facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yzy-memlekett-k-yzmetkerlerge-arnal-an-ba-darlama-boyynsha-korey-el-nde-o-yp-r-kompaniyada-ta-ylymdamadan-tken-zhayynda
logo
Қазақ қызы мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама бойынша Корей елінде оқып, ірі компанияда тағылымдамадан өткені жайында

11.07.2019

Сеул жайында

2014 жылы Өңірлік даму министрлігінде жұмыс істеген кезде, мен KOICA (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Корей агенттігі) бағдарламасының байқауына қатыстым – бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік қызметкерлер әртүрлі салаларда тәжірибе алмаса алады. Бағдарлама бойынша мен «Өңірлік даму» магистратурасында оқып шықтым. Оқу ағылшын тілінде өтті.

Мен University of Seoul оқу орнында оқыдым. Бізге шәкіртақы төлеп, жатақхана ұсынды. Оқу үш семестрді қамтыды. Бірінші семестрден кейін, мемлекеттік кәсіпорындарда, ірі корей компанияларында міндетті тағылымдамадан өттік. Біз құрылыс, тұрғын үй және жер қарым-қатынастары, жаңа қалалардың, инфрақұрылымдардың дамуы салалары бойынша кәрістердің тәжірибесін қабылдадық. Мен Land and Housing Corporation мемлкекеттік компанияда тағылымдамадан өттім. Біз компанияның құрылыс және тұрғын үй саласындағы жұмысын бақыладық. Өзіміз де қазақстандық тәжірибемізбен бөлістік.

Сеулға сапарым шетелге шыққан алғашқы сапарым еді. Маған табиғаты үлкен әсер етті. Күз бен көктем – мен үшін жылдың ең көрікті маусымдары. Наурыз айында сакура гүлдеген кезде, айрықша әдемі болады.

Қазақ қызы мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама бойынша Корей елінде оқып, ірі компанияда тағылымдамадан өткені жайында

Сеул — заманауилықтың және ескі салт-дәстүрлердің ықпалы орын алатын ірі мегаполис. Осында өте әдемі Кенбоккун сарай кешені бар.

Сонымен қатар Каннаму ауданы қызықты жер, ол өзінің салтанатты өмір салтымен ерекшеленеді – Psy корей рэпері әнін осында орындаған болатын. Жастар Хондэ ауданына баруды ұнатады. Осында клубтар, барлар көп – жалпы түнгі өмірі қызыққа толы. Ал Итэвон ауданында әлемнің әртүрлі тағамдары ұсынылатын мейрамханаларды табуға болады. Халал мейрамханалары да бар, сол себепті көп мұсылмандар осында келуді ұнатады.

Сеулда жергілікті адамдар демалуды жақсы көретін саябақтар көп.

Оларда көлік жүйесі дамыған. Мен метромен жүрдім, ал такси өте қымбат.

Кореяда болған кезде, бұл елдің барлық дерлік ірі қалаларында болып шықтым. Пусанда жақсы жағажайлар бар. Елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан Йосу қаласында да теңіз бар. Тэгу, Куми, Ульсан, Кенджу және тағы басқа қалаларында болдым. Бағдарламаның аясында мен көлік және кеме жасау зауыттарында, мобильді телефондардың эволюциясын көрсеткен Samsung зауытында болдым.

Қазақ қызы мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама бойынша Корей елінде оқып, ірі компанияда тағылымдамадан өткені жайында

Кореяға баратын адамдарға көбірек косметика сатып алуға кеңес берер едім. Осында оның бағасы сапасына сай келеді.

Сеулға жақын жерде қыста шаңғы тебуге, ал жазда тауларды аралауға болады. Сол жерге дейін бастапқыда метромен баратынбыз, кейін автобуспен жетіп жүрдік.

Қалада Хан өзені бар. Оның бойында көп саябақтар мен веложолдар бар. Велосипедті жалға алып, жағалау бойымен жүруге кеңес беремін – осы жерден керемет көрініс ашылады. Осында да көп дәмханалар мен мейрамханалар бар.

Тамақ жайында

Кәрістер шағын дәмханаларда тамақтануды жөн көреді. Мен тамақтың қышқыл-тәтті дәміне ұзақ уақыт үйрене алмадым. Бірақ уақыт өте корей халқының барбекюлерін ұната бастадым – шикі етті әкеледі де, оны өзіңіз қуырасыз.

Маған Корей елінде негізгі тағамнан бөлек жеңіл тамақтар, салаттар, тұздықтар және кимчи ұсынатыны ұнайды. Сонымен қатар осында теңіз өнімдерін жеп көруге кеңес беремін.

Адамдары жайында

Жергілікті адамдар қазақстандықтар сияқты сыпайы, мейірімді және қонақжай болып көрінді. Олар достарын үйге шақыруды ұнатады және қонаққа жайлы болу үшін барлығын жасауға тырысады.

Қазақ қызы мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама бойынша Корей елінде оқып, ірі компанияда тағылымдамадан өткені жайында

Кәрістер спортпен айналысуды жақсы көреді және жас болып көрінеді. Шетелдіктер әрдайым жас болудың құпиясын сұрайды – менің ойымша, бұл олардың саламатты өмір салтына байланысты. Апалар мен аталар ерте тұрып, көшелердегі жаттығу құрылғыларымен айналысады, тауға барады. Және біздің аға буын өкілдеріне қарағанда корей халқының үлкен жастағы адамдары әлдеқайда ширақ болып келеді.

Мен корей сериалдарын қарамаймын, бірақ «korean drama» жанры оларға сай – олар әсерленгіш адамдар.

Жастардың сәні ерекше, олар бір-біріне мүлдем сай келмейтін киімдерді кие алады.

Жалпы кәрістер – нағыз еңбекқор халық және олар қазіргі бар жағдайына өздерінің күшімен қол жеткізді.

Қазақ қызы мемлекеттік қызметкерлерге арналған бағдарлама бойынша Корей елінде оқып, ірі компанияда тағылымдамадан өткені жайында

Заманауи, әрі дәстүрлі Сеул қаласындағы өмірі жайында бөліскен – Мақажанова Жанна.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жеке саяхат. Орта Азиялық қыздардың тәжірибесі мен ұсынымдары
Жеке саяхат. Орта Азиялық қыздардың тәжірибесі мен ұсынымдары
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады
Қазақстандықтарға арналған Қытайға визасыз режим: қандай қалаларға бару керек және оларға қалай жетуге болады
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
2024 жылы қайда бару керек: танымал саяхат бағыттары
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар