Raikhan Laing, 38 жаста, туған жері — Ақтобе, Lady of leisure, @raikhan_l
Қазақстан — Ұлыбритания
Мен Батыс-Қазақстанда мұнай саласында жұмыс істедім. Сол жерде болашақ жолдасыммен таныстым. Филипп Шотландияда туды. Сондықтан екі жылдан кейін ол маған ұсыныс жасап, біз Ұлыбританияға көшу үшін қалыңдық визасын рәсімдедік.
Той Шотландияда болды. Бірақ біз бірден Лондонда тұрамыз деп шештік. Бұл қалада мүмкіндік көп. Мұнда интернационалды орта, көптеген қазақстандықтар, орыс тілді адамдар тұрады.
Көшу кезіндегі қиындықтар жайлы
Көбісі Ұлыбританияда тұруды армандайды. Мұнда өмір сүру деңгейі жоғары, экономикасы дамыған. Бірақ ыңғайлы жағдайда тұру үшін еңбек етуге тура келеді. Бұл елде жұмыс табу оңай емес. Егер еңбек етуге дайын болсаңыз, өз өміріңізді жақсы орналастырып, көп ақша таба аласыз.
Ыңғайлы жағдайда тұру үшін еңбек етуге тура келеді
Ұлыбританиядағы өмір жайлы
Бұл жердің өмір сүру стилі басқа. Тіпті супермаркеттер мен дәріханалардың жұмыс істеуі ерекше.
Әсіресе менталитетте көп айырмашылық бар. Орыс тілді адамдар тік, эмоционалды. Біз не ойлатынымызды бетке айта аламыз, әділдік үшін күресеміз. Британдықтар өзгеше. Олар ешқашан өз сезімдерін көрсетпейді. Әр адам басқа адамның жеке шекарасын бұзбайтын өзіндік кеңістік құрайды.
Жергілікті тұрғындардың ең басты қасиеті — сыпайылық. Олар басқа адамды ренжітіп алмау үшін айтатын сөздерін абайлап таңдайды. Егер сен қате сөз айтсаң, сені соттауы мүмкін. Әр сөзінді салмақтап өлшеу керек. Уәде берудің алдында оны шынымен орындай аласың ба, жоқ па соңы нақты білу керек. Бұл ережелер үйге де қатысты. Жеті жыл өтсе де, мен бұған әлі таңқаламын және білмегенімді үйренемін.
Сондай-ақ британдықтар өтірік айтқанды ұнатпайды. Шындықты айтсаң — олар саған адалдығын үшін жеңілдік жасайды.
Ерекше өмір сүру стилі жергілікті заңдарды қалыптастырады. Олар мұнда өзгеше. Мысалы, Лондонда тегін тұрақтар жоқ. Белгілі бір уақытқа ақша төлейсің. Сондықтан бір жерге барарда алдын ала әрбір секундты ойластыру керек, әйтпесе штраф аласың.
Әр салада уақыт бағаланады. Егер дәрігерге кешіксең — келесі уақытқа тек екі аптадан кейін жазылуға болады.
Ұлыбританияда медицина тегін
Ұлыбританияда медицина тегін. Ақылы емханаға бару қиын. Ол үшін алдымен өз терапевтінен жолдама алу керек. Егер ауырып қалсаңыз, парацетамол ішіп, үйде емделуіңізді сұрайды. Ал егер сырқатыңыз ауыр болса, сапалы әрі тегін емдейді.
Сондай-ақ Ұлыбританияда жұмыссыз адамдарға арналған жәрдемақы бар. Ол сомма отбасыңды асырау үшін жеткілікті.
Балалар тәрбиесі жайлы
Филипп — білімі бойынша заңгер, үлкен мұңай компаниясында бас кеңесші болып жұмыс істейді. Мен — үй шаруасындағы әйелмін. Ұлымды тәрбиелеумен айналысамын, жолдасымды күтемін, әрдайым жаңа нәрсе үйреніп отырамын. Шеберлік сағаттарға барамын, жоғары сәнді зерттеймін, бұл сала маған қызықты.
Ұлымыз екі жаста. Ол ағылшын балабақшасына барады. Түстен кейін балалар клубына барамыз. Жоспарымызда орыс тілді мектепке жазылу бар.
Ұлыбританияда балаларды тәрбиелеудің ерекше әдісі бар.
Бала — әлемнің назары емес, отбасының бір мүшесі. Оған туғаннан бастап тұлға ретінде қарайды, оның кеңістігіне құрметпен қарайды. Ұлыбританияда баланың дербестігін қолдайды, ата-ана баланың шақыруына бірден бармайды. Балаларды тосуға үйретеді, шыдамдылықты қалыптастырады.
Бала — әлемнің назары емес, отбасының бір мүшесі
Заң дәрежесінде балаға дауыс көтеруге болмайды. Ата-ана баламен бір ымыраға келеді.
Барлық үй шаруалары бірге орындалады. Балалар көмектеседі, үстел жаяды, ыдыс жуады, бөлмелерін тазалайды.
Ерекше ерекшелік — Ұлыбританияда балаға себепсіз сыйлық сыйламайды. Олар қалаған сыйлықтарын тек мереке күндері ата-әжесі мен ата-анасынан алады.
Бір күні біз балалары бар достарымызға қонаққа бардық, мен оларға сыйлық сатып алдым. Мен үшін қонаққа бос қолмен келуге болмайды. Үйдің қожайындары сыйлықтарды Рождестовға орап қоюды ұсынды — балалар келісті. Бұл мен үшін таңқаларлық болды.
Барлығын бала кезінен бастап жұмысқа үйретеді. Бізде 11 сынып оқушысы бала күтуші болып жұмыс істейді. Ол балаға қарайды және сабақтарын да орындайды. 3 сағатта 40 фунт табады.
Тәрбиелеудің мұндай әдісі маған ұнайды. Балалар тәуелсіз, тәрбиелі, тәртіпті болып өседі. Бала кезінен жауапкершілік, ақшаға және еңбекке деген құрметті біліп өседі.
Көшу қалай әсер етті
Басқа елде тұру көп нәрсеге деген көзқарасымды өзгертті. Біз интернационалды ортада тұрамыз. Маған түрлі мәдениетпен танысу, жаңа тағамдардың дәмін көру, басқа адмдардың салтын зерттеу, жаңа адамдармен танысу ұнайды.