facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/e44/e444bb083525324ae5b0dd1c4e90c763.jpg
    [WIDTH] => 283
    [HEIGHT] => 443
)
aziyaly-m-skeu-reseyge-k-sh-p-zd-k-zho-ary-o-u-oryndarynda-o-yp-zhat-an-zhastar
logo
Азиялық Мәскеу: Ресейге көшіп, үздік жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастар

14.07.2020

Азиялық Мәскеу: Ресейге көшіп, үздік жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастар

Жахонгир Хайитов, 24 жаста, қаласы — Мәскеу, РХДУ студенті, «Калкон» өзбек жастар студенттік ұйымының негізін салушы және жетекшісі, @jahongir_xayitov


image-06-07-20-10-23-6.jpeg


Көшіп келуі жайында


Мен 2016 жылы Мәскеуге оқуға келдім. Шетелде оқуды армандайтынмын. Орыс мектебінде, еуропалық лицейде оқыдым, айналамдағы адамдардың барлығы орыс тілді болатын. Сол себепті мен Мәскеуге көшіп, алдыңғы қатарлы ресейлік жоғары оқу орнына түстім.

Жаңа адамдарға және жаңа жүйеге қатысты біраз қиындықтар болды. Жарты жылдай бейімделіп, жерлестерімді тауып, достарым пайда болды.

Туған-туыстарымнан алыс жерде тұруға үйренуге тура келді.

Көшіп келер алдында Мәскеудің жүйесімен жақсылап танысуға кеңес берер едім. Немесе таныс адамдарды іздестіріп қойған жөн.

Университет жайында


Мен РХДУ-ды таңдадым, себебі осында Ферғана мен Ташкенттен келген көптеген достарым оқып жатыр. РХДУ-да 1000 студенттердің астамы Өзбекстаннан келгендер. Оқуға түсер алдында барлық қажетті ақпараттан алдын-ала хабардар болдым.

image-06-07-20-10-23-7.jpeg

Мен «психолог және педагогикалық білім» бағыты бойынша шет тілдер институтының төртінші курсында оқып жатырмын. Оқуға түсу қиын болған жоқ, себебі мен орыс тілін жақсы білемін. Бірақ оқу кезінде қиындықтар болды, себебі университетке, жергілікті жүйеге бейімделу оңай болған жоқ.

Мәскеудегі өзбектер жайында


Мәскеуде Орта Азия азаматтарының ішінде өзбектердің саны көпке жетеді


Мен Өзбекстаннан келген талапкерлермен, студенттермен жұмыс істейтін студенттік бюро жобасымен айналысамын. Біз Ресейдің барлық үздік жоғары оқу орындары, қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ұсынамыз, қандай қиындықтар туындауы мүмкін екендігін, қандай нәрселерге дайын болу керектігін айтамыз. Талапкерлерге бағыт-бағдар беріп, кеңестерімізбен бөлісеміз. Біздің ұйым Өзбекстан Республикасы елшілігінің қолдауымен жұмыс істейді.

Мәскеуде Орта Азия азаматтарының ішінде өзбектердің саны көпке жетеді.

image-06-07-20-10-23-5.jpeg

Мен Мәскеудің Өзбек ынтымақтастығы ұйымының мүшесімін. Олар көптеген дәстүрлі мейрамдарды өткізеді және біз командамызбен оларға әрқашан көмектесіп жүреміз.

Сонымен қатар мен Мәскеу ұлттар үйінің мүшесімін. Сол жерде біз еріктілік қызметпен айналысамыз.

Отандастарыммен күнде араласамын. Маған күн сайын 60 адамнан жүгінеді, хабарласады, хабарламалар жазады. Адамдар әртүрлі сауалдар қояды, қиындықтарымен бөліседі, ал біз пайдалы ақпарат ұсынамыз.

Жоспарлар жайында


Мен төртінші курсты аяқтап жатырмын, магистратураға түсуге дайындалып жүрмін. Болашақта Отаныма пайдалы болу үшін өз саламда жақсы маман атануды қалаймын.



Аделина Мурадылова, 21 жаста, қаласы — Мәскеу, ММХҚИ студенті, @adelinaa.m_


image-06-07-20-10-23-2.jpeg

Көшіп келуі жайында


Мәскеуде тұрып жатқаныма төрт жыл болды. Көшіп келген кезде, қиындықтар болған жоқ. Университеттік жүйе бойынша бүкіл оқу кезеңіне жатақхана ұсынылды. Мен Қырғызстанның президенттік квотасы бойынша ММХҚИ-ға іріктеуден өткеннен кейін ғана Мәскеуге көшіп келдім. Университетке қажетті құжаттарды рәсімдедім, содан кейін маған қай жерде тұратынымды көрсетті. Сол кезде жатақханада тұру немесе тұрмау таңдауы тұрды. Мен қыздармен университеттің жанында орналасқан пәтерді жалдап тұрамын деген шешімге келдім, кейін университеттің аумағындағы жатақханаға көштім, ММХҚИ-дің аумағында тұру өте ыңғайлы.

Көшіп келгеннен кейін, әрине, қиындықтар болды. Біріншіден, осы жерде оқу ойымдағыдай оңай болған жоқ. Ресей тарихы, экономика, РФ-ның конституциялық құқығы және тағы да басқа пәндер болды. Группаластарымда қандай да бір базалық білім болса, менде ондай білім болған жоқ. Екіншіден, қыс мезгілі өте суық. Егер Мәскеуге бір жылға немесе одан да көп уақытқа барсаңыз, жылы киімдеріңізді ала барыңыз. Мәскеуде жылы киініп жүруге үйрендім.

image-06-07-20-10-23.jpeg

Мәскеудегі адамдардың турашылдығына үйренуге тура келді. Адамдарда ілтипат білдіруге уақыттары жоқ, олар өз сезімдерін немесе нені қалайтындарын турасынан айтады. Көмек қажет болып жатса, қырғыздар, қазақтар немесе Орта Азияның басқа да тұрғындары, әдетте, бірден көмекке келеді. Ал Мәскеуде көмектесуден бас тартып, көңіл бөлмей өте салатын адамдар көп. Осындай ерекшеліктерге және өз қызығушылықтарымды өзгелерден жоғары қоюға үйренуге тура келді.

Университет жайында


Жоғары сыныптарда ММХҚИ-ға оқуға түскен және оқуын сәтті аяқтаған таныстарымның әңгімелерін еститінмін. Сол кезде халықаралық қатынастар саласымен қызыға бастадым. Ал халықаралық қатынастар қызықтырған кезде, таңдау бірден ММХҚИ-ға түседі, себебі бұл оқу орынның дипломы посткеңестік кеңістікте өте бағаланады.

Бізде қырғызстандық студенттердің шағын қоғамдастығы бар


ММХҚИ-ға түсу қағидаларымның біріне айналды. Сондай-ақ мен өз күшімді байқап, бүгінде әрқайсысы мектептен алған жақсы білімінің және талпынысының арқасында осы жоғары оқу орнына бюджетке түсе алатынын дәлелдегім келді.

Мәскеудегі қырғыздар жайында


Ресейді, атап айтқанда, Мәскеуде қырғыздар көп. Олар осында білім алу үшін немесе жұмыс іздеумен келеді.

Институттың әнұранында «ММХҚИ – студенттік достықтың бастионы» делінген. Сондай-ақ «достықты соңына дейін сақтау керек» деп айтылған. Бұл жолдар ММХҚИ-дағы студенттік өмірді жақсы сипаттайды. Осында студенттерді біріктіретін іс-шаралар, кездесулер көп өткізіледі. Бұдан бөлек, ММХҚИ-да барлық дерлік ұлттардың жерлестер кеңесі қызмет етеді. Қырғызстан да солардың қатарында. Бізде қырғызстандық студенттердің шағын қоғамдастығы бар. Мен сол қоғамдастықтың мүшесімін.

image-06-07-20-10-23-1.jpeg

Қырғызстаннан келген жастармен тығыз араласамын. Олардың басым бөлігі ММХҚИ-да оқып жатыр. Оқу кезінде көп уақыт бірге өткізетінбіз: іс-шараларға, байқауларға қатысып, кинотеатрларға, көрмелерге барып жүрдік, коньки теуіп, квесттерге қатыстық. Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

Жоспарлар жайында


Менде магистратураға түсу жоспары бар. Өмірімді халықаралық қызметпен байланыстыруды қалаймын, әсіресе, мені тұрақты даму саласы қызықтырады. Қырғызстан үшін пайдалы маман болуды қалаймын.


Мари Айрапетян, 18 жаста, қаласы — Мәскеу, А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің студенті, @mari_airapetyan


image-06-07-20-10-23-3.jpeg

Көшіп келуі жайында


Мәскеуде тұрып жатқаныма бір жыл болды, Нұр-Сұлтаннан көшіп келдім. Мәскеуге жоғары білім деңгейінің себебінен оқуға түсуді шештім. Шығармашылық мамандыққа оқып жатқандықтан, бұл сала осында өте дамыған.

Көлік қозғалысына қатысты қиындықтар болды, себебі Нұр-Сұлтанда метро жоқ. Бірақ мен тез үйрендім.

Бейімделу кезеңі оңай өтті. Өткен жазда Мәскеуде емтихандарды тапсырдым және қалада бір ай болдым. Бұл күйзеліске толы кезең болды. Бірақ оқу басталғаннан кейін, мен барлық станцияларды, негізгі көшелерді біліп алдым. Жастар оңай бейімделеді деп ойлаймын.

Көшіп келердің алдында бастысы – моральдық тұрғыдан дайын болу. Сен жалғыз тұрасың, сол себепті барлық шешімдерді өзің қабылдайсың, өзіңді бағалай біліп, жеке көзқарасыңды таныта білу керек.

Университет жайында


Мен А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университетін таңдадым, себебі маған осы оқу орынды таңдауға кеңес берді. Көптеген танымал дизайнерлер осы оқу орынның түлектері болып табылады. Осында түскеніме еш өкінбеймін, себебі бұл шынымен де мықты жоғары оқу орны.

Оқуға түскен кезде, осында Қазақстаннан келген студенттерді жақсы көреді деп айтқан


«Костюм және аксессуарлар дизайнері» мамандығы бойынша оқып жатырмын. Адамда мақсат болған кезде, ол әрқашан соған қол жеткізеді. Мен оқуға түсер алдында екі жыл дайындалдым, себебі сурет пен композицияны тапсырып, өз ісіңе деген сенімділікті көрсету қажет болды. Мен тырыстым, дайындалдым және оқуға түстім.

Мәскеудегі қазақтар жайында

Мәскеуде қазақтар көп. Оқуға түскен кезде, осында Қазақстаннан келген студенттерді жақсы көреді деп айтқаны өте жағымды болды.

image-06-07-20-10-23-4.jpeg

Өкінішке орай, мен қоғамдастықтарға енген жоқпын, себебі менің оқу орнымда Қазақстаннан келген студенттер аз. Кейбір жоғары оқу орындарында сондай қоғамдастықтар бар екенін білемін. Екінші курстан бастап бұл жайында көбірек білгім келеді.

Сыныптастарымның көбісі Мәскеуге оқуға түсті. Бірақ біз көп араласпаймыз, себебі Мәскеу – үлкен мегаполис, алдын ала келісіп кездесу керек. Ал мен толықтай оқуға кірісіп кеттім.

Біз бір-бірімізге моральдық тұрғыдан көмектесіп жүрдік. Қиындықтар болған кезде, араласып, көмектесетінбіз.

Жоспарлар жайында


Жоғары оқу орнын жақсы аяқтап, магистратураға түсу жоспарым бар. Кейін жақсы жұмыс тауып, Қазақстанмен бірлескен жобалар жасап шығаруды қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Халықаралық жетістіктері бар Қазақстандық 9 ғалым
Халықаралық жетістіктері бар Қазақстандық 9 ғалым
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
10 белгілі қазақ жазушысы мен ақындары
10 белгілі қазақ жазушысы мен ақындары
Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер
Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары