facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/70f/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/70fcc1e0b207b3fc8a9e6aefd16a5cda.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aziyaly-m-skeu-etnikaly-aza-tar-men-yr-yzdardy-reseydeg-m-r
logo
Азиялық Мәскеу. Этникалық қазақтар мен қырғыздардың Ресейдегі өмірі

01.08.2020

Азиялық Мәскеу. Этникалық қазақтар мен қырғыздардың Ресейдегі өмірі

Арман Мусин, 29 жаста, қаласы — Мәскеу, заңгер, vk.com


Арман.jpg


Көшуі жайында


Мен Екатеринбург қаласында тудым, сол жерде жоғары заңгерлік білім алдым. Екі жыл бұрын Мәскеуге жұмыс істеу үшін көшіп келдім.

Мәскеудегі өмірге бейімделу қиын болған жоқ, себебі осында басқа мегаполистен келдім. Екатеринбургтегі өмір астанадағы өмірден аса ерекшеленбейді. Бірақ жергілікті өмір ырғағына үйрену, басқа да мәселелерді жеңіп шығу барлығының қолынан келе бермейтінін түсіну керек.

Қызметі жайында

Екатеринбургта «ВСК» сақтандыру компаниясында заңгер болып жұмыс істедім. Аз уақыт ішінде жақсы нәтижелерге қолжеткізе алдым. Сол себепті мені Мәскеудегі бас кеңседегі жұмысқа шақырды.

Арман Мусин.jpg

Компанияда сақтандырудың ерекше түрлеріне толық заңгерлік қолдау көрсету, атап айтқанда, азаматтық, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру бағыты үшін жауап беремін. Сондай-ақ, бүгінгі таңда әріптестеріммен бірлесіп, киберсақтандыру бойынша жобаларды және интернет-алаңдармен әртүрлі ықпалдасу жұмыстарын белсенді түрде іске асырып жатырмыз.

Мәскеуде кез келген салада даму мүмкіндіктері көп


Мәскеуде кез келген салада даму мүмкіндіктері көп.

Мәскеудегі қазақтар жайында


Мәскеуде шамамен 20-30 мың қазақ тұрады. Жергілікті қазақтар көп емес, негізінен Ресей мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келгендер.

казахи Москва.jpg

Қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті және тілі сақталады деп айта алмаймын. Әсіресе, Мәскеудегі жастар қазақ тілі мен салт-дәстүрлерін ұстана бермейді, бірақ ұстануға тырысатын жастар да бар.

Ресейде туып өскеніме қарамастан, ұлтым – қазақ. Тарихи отанымда жиі болмаймын, бірақ мүмкіндігімше барып тұруға тырысамын.

Жоспарлар жайында

Астанада кәсіби маман ретінде дамып жетілу.


Нұрсұлтан Абдуллаев, 28 жаста, қаласы — Мәскеу, іс-шаралардың жүргізушісі, диктор, @nurs_vegas1


Нурсултан Абдуллаев.jpg


Көшуі жайында


Мен Қырғызстанда тудым, бірақ екі жасымда ата-анам Мәскеуге көшіп кетті. Сол себепті менің бар өмірім – балабақша, мектеп, университет, жұмыс Мәскеуде өтуде.


Ресейлік азаматтығым бар, бірақ ұлтым қырғыз екенін жасырмаймын және қырғыз тілінде сөйлеймін.


Қызметі жайында


Білімім бойынша инженер-бағдарламашымын, бірақ студенттік кезімнен іс шараларды жүргіземін. Клубтағы сауық кештерден бастадым, бірақ кейін бұл қызметім жалықтырып жіберді. Бизнеспен айналыстым: мейрамханалар мен клубтар аштым.


Бүгінде кәсіби түрде мәдени және спорттық, сондай-ақ мерекелік іс-шараларды жүргіземін, ММА күрескерлерін хабарлаймын.


Нурсултан.jpg


Мәскеу — мүмкіндіктердің қаласы. Осында өзімді жайлы сезінемін. Бірнеше бизнес жобаларды іске асыруды жоспарлаймын.


Мәскеудегі қырғыздар жайында


Мәскеуде көп қырғыздар тұрады. Оларды сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, көзқарасы бойынша тануға болады. Негізінен, көбісі көшіп келгендер. Ал Ресейде туған қырғыздар отандастарының іс-шараларына қатыса бермейді, жергілікті халықпен араласады.

Мәскеуде қырғыздардың үлкен диаспорасы бар, бірақ олар ұйымшыл емес. Қырғыздар осында да облыстары, ауылдары, туған жылдары, қызмет түрлері бойынша бөлінеді. Мысалы, мейрамхана ашқан кәсіпкерлердің қауымдастығы, такси жүргізушілерінің ұйымдастығы бар. Бұл қауымдастықтар әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Қырғыз клубтарында сауық кештер өткізіледі. Көмек көрсету үшін қаражат жинайтын адамдар да бар. Бұрын мен іс-шараларға ұйымдастырушы, көмекші ретінде қатысып жүретінмін. Қазірде жүргізуші, медиа өкілі ретінде қатысамын.

Мәскеуде спортшы ырғағымен өмір сүресің, ал Қырғызстандағы өмір байсалды өтеді


Мен салт-дәстүрлерді құрметтеймін, бірақ олардың кейбіреулерін құптамаймын. Менің ойымша, бұл дамып жетілуге, алға қарай жылжуға кедергі келтіреді. Әсіресе Мәскеуде жергілікті ережелер мен өмір салтын құрметтеп, заманауи ырғақта әрекет етіп, мықтырақ, ақылдырақ болу қажет.


кыргызы в Москве.jpg


Жоспарлар жайында


Бала кезімде Қырғызстанға жыл сайын барып тұратынбыз. Қазірде тек жұмыс бойынша баруым мүмкін. Мәскеуде спортшы ырғағымен өмір сүресің, ал Қырғызстандағы өмір байсалды өтеді. Болашақта отанымда тұруды қалаймын.

Теле және радиохабар тарату курстарынан өтіп, осы салада өзімді сынап көру, сондай-ақ қоғамдық тамақтану саласында бизнес жоспарларды іске асыру жоспарларым бар.


Асель Туралинова, 25 жаста, қаласы — Мәскеу,​ бет әрлеуші, @wowkonfetka


Асель Туралинова.jpg


Көшуі жайында


Мен Оренбург қаласында дүниеге келдім. Колледжді бітіргеннен кейін, Мәскеуге көшіп кеттім. Осында жұмыс істеп, ата-анама көмектесуді қаладым. Бастапқыда олар мені жібергілері келмеді, бірақ мен нық шешім қабылдап, 19 жасымда ірі қалаға көшіп келдім.


Мәскеуде 2014 жылдан бері тұрып жатырмын. Бастапқы кезде барлығы ойлағанымдай оңай болған жоқ. Жұмысымда бір ай жалақысыз қалып, телефонымды ұрлаған кездер де болды. Бірақ өмірімдегі кез келген қиындықты еңсеруге болады деп ойлаймын, сол себепті шағымдануды ұнатпаймын.


Мәскеу — бұл үлкен мүмкіндіктердің қаласы. Бүгінде бұл менің үйім, осы қаланы жақсы көремін.


Қызметі жайында


Бірінші жылы әртүрлі жерлерде, тығыз кестемен жұмыс істедім. Кино саласында да жұмыс істеп көрдім, клип түсірілімдеріне және Данила Козловский түскен детектив жанрындағы фильмнің түсірілімінде жұмыс істедім. Бірақ өз жолымды сұлулық индустриясында таптым.

казахи в Москве.jpg

Бастапқы кезде жалданып жұмыс істедім, ал биылғы жылдың қаңтарында жеке сұлулық салонымды аштым. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болды, бірақ пандемияға байланысты студияны жабуға тура келді. Бұдан да жақсы студия ашуды жоспарлаймын.

Сондай-ақ, қасты сәндеу кәсібін қолға алдым және қазірде осы кәсіпке қалағандарды оқытып жатырмын.

Мәскеуде даму оңай емес, себебі осында бәсекелестік көп


Мәскеуде даму оңай емес, себебі осында бәсекелестік көп. Басқаларға ұқсамай, клиенттерге жақсы қызмет көрсетіп, бастысы – сапалы нәтижелерге қолжеткізу қажет. Адамдардың қалайтын нәрселерін жүзеге асырсаңыз, олар міндетті түрде оралады.


Мәскеудегі қазақтар жайында


Мәскеуде таныс қазақтар көп. Олардың көбісі осында көшіп келгендер.


Асель.jpg


Мәскеудегі қазақтар жиі жиналады, бірақ менде жұмыстың көптігінен бұндай іс-шараларға қатысатын уақытым жоқ.


Жоспарлар жайында


Сұлулық салонын және шоу-рум ашу жоспарым бар, сондай ақ көбірек саяхаттауды қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Дизайнер фрилансерден қалай жұмыс жасауға болады: 99designs биржасымен жұмыс істеу тәжірибесі
Дизайнер фрилансерден қалай жұмыс жасауға болады: 99designs биржасымен жұмыс істеу тәжірибесі
«Әйел болып туу — үлкен бақыт», — Татьяна Митина өмірдегі қиындықтар, жеке өсуі және кәсіпкердің жолы туралы
«Әйел болып туу — үлкен бақыт», — Татьяна Митина өмірдегі қиындықтар, жеке өсуі және кәсіпкердің жолы туралы
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар
Mandarin, Lilou и Mökki. Инфлюенсерлер уақыт өткізетін 10 елордалық мейрамхана
Mandarin, Lilou и Mökki. Инфлюенсерлер уақыт өткізетін 10 елордалық мейрамхана
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: сапасыз тауарды қайтару және ақша қайтару қағидалары