facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yel-livanny-arab-shveycariyasy-bolyp-sanalatyny-al-rb-r-yde-yzmetsh-yel-men-bala-ba-ushy-bolatyny-zhayynda
logo
Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

23.07.2019

Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Дереккөзі: votpusk.ru


Өмірі жайында


Менің күйеуім – американдық болғанымен, тегі ливандық және ол жұмыс бойынша Қазақстанға келген. Менде Астанада тілдік мектебім болды, ол орыс тілін үйрену үшін келді, және біз осылайша таныстық. Оның келісімшарты біткеннен кейін, біз Бейрутқа көшіп кеттік, сол жерде ұлымыз дүниеге келді. Айтпақшы, осында декреттік демалыс 72 күнге ғана созылады.

Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Ливан Жерорта теңізінің шығыс жағалауында, таулы жерде орналасқан, сол себепті оны «Араб Швейцариясы» деп атайды. Қыста осында шаңғы тебуге, ал жазда теңізде немесе таулардың ішінде орналасқан бассейндарда шомылуға болады. Ливанның ерекшелігі – сәуір мен мамыр айларында бұл екі демалыс түрлерін біріктіруге болады.

Бұрын Ливанда римдіктер, кірескерлер тұрған, олар өздерінен кейін көп тарихи мұралар қалдырды, мысалы, Бейрутта римдік стильде салынған құрылысты көруге болады. Бірақ ең үлкен ізді француздар қалдырды, себебі жергілікті адамдар француз тілінде сөйлейді. Жалпы осында ағылшын, араб және француз тілдері кеңге таралған. Ал жол белгілері француз және араб тілдерінде жазылған. Ливанда жол жүру ережелері Франциядағы ережелерге ұқсайды.

Біз күйеуімізбен ағылшын және орыс тілдерінде сөйлесеміз. Ол орыс тілін базалық деңгейде меңгеріп алды, ал мен қағидам бойынша онымен орыс тілінде сөйлесемін. Ол үшін ұлымыздың француз тілін білгені маңызды, себебі оның отбасы француз тілді.

Мемлекет еуропаланған, сол себепті осында келген кезде, Еуропаға келгендей сезімде боласыз. Сонымен қатар осында дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар көп.

Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Ел христиандар мен мұсылмандарға бөлінеді. Конституцияға сәйкес Президент христиан-маронит, ал премьер-министр – мұсылман-сүннит болуы тиіс. Араб әлемінде бұл Республика өзінің діни алуандығымен ерекшеленеді. Жергілікті адамдар біз сияқты қарапайым жеңіл жейде мен көйлектерді киіп жүре алатыны мені таң қалдырды, бірақ жабық киімдегі әйелдерді де кездестіруге болады.

Жексенбі – отбасылық күн. Көптеген отбасылар үйде дәмді дастарханның басында бірге жиналып отыру үшін, туыстарын шақырады.

Қазақстандықтар визасыз Ливанда бір айдай уақыт бола алады. Осында қазақтар жайында біле бермейді және бізді көрген кезде, филиппиндіктер деп санайды.

Осында барлығы басқаша. Біз қазақ салты бойынша ұлымызды қырқынан шығардық, ал осында адам қайтыс болғанда ғана 40 күн өткізеді. Әрине, мен қазақ дәстүрін өткізуді жөн көрдім, күйеуім және оның туыстары мені қолдады. Баламыздың шашы мен тырнағын күйеуімнің тәтесі алады деп шештім. Ол бірден сұлулық салонына жазылып, шашын сәндеп, макияж жасатып келді, ал анамыз салтанатты дастархан жайды. Ішінде бұршақтар мен күміс тиындары бар ожаумен балаға су құятынымыз оларды таң қалдырды. Бұршақтар табысты, ал тиындар дәулеттілікті білдіретінін түсіндірдім. Біз күйеуімізбен жиі саяхаттаймыз және әлемдегі әртүрлі елдерден тиындар жинаймыз, сол себепті ұлымыз да көп саяхаттаса және басқа елдерді көрсе деген ниетпен тиындарды салдым.

Қазақстанға қарағанда осында өмір сүру қымбаттырақ. Доллар 150 теңге тұрған кезде, бағалар біздікіндей болды, курс өскенде, бағалары да өсті. Дегенмен жергілікті адамдар жақсы табыс табады.


Көлік жүйесі жайында


Ел кішкентай болғандықтан, осында метро жоқ, ал автобустармен негізінен жұмысшылар жүреді.

Көбісі көлікпен жүреді, отбасылардың басым бөлігінде кем дегенде бір көлік болады. Осында жаяу жүру қиын, себебі қалада таулар көп. Ұлым туғаннан кейін, оны далаға шығарып, бесік арбамен жүру қиын болды.


Тамақ жайында


Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Дереккөзі: brightside.me

Ливанда алуан түрлі тағам түрлері кездеседі. Сонымен қатар ливандық тамағы дәмдеуіштерге бай. Жергілікті тағамның дәмді болуының бір де бір себебі – осында жемістер мен көкөністерді өсіретін алқаптар бар. Осында мен шынымен ешқандай жерде кездестірмеген дәмді жемістерді жеп көрдім.

Негізінен араб және француз тағамдары кездеседі.

Менің сүйікті тағамым – жабындар. Бұл кеспе сияқты тауық және сиыр етімен және жабын шөбінің қосылуымен әзірленетін тағам.

Біз Қазақстанда көп шай ішеміз, ал осында олай емес. Жергілікті адамдар күн сайын дерлік кішкентай мөлшерлермен кофе ішеді.

Климаттың себебінен біз жиі кеспе ішеміз, бірақ жергілікті адамдар кеспені жылына бір рет қана іше алады.

Қазақстанда қонақтарды шақырған кезде, дастарханға ыстық тағаммен қатар салаттарды, кейбір кезде десерттерді де қоя аламыз. Ливанда барлығы бөлек қойылады.

Ливандағы мейрамханалар мен дәмханаларда қызмет көрсету жоғары деңгейде. Сіз мексикандық мейрамханаға келіп, орыс кеспеге тапсырыс бере аласыз және олар бұл тағамды әзірлеп береді. Осында бұрын қызметкерлерді кәсіби деңгейде оқытқан университеттер болды.


Адамдар жайында


Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Жергілікті адамдар қазақстандықтар сияқты жылы шырайлы болып келеді. Осында әйелдермен де, ер адамдармен де тең дәрежеде сөйлесе аласыз, ал Сауд Арабиясы немесе басқа араб мемлекеттерде еркін әңгімелесе алмайсыз.

Ливандықтар тәрбиелі және әрқашан күлімдеп жүреді.

Осында енені есімімен атайды, бірақ мен «ана» деп атаймын. Қоғамдық жерлерде енеме «ана» деп айтқанда, барлығы таң қалады. Мені асырап алды деп ойлайды.

Қазақ әйелі Ливанның – Араб Швейцариясы болып саналатыны, ал әрбір үйде қызметші әйел мен бала бағушы болатыны жайында

Азаматтық соғыстан кейін, ливандықтар үшін сіздің қай дінге жататыныңызды білу маңызды.

Әрбір дерлік үйде қызметші әйел және бала бағушы болады, сол себепті әйелдер өздеріне қарап, жақсы көрінеді. Таңертең макияж жасайды, аптасына шамамен екі рет сұлулық салонына барады, шаштарын сәндейді. Бұл олардың еркелігі емес, өмір салты екенін түсіндім.

Үсті-басын таза ұстау маңызды, себебі бұл адамдарға деген құрметтің белгісі. Қазақстаннан айырмашылығы – бізде біреудің үйіне келген кезде, аяқ киімімзді шешіп құрмет танытамыз, ал осында керісінше.

Енеммен тұрған кезде, күн сайын туыстардың келіп тұратынына таң қалатынмын, бірақ бұл қалыпты жағдай екенін түсіндім. Олар үшін отбасылық байланыстың болғаны маңызды.

Балаға дауыс көтергенді немесе қол көтергенді ешқашан көрмейсіз. Осында балаларды құрметтейді және оларға тең қарайды, дегенмен қатал ұстайды. Ливанда ата-аналар баламен үйдегі қызметші әйелдің отырғанына үйренеді және оларға француздық тәрбие береді. Балаларды мектепке үш жастан бастап береді. Баланың «Рахмет», «Өтінемін» деп айтуы заң. Анам маған: «үйде отырмай, құрбылармен қыдырып кел немесе күйеуіңмен қонаққа барып келіндер» деп айтқаны таң қалдырған.


Ливандағы өмірі жайында бөліскен – Лаура Жақыпова.

Суреттер Лаура Жақыпованың жеке мұрағатынан алынған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Астанада шопинг: киім және аяқ киім таңдауымен 10 сауда орталығы
Астанада шопинг: киім және аяқ киім таңдауымен 10 сауда орталығы
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы