Айман Ескараева, туған жері — Нұр-Сұлтан, заңгер, @dubai_lawyer_aiman
Қазақстан — БАӘ
Мен Қызылорда қаласында туып өстім. Қазақстанда 16 жыл заңгер болдым. BI Group және «Қазақстанның Сыртқы Сауда Палатасы» ЖШС-де жұмыс істедім.
Жолдасым Ескарев Нұрлан екеуіміздің төрт баламыз бар, бірақ бала күтімі бойынша демалыста тек бір жыл ғана болдым. Бұл уақытта екінші білім алып, тіл үйреніп, нотариусте тағылымдамадан өтіп жүріп кәсіп құрдым.
2018 жылы біз БАӘ-не көштік. Себептердің бірі: шетелде бағымызды сыңап, халықаралық ортада дамып, балаларымызға да осы мүмкіндікті беру. Кіші балаларымыз бізбен бірге тұрады. Үлкен ұлымыз 17-де, Германияда оқиды.
Көшу кезіңдегі қиындықтар
Көшу кезіңдегі ең басты қиындық — жылдам үйренісіп, өзгере алмау. Басқа ортада тек олардың мәдениеті мен менталитетін қабылдап қана қоймай, одан ләззат ала алу керек. Жаңа нәрсені үйреніп, әрдайым позитивте болу маңызды. Бұл қиын, өйткені саған ешкім бірден жолың болып кетеді деп кепілдік бере алмайды — тек өзіңе сенуің керексің.
Біздің жағдайдағы басты қиындық мұндағы уақытты жоспарлаудағы өзгешелік. Мен бірден жауап қайтаруға, көп жұмыс істеуге, өзімнен және басқалардан жауапкершілікті талап етуге үйренгенмін. Бірақ БАӘ-де жұмыс отбасы мен діннен кейінгі орында тұрады. Бұл маған түсініксіздеу болды, әріптестеріммен қарым-қатынаста қиындық тудырды.
Алғашында әріптестерім мені 17:00-де жұмыстан қуып шығатын. Сондықтан мен үйде жұмыс істеп, клиенттерді кафетерилерде қабылдайтынмын.
БАӘ өмір жайлы
БАӘ бірден жақсы көріп қалдым. Адамдардың мәдениеттілігі мен басқаға көмектесуге деген шынайы ниеттері таңқалдыратын. Танымайтын адамдар тұрмыстық қиындықтарда көмек көрсететін.
Елге жан жақтан көп адамдар келеді, бірақ барлық жерде тазалық, тәртіп, әйелдер қауымына деген құрмет бар.
Экспаттар Дубайда баспананы жалға алып тұрады. Сәйкесінше адамдарда тұрақтылық жоқ. Достар мен әріптестер поездағы уақытша жолаушылар секілді. Өз елдерінен жырақта барлығы жақындарын сағынады.
Дубайға көшіп келгендерге берер кеңесім: әр нәрседен позитив табу. Кез-келген қиындықтар — тәжірибе. Бастысы барлығы жайлы ақпаратты алдын ала білу, болашақ өміріннің барлық аспектілерін зерттеп, осы жолда тәжірибесі бар таныстарды табу және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.
Жұмыс жайлы
Өз жұмысымды, заңдарды оқып, қиындықтардың шешу жолдарын табуды жақсы көремін.
Көшіп келгенде бірнеше заң компанияларына сұхбатқа шақырту алдым. 3 айдың ішінде 20 сұхбаттан өтіп, жұмысқа тұруға 5 ұсыныс алдым. Таңдауым «Абдул Рахман Аль Шархан» компаниясына түсті.
Көшіп келгенде бірнеше заң компанияларына сұхбатқа шақырту алдым
Британдық білімі бар жергілікті заңгердің тобында жұмыс істедім. Көп оқыдым, заңдарды салыстырдым, мақалалар жаздым, оларды орыс тіліне аудардым. Бұл жоғары белсенділіктің кезеңі болды. Көп таныс пен дос таптым, конференция ұйымдастырудан алғаш тәжірибе алдым.
Жұмыс табу қиын болған жоқ. Оған дейін жақсы тәжірибем болды. Тәжірибесі, білімі және өз зерттеулері мен клиенттері бар, мен сияқты заңгерді қуана таңдады. Әлі күнге дейін жұмысқа шақыртулар түседі, өйткені кез келген компания үшін клиенттердің болуы — үлкен құндылық және артықшылық. Ал мен үшін компанияның адал және кәсіби болуы маңызды. Сондықтан әлеуетті жұмыс берушілерді мұқият зерттедім.
Заңгердің жұмысы — нәтиже мен беделге ие қызмет. Бірінші уақытта жұмысқа орналасуға ұсыныстардың, түйіндемелердің болуы және өзін-өзі көрсете білуің көмектеседі. Компанияға жаңа леп әкелетініңізді көрсету маңызды. Сіз арзан жұмыс күш иесімен бәсекелескенде халықаралық нарықта беделді дипломдар, креативтілік пен кәсіпқойлық маңызды. Сіздің машықтығыңыз тек уақыт өте келе ғана бағаланады, сондықтан бірінші күннен бастап жоғары жалақы алуға үміткер болмаңыз.
Бірінші уақытта жұмысқа орналасуға ұсыныстардың, түйіндемелердің болуы және өзін-өзі көрсете білуің көмектеседі
Қазіргі уақытта Абдулла Альсуваидидің заң фирмасының тең құқылы серіктесімін. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Дубай Сауда-Өнеркәсіп палатасы жанынан Қазақстандық бизнес кеңес құрудамын. Орталық Азия елдерінің бизнесмендерінің бастамашыл тобымен біздің өңірлерге туризмді дамыту, инвестицияларды тарту, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріндегі бизнесмендерді қолдау үшін платформа жасаймыз.
Сонымен қатар мен БАӘ-гі Халықаралық орыс тілді адвокаттар қауымдастығының өкілдігін дамыту жөніндегі директормын. Халықаралық конференциялар өткізу арқылы елдер арасында тәжірибе алмасуды қолдаймын. Мысалы, 16-17 сәуірде Дубайда заңгерлер, медиаторлар мен адвокаттарға арналған конференция өтеді.
БАӘ-гі жұмыс мәдениеті компанияға байланысты ерекшеленеді. Компания негізін қалаушылардың өңірі мен шыққан еліне байланысты сіз терең консервативті атмосфераны да, Батысқа бағытталған динамикалық компанияны да кездестіресіз.
Көшу қалай әсер етті
Дубайда жұмыс істеген екі жыл ішінде өз дамуымда үлкен қарқынды көрдім. Көптеген адамдар мен бизнесмендерге көмектестім, дамуымды жалғастырудамын. Әлем бойынша заңгерлермен байланысым, АҚШ, Венгрия, Германия, Болгария, Ресей, ТМД елдеріндегі клиенттерім пайда болды — іс жүзінде география шекаралары жойылды.
Әлемнің басқа елдерінде кейстерді үзіп, басқа континенттердің мамандарымен кооперациялаймын, мені лекциялар мен конференцияларда сөз сөйлеуге шақырады. Араб тілінде сөйлей бастадым, бірақ оны зерттеуді жалғастырамын.