facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yzdardy-pekindeg-o-uy-erekshe-ser-etet-n-zherler-zh-ne-ytayly-tardy-sheteld-k-ona-tar-a-degen-atynasy
logo
Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

02.07.2019

Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы


Өмірлері жайында


Динара. 11 сыныпта мен шетелге оқуға түсуді қаладым, ата-анамызбен Пекиннің оқу үшін мінсіз жер болып табылатыны жайында шешім қабылдадық. Қытай өте жақын орналасқан және сол жерде тұру аса қымбат емес. Анам менің өзіндігінен өмір сүріп, әрекеттерім үшін жауап бере алмаймын деп ойлады, бастапқы кезде қиын болды, бірақ мен Мен Қазақстаннан Қазақстанға көшкендей сезімде болдым, себебі Қытайда көп отандастарымыз оқиды.

Біз Меруерт екеуміз бір университетте қытай тілін оқыдық, бірақ ол курсын бір жыл бұрын бітірді.

Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Меруерт. Мен де Динара сияқты шетелде оқуды қаладым, бірақ Қытай елін аяқ астынан таңдадым. Қытайда көп гранттар мен шәкіртақылар бөлінеді және мен анаммен ақылдасып, таңдауымды жасадым.

Екі жыл тілді оқыдым, ал үшінші жылы университетке грант бойынша түсу мақсатым жүзеге асты.

Қытайда өмір сүру әлдеқайда оңай, біз осында өзімізді еркін сезінеміз. Туған жерімізде ұстамдылық танытамыз, басқа адамдардың не ойлатынана назар аударамыз. Қазақстанға келген кезде, бірнеше күннен кейін Қытайға қайтуды қалаймыз.

Қытай өзге ел болғандықтан, осындағы қазақтар әлдеқайда ақкөңіл болып келеді және отандастарын кездестіргенде, өте қуанады.

Осында шетелдіктер көп, біз кез-келген уақытта жаңа тілді үйреніп қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде қолдана аламыз. Мысалы, біз Динарамен француз тілін үйреніп жүрміз және осында Франциядан келген адамдар көп, біз олармен оңай әңгімелесіп, араласа аламыз.

Динара. Сонымен қатар осында кез-келген жұмысты табуға болады, бұл студенттер үшін өте жақсы мүмкіндік және осында жалақының көлемі өте жоғары.

Қытайда коммуналдық қызметтердің және онлайн сатылымдардың төлемін телефон арқылы жасауға болады. Барлығы бұл жүйеге сенеді.


Қала жайында


Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Меруерт. Қаланы бірден ұнаттым деп айта алмаймын. Пекиннің кемшіліктерінің бірі – экология және түтінтұманы, бірақ отбасымен және достармен баруға болатын орындар көп.

Динара. Қалада күшті желдер соғады, бірақ жергілікті халық бас киімсіз жүре алмайды, бұның өзінде олар мопедпен жүреді.

Меруерт. Маған қаладағы көлік жүйесі және жылдың кез-келген мезгілінде велосипедпен, мопедпен жүру мүмкіндігінің болуы ұнайды, бірақ қауіпсіздік шараларынан мопедпен жүруге университет студенттерінің барлығына рұқсат берілмейді.

Қаладағы жол қозғалысы жаман. Бізге түсіндіргендей, жолда басты рөлді жаяу жүруші емес, көлік атқарады.

Метроға жету үшін, көп уақыт кетеді, орташа есептегенде бір жаққа жету үшін, бір жарым сағат керек. Адамдар бар өмірлерін метрода өткізетіндей әсер туындайды.

Осында рикш және тук-туктер, велосипедтер мен мопедтер көп, сол себепті барлығы жол жүру ережелерін сақтамай бермейді.

Динара. Тук-тукпен алғаш рет жүрген кезде, Grand Theft Auto ойынына түскендей болдым, себебі жүргізуші қарама-қарсы жолмен және жаяу жүргіншілердің жолымен жүрді. Бірақ қазірде біз осындай есалаң қозғалысқа үйрендік.

Біз Ұлы Қытай қорғанында болдық, сол жерден керемет көрініс ашылады, бірақ үстіне шығу қиын және көп саяхатшылар жүреді.

Қытайлықтар ерекше құрылыстарды салуды жақсы көреді. Мысалы, таудың үстінде едені шыныдан жасалған шолу алаңы бар және маған шыны еденде тұрып, тауларға қарау қорқынышты болды.

Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Меруерт. Ең әдемі жерлер қаланың сыртында орналасқан, ал қала ішінде саябақтарға баруды ұнатамын.

Сонымен қатар маған Мао Цзэдун сарайы ұнайды, оның ішінде нағыз қытай колориті сақталған, ежелгі Қытайға түскендей сезімде боласың.

Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Динара. Маған Ванфуцзин алаңы ұнайды, ол Қытайдың барлық дерлік қалаларында бар. Осында тарақандарды, қара шегірткелерді жеп көруге болады және бұл саяхатшылаға арналған жер. Менің досым куырылған тарақандар мен шаяндарды жеп көрді және олардың дәмсіз болып келетінін айтты.

Қытайға келген кезде, үйренуді қажет ететін бірінші нәрсе – әрқашан және әр жерде сатушылармен саудаласу.

Меруерт. Мен Қытайда ғана емес, Қазақстанда да саудаласуды үйрендім. Бұл қағидамның бірі болып табылады.


Тамақ жайында


Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Дереккөзі: langust-best.ru

Меруерт. Қытайда әлемнің әртүрлі дәмді тағамдарын жеп көруге болатын жақсы, әрі қымбатқа түспейтін орындар көп.

Динара. Осында кез-келген тағамды табуға болады. Бірде Италиядан келген досыммен қыдырған кезде, құлпынай қосылған пиццаны көрдік және оның күлкісі келді, себебі бұл қытайлықтарға тән қасиет – олар әрбір еуропалық тағамға басқа өздерінің затын қосуды ұнатады.

Сонымен қатар жергілікті халық тағамның тым ащы болмауы үшін, көп май қосуды жақсы көреді.

Меруерт. Қытайлықтар нанның орнына күріш жейді. Бұл өнім барлық дерлік тағамдармен беріледі.

Динара. Қала орталығында мейрамханалар мен дәмханалар көп және осы тұрғыдан қытайлықтардың қаншалықты қаламаса да, еуропалықтарға ұқсайтыны сезіледі.

Меруерт. Мен шошқа етін жемеймін және бұл қиындық тудырады, себебі осында көптеген тағамдар шошқа етінен жасалады, маған тағамның құрамын сұрауға тура келеді.

Біз Қытайдың дәстүрлі тағамдарының бірі – пекин үйрегін жеп көрдік, бірақ маған ұнаған жоқ.

Динара. Ал маған ұнады. Үйректі жеген жерде, оның қалай әзірленетіні көрсетіліп, көкөністер мен тұздықпен нанға оратылып ұсынылды.

Қытайда өз орныңызды ашуды қаласаңыз, оның жалдауын төлемейсіз, сол себепті осында мейрамханалар мен дәмханалар көп және дәмді, әрі арзан тамақтану үшін әрқашан жақсы орын табылады.


Адамдары жайында


Қазақ қыздардың Пекиндегі оқуы, ерекше әсер ететін жерлер және қытайлықтардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы

Динара. Қытайлықтар шетелдіктерді, әсіресе еуропалықтарды жақсы көреді. Оларға адамдардың сыртынан бақылау ұнайды. Тұрғындарының көбісі шетелдіктердің барлығы АҚШ-дан келді деп ойлайды, ал Америка қытай тілінен аударғанда «Әдемі ел» деген мағынаны білдіреді.

Қытайлықтарды мынадай ерекшелік бар: олар достарын қыдыруға шақырған кезде, өздері төлейді. Осындай қағиданы ұстанады. Олар ақшаларын аямайды және достары рахаттанып жүргенін қалайды. Қытайдың мейрамханалары мен дәмханаларында жергілікті адамдар үстел үшін төлеуі керек, ал шетелдіктер тегін отыруы мүмкін.

Меруерт. Жергілікті адамдар спортпен шұғылдануды, билеуді, белсенді өмір салтын ұстануды ұнатады.

Динара. Біз сабаққа кеткен кезде, жергілікті апалар далаға шығып, жаттығу жасайды, ал кешке үйге қайтқан кезде, олар билейді. Егде адамдар белсенді өмір сүреді және үйде телевизиялықбағдарламаларды қараумен уақыт өткізбейді.

Маған қытай ұлты және олардың шетелдік қонақтарға деген қатынасы ұнайды. Олар әрқашан сізге көмектеседі, барлығын айтып, көрсетеді, тіпті қажетті жерге дейін шығарып салады және қоштасқан кезде 100 жыл өмір сүруді тілейді.

Олар балаларды жақсы көреді және өз балаларына қамқорлықпен қарайды, себебі Қытайда отбасыда тек бір бала болу керек деген заң болды, бірақ қазірде оның күші жойылды.

Пекиндегі өмірден алған әсерлерімен бөліскен – Меруерт Именова және Динара Мендыбаева.

Суреттер Меруерт пен Динараның жеке мұрағаттарынан алынған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.