Ботагоз Коман, 33 жаста, туған жері— Қызылорда, редактор, @bota_nyc
Қазақстан — АҚШ
Мен Қазақстанда, Қызылорда қаласында өстім. Штаттарда 2006 жылдан бастап тұрамын.
Бес жасымнан АҚШ-да тұрып, саяхаттап, дұрыс өмір сүргім келетін. Бұл менің мақсатым, жүзеге асырылған арманым.
Бес жасымнан АҚШ-да тұрып, саяхаттап, дұрыс өмір сүргім келетін
Көшу қиын болды. Басында «Болашақ» бағдарламасы арқылы Штаттағы университетке түскенмін. Бірақ, мен тұрып жатқан пәтердің бағасы кепілдікке жарамайтынын білдім. Сондықтан басқа бағдарламаларды іздестірдім. Мүмкіндік тауып, көштім.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайлы
Бас кезінде менде менталитетке байланысты кедергілер болды. Мен танысқан адамдар Қазақстан туралы шындықты аз білетін. Сондықтан оларға еліміздің заманауи дамыған мемлекеттер қатарында екенін түсіндіретінмін.
Көп қиындықтар болды, бірақ еңбек етсең — лайықты нәтиже аласың. Ақырындап баспана мен құжаттар бойынша сұрақтарды шеше бастадым.
АҚШ-ғы өмір жайлы
Қазақстанмен салыстырғанда Штаттарда өмір — қарбалыс. Адамдар көп, әрі тыңғылықты жұмыс істейді. АҚШ-ғы өмір қымбат, сондықтан жұмыс істеуге тура келеді. Балаларың болса, барлық істі жасап үлгеру керексің, өйткені жанында көмектесетін жақындарын жоқ.
Қазақстанда өзімді әрқашан басқаша сезінетінмін. Менің өмірге деген көзқарасым мен құндылықтарым басқа еді. Сапалы білім алып, өмірде биік белестерге жетіп, өзімді тауып, жақындарыма көмектескім келетін. Мұнда мен өмір сүремін. Американдықтар үшін тұлға ретінде дамуың маңызды. АҚШ-да адамдар мейірімді, барлығына жай қарайды, оларды таңқалдыру қиын. Олар болашақ жайлы ойлайды, өз мүмкіндіктеріне қарай жоспар құрады.
Мен Қазақстандағы білім, Штаттарға қарағанда сапалырақ екенін байқадым
Мен Қазақстандағы білім, Штаттарға қарағанда сапалырақ екенін байқадым. Бізді жалпы сабақтарға үйретеді. Бірақ, АҚШ-да практикаға көп мән береді.
АҚШ-да адамдар заңға құрметпен қарайды. Қонақтар ешқашан ескертусіз келмейді. Алдын ала ескерту — басқа адамның уақытына деген құрмет.
Жұмыс жайлы
Мен аудармашы, лингвистпін. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз және украин тілдерін білемін.
Көшіп келгенде Вирджиния штатында тұрдым. Бір компанияның редакторы болып жұмыс істедім. Жақсы табыс тапқан жұмысым болды. Нью-Йоркке көшкеннен кейін бес жыл бойы Қазақстанда шығатын, National Geographic Magazine-де редактор болдым.
Нью-Йоркте тұрып жатқан уақытымда Геннадий Головкин, Али Ахмедов және Димаш Құдайбергенмен жұмыс істеп үлгердім
Қазір Нью-Йорк штатында сотта істеймін — синхрондық аударма жасаймын. Сондай-ақ штаттың спорт федерациясында және білім департаментінде жұмыс істеймін. Университеттер үшін ғылыми зерттеулер саласындағы аудармаларды редакциялаймын.
Нью-Йоркте тұрып жатқан уақытымда Геннадий Головкин, Али Ахмедов және Димаш Құдайбергенмен жұмыс істеп үлгердім.
Көшу қалай әсер етті
Мен жақындарым мен туыстарымды бағалай бастадым. Ұсақ дүниелерге назар аудармауды үйрендім. Менің дамуыма көмектесетін істермен ғана айналысамын.
Тұлға ретінде өзгердім. Артық сөзге уақытым жоқ. АҚШ-да өмірде бастысы — отбасың мен өзің ғана екенін түсінесің.