facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/iblock/5ba/5ba00d943763f368c9a83f3f7cbc1f82.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 415
)
aziyaly-m-skeu-otandastarymyzdy-m-skeuge-k-sh-p-it-salasynda-mansap-ruy-zhayynda
logo
Азиялық Мәскеу. Отандастарымыздың Мәскеуге көшіп, IT саласында мансап құруы жайында

19.07.2020

Азиялық Мәскеу. Отандастарымыздың Мәскеуге көшіп, IT саласында мансап құруы жайында

Аружан Сайлау, 22 жаста, қаласы — Мәскеу, дизайнер, @wyitm

Аружан Сайлау.JPG

Көшуі жайында


«Яндекс» компаниясында жұмыс істеу үшін өткен жылдың маусым айында Мәскеуге көшіп келдім.

Көшкен кезде, қиындықтар туындаған жоқ, себебі компания релокациялық пакет ұсынды: әуе билеттерінің ақысын төлеп, баспана табуға көмектесті. Қазақстандықтарға жұмыс істеуге рұқсат қажет емес, пәтердің мекенжайы бойынша тіркеуге келісетін жалға берушіні табу қиын болды.

Мәскеудегі өмірге тез үйрендім. Мәдениеттегі ерекшеліктер аса сезілмейді, барлық адамдар өзіме таныс тілде сөйлеседі. Дегенмен жаңа қалаға, осында жалғыз тұратыныңа үйрену керек. Уақыт өте бұған да үйренуге болады, жаңа таныстар пайда болады.

казахи в Москве.JPG

Қазіргі заманда басқа жаққа көшіп кету өте оңай. Тек жаңа қалада жаңа өмір бастайтыныңа моральдық тұрғыдан дайын болу керек.

Мәскеудегі қазақтар жайында


Мәскеуде қазақтар мен қазақстандықтар көп. Әлеуметтік желілерде отандастар қауымдастықтары бар екенін білемін, бірақ ешқайсысында мүше емеспін.
Менің көршім – Қазақстаннан келген қыз, екеуміз «Яндексте» жұмыс істейміз. Әріптестерімнің көбісі Мәскеуге әртүрлі елдер мен қалалардан көшіп келген азаматтар.


Қызметі жайында


Мен IT саласында «ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша білім алдым. Бүгінде «Яндекс» компаниясында дизайнер болып жұмыс істеймін.

Мәскеуде IT мамандарына деген сұраныс жоғары

Жұмысқа орналасу кезеңі әдеттен тыс форматта өтті. Сәуір айында «Яндекстің» воркшопына қатыстым, содан кейін маусым айында мені тағылымдамадан өтуге шақырды. Ал қазан айында жұмыс ұсынды.

Аружан.jpg

Бұл даму үшін жақсы мүмкіндік. IT — қарқынды түрде дамып жатқан, болашағы бар сала. Сонымен қатар бұл сала әрдайым қызықты жұмыстар мен жобаларға толы. Мәскеуде IT мамандарына деген сұраныс жоғары. Осы қалада IT бойынша алдыңғы қатарлы компаниялар орналасқан, даму үшін жақсы мүмкіндіктер ұсынылады.

Жоспарлар жайында


Мен бір жерге байланып отыруды қаламаймын. Әртүрлі елдерде тұрып, әлемдегі кез келген түкпірінен жұмыс істегім келеді.



Дильшод Алиматов, 36 жаста, қаласы — Мәскеу, Ux/Ui Designer, @thedilik


Дильшод Алиматов.jpeg

Көшуі жайында

Мен 2006 жылы Тәжікстанда Технологиялық университеттің Худжанд филиалын бітірдім. Кейін кәсіби қызметімді жалғастыру үшін Мәскеуге көшіп кеттім.

Мәскеу — кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндіктер ұсынатын қала. Бастапқы кезде әр адам жаңа ортаға бейімделу кезеңінен өтеді. Қиындықтарсыз болмайды, бірақ олардың барлығын еңсере білу керек.

таджики в Москве.jpeg

Маған қиын болған жоқ, себебі Мәскеуде таныстарым және туыстарым көп. Бір-бірімізбен жақсы араласып, кеңесеміз, өмірлік тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Дегенмен жергілікті өмір ырғағына, мәдениетке үйренуге тура келеді.

Көшкен кезде, нақты мақсаттардың болуы және нені қалайтыныңды білу маңызды. Сондай-ақ бастапқы капиталдың болғаны жөн.

Мәскеудегі тәжіктер жайында


Таныстарымның арасында Мәскеуде көптен бері тұратын отбасылар бар. Біз жақсы араласамыз, бір-бірімізге қолдау көрсетіп жүреміз.

Отандастарымның қауымдастықтарында мүше емеспін, бірақ жақында «Отанға көмек» акциясына қатыстым.

Қызметі жайында


Менің алғашқы қызметім – автокөлік бөлшектерін Еуропадан жеткізетін компанияның сату жөніндегі менеджері. Компанияда жеке сайт ашу қажеттілігі туындаған кезде, бұл міндетті өзіме алдым. Осылайша IT саласындағы мансабым басталды.

Мәскеуде, әлемнің кез-келген дамыған мегаполисіндегідей, IT-мамандар жоғары бағаланады


Мен көп жылдар бойы «М.Видео», «Эльдорадо», «Технопарк», BORK сияқты ірі компанияларда жұмыс істедім. Бұл уақыт ішінде жақсы тәжірибе жинап, IT саласына деген кәсіби көзқарасымды қалыптастырдым. Соның арқасында «Техносила», Coral Travel Henderson, SAMSUNG сияқты көптеген әйгілі компанияларымен жұмыс жасаған жеке веб-студиямды аштым. Бүгінде Ресейдегі ірі банктердің бірі – «Сбербанкте» өнімді дизайнер қызметін атқарамын.

Дильшод.jpeg

Мені әрқашан жаңа технологиялар қызықтыратын, ал бүгінде кез келген қызмет digital форматына ауысып жатыр. Мәскеуде, әлемнің кез-келген дамыған мегаполисіндегідей, IT-мамандар жоғары бағаланады.

Сондай-ақ мен кәсіби музыкантпын, Тәжікстанда музыкалық тобым да болған.

Жоспарлар жайында


Жоспарымда көптеген міндеттер мен жобалар бар. Басты жоспарым – жас IT мамандарына арналған білім беру платформасын жасап шығару.



Искендер Субанов, 25 жаста, қаласы — Мәскеу, маркетолог, @iskender.subanov


Искендер Субанов.jpeg

Көшуі жайында


Мен 2017 жылдың наурыз айынан бастап Мәскеуде тұрып жатырмын. Біліктілігімді арттыру үшін осында келдім. Мәскеу – ТМД-дағы IT орталығы.

Көшіп келген кезде, қиындықтар болған жоқ. Маған туған ағаларым көмектесті, сол себепті барлығы оңай өтті. Мәскеуге көшіп келер алдында бес жыл Қытайда тұрдым. Сол жердің өмір салты мүлдем басқа еді. Ал осында өзімді Отанымда жүргендей сезінемін.

Мәскеуде тәртіп пен жуапкершіліктің не екенін түсіндім. Осында әрдайым жаңа нәрселерге үйреніп, талапты, шыдамды болу қажет.

Көшіп келер алдында шынымен де Мәскеуде тұруды қалайтыныңа сенімді болу керек. Бұл қала біраз уақытқа ғана келетін адамдарды ұнатпайды. Осында тұрып жатқан таныстарыңыз болса, солардан кеңес сұрап, көшіп келетініңіз туралы хабарлап қойыңыз – бастапқы кезде көмек керек болып қалар.

Мәскеудегі қырғыздар жайында

Мәскеуде көп қырғыздар тұрады. Күн сайын қаланың кез келген жерінде отандасымды кездестіре аламын.

Искендер.jpeg

Мен ешбір қауымдастықтың мүшесі емеспін, бірақ көптеген отандастарыммен араласамын. Мәскеуде қырғыз достарым көп. Олардың кейбіреулері – бизнес жөніндегі серіктестерім. Қажет болған жағдайда, бір-бірімізге көмектесеміз.

Қызметі жайында


Мен Қытайда оқыған кезде, аудармашы болып қосымша жұмыс істедім, қызметім ақырындап бизнеске ұласты. Бірақ 2014 жылы доллардың өсуінен банкроттыққа ұшырадым және сол кезде маркетинг саласында аса тәжірибелі болған жоқпын. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Бішкекке оралдым. Тәжірибелі маркетологпен таныстым. Ол маған сайттар жасауды үйретті.

IT саласында бизнеспен айналысамын

Мәскеуге көшіп келгеннен кейін, мен жапондық мейрамханада аспаз қызметін атқардым. Бұл қиын, бірақ көңілді жұмыс болды.

Бүгінде IT саласында бизнеспен айналысамын. Бір жылдың ішінде бизнес процестерді автоматтандыруды үйрендім. Қытайлық кәсіпкерлермен жұмыс жасаймын, олардың бизнестерін офлайн форматынан онлайнға ауыстыруға көмектесемін.

Бизнес ашу оңай болған жоқ. Бірақ бастысы – өз салаңда жақсы маман болу.

кыргызы в Москве_1.jpeg

Бүгінде бизнесті автоматтандырылған қызметтерсіз елестету қиын, сол себепті IT саласындағы жұмыс жоғары сұранысқа ие. Нарық жоғары білікті мамандарды қажет етеді.

Жоспарлар жайында


Біз B2B саласында ірі маркетплейсті жасап шығарумен айналысып жатырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.