоямыз. Дизайнерлер олардың эскиздерін, прототиптерін және үлгілерін жасап қояды. Кейін біз маталарды, тігісті және тағы басқа ұсақ-түйектерді таңдап, бекітеміз. Мата әкелінгеннен кейін, үлгілер бойынша пішіліп, тігіледі. Содан кейін киімдер үтіктеледі, тексеріледі, қапталады және қалаларға жіберіледі. Барлық процесс – идеядан бастап дүкендердің сөрелеріне дейін тауардың жеткізілуі үш аптаны қамтиды.
Кім жылдамырақ әрекет етсе, сол көбірек табыс табады
Маркетинг, клиенттер, олардың сұранысы – бүгінде барлығы өзгеріп жатыр. Киімдерді үш аптаның ішінде жасап шығару бұрынғы кезде арман еді, ал біз соған жеттік. Қазіргі кезде бұл өзінің актуалдығын жоғалтып жатыр – кім жылдамырақ әрекет етсе, сол көбірек табыс табады. Сол себепті біздің мақсатымыз – процесті жүзеге асырудың жылдамдығын бір аптаға дейін жеткізу.
Кәсіп қалай ықпал етті
Менің ойымша, біз, алдымен киімдерді емес, эмоцияларды сатамыз. Әлемде көп нәрселер бар және ең жақсы сатылатыны – әсер.
Егер сен кәсіпкер болсаң, барлығын білуің керек – өнімінің ерекшелігі, клиенттің, бәсекелестердің ниеті, валюта бағамы және әлемде болып жатқан оқиғалар жайында хабарың болуы тиіс. Әрдайым икемделіп, оқу керек.
Кәсіпкерлік маған қаржы еркіндігін және таңдау мүмкіндігін береді.
Кәсіпкерлік маған қаржы еркіндігін және таңдау мүмкіндігін береді
Оған қоса кәсібім маған қуаныш сыйлайды. Менің штатымда 30-дан астам қызметкерлер бар, ал қашықтықта жұмыс істейтіндерді санасақ, шамамен 80-ге жетеді. Менің қызметкерлерім – менің достарым, менің айналам, менің көңіл жұбатар адамдарым. Мен айналамда мүдделес адамдардың ортасын қалыптастыруға тырысамын.
Жоспарлар жайында
Мен кәсіпкерлерді оқытатын онлайн-курстарын дайындап жатырмын.
Бұдан бөлек, біз өзіміздің косметикалық брендімізді шығаруды қалаймыз. Бірақ ол үшін көп қаражат керек, ал мен жаңа бағытқа өз қаражатымды жұмсағым келмейді. Бұл маған қуаныш пен рахат күйін сыйламайды. Сол себепті мен мүмкіндіктерді іздеу үстіндемін.