facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yel-italiyaly-azamat-a-alay-t-rmys-a-shy-ty-zh-ne-nel-kten-olar-aza-stan-a-k-sh-p-keld
logo
Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

30.08.2019

Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

Розарио Ронга, туған қаласы — Неаполь, 62 жаста, тіс дәрігері

Аида Байтимирова, туған қаласы — Петропавл, 43 жаста

Джованни Ронга, туған қаласы — Масса, 12 жаста

Лаура Ронга, туған қаласы — Масса, 11 жаста


Біз жайында


Розарио. Біз көп жыл бұрын таныстық.

Аида. Мен 1997-1998 жылдары Италияда тұрып, жұмыс істеген кезде, танысқан едік.

Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

Сол кезде Қазақстанда қиын кезең болды, ал Италияда экономикалық серпіліс болды. Италиялықтар жұмыс күшінің кез-келген түріне ашық болды. Мен келсімшарт бойынша жұмыс істеуге бардым және Розариомен танысқаннан кейін, сонда қалуды шештім деуге болады. Кейін жұмыспен қатар білім алдым.

Розарио. Бізде ортақ достарымыз болды және біз сауық кештердің бірінде таныстық. Мені Аbданың сұлулығы таң қалдырып, сүйсіндірді. Сол кезде Италияда азиялық қызды сирек кездестіруге болатын.

Біз бірге боламыз деп ойламаған едік. Барлығы аяқ астынан болды. Мен жалғыз жүріп, үйлену жайында ойланбадым. Бірақ Аиданы кездестіргеннен кейін, көп уақыт достасып жүрдік, кейін жұп ретінде кездесіп, бірге саяхаттадық, бір-бірімізге қонаққа барып жүрдік. Кейін Джованни дүниеге келетінін білдік.

Аида. Аяғым ауыр екенін білген кезде, саяхаттап, көп жұмыс істеуді тоқтаттық – болашақ баламыз өмірімізді түбегейлі өзгертті. Әрине, өміріміз жақсы жағына қарай өзгерді, бала – бұл тағдырдың сыйы.

Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

Розарио. Тойға дейін сегіз жылдай кездестік. Италияда басқа менталитет. Біз бірден үйленбейміз. Алдымен бір-бірімізді жақсы біліп алуымыз керек. Қазақстанға, Петропавлға келіп, Аиданың ата-анасымен танысқаным есімде. Маған бұл жер ұнады және мен ата-анасының ақ батасын сұрадым.

Аида. Той Италияда өтті. Ата-анам, күйеуімнің барлық туыстары және жақын достарымыз жиналды. Көп қонақ болған жоқ – барлығын отбасылық атмосферада атап өттік.

Джованни есімді ұлымыз болды және менің Лаураға аяғым ауыр болды.


Астана жайында


Аида. 2015 жылы біз Қазақстанға көшу шешімін қабылдадық – бұл ерекше және қызықты қадам болды.

Розарио. Маған Қазақстан ұнайды. Бұрын біз жыл сайын осында демалуға келетінбіз.

Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

Бұл таңдау бізге қиын берілді, себебі Италияда жеке клиникам болды. Біз Тосканада теңіз жағалауында тұрдық – барлығы керемет болатын. Бірақ балалар туралы ойлаған кезде, бірдеңені өзгертуді қалайсың. Біз бұл таңдауды олар үшін жасадық. Олар Қазақстанның мәдениетін білгендерін қаладым және осында оларды жақсы болашақ күтетініне сенімді едім.

Аида. Розарионың ата-анасы қайтыс болды, сол себепті ол балаларымыздың нағашы атасы мен апасына жақын болғандарын қалайды.

Розарио. Көшіп келуіміздің басты себебі – мемлекеттің жас болуы, халқы және жарқын болашақ. Осында кез-келген іс жақсы жігермен басталатыны ұнайды.

Көшіп келуіміздің басты себебі – мемлекеттің жас болуы, халқы және жарқын болашақ


Аида. Мен өзіміздің аяздарымыз үшін қорықтым. Розарио – оңтүстіктің адамы, неаполитандық азамат және Қазақстанда қыста бір де бір рет болып көрмеген. Бірақ ол суықты және қарды ұнатады екен. Балаларымыз «осында неліктен қыста келмедік» деп сұрайды. Мен тоңамын, ал олар үшеуі қыста көше бойымен рахаттанып серуендейді. Джованнидің айтуынша, жел – оның досы.

Розарио. Мен осында оңай бейімделдім. Бірақ орыс тілін меңгеру қиын болады деп ойлаған жоқпын. Әзірге қолымнен келмей жатыр.

Аида. Біз бірге жұмыс істейміз, мен әрдайым оған аударып, көмектесіп жүремін. Бұл тілді меңгеру процесін баяулататын шығар. Розарио – тіс дәрігері, осында ол қаладағы үздік тіс дәрігерлерінің бірі. Үш клиникаларда жұмыс істейді, Астанада жұмыс көп.

Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

Розарио. Астананың энергиясы жақсы – бұл маған күш-қуат береді. Дәстүрлі медицинадан бөлек, баламалы медицинамен де айналысамын. Осында жақсы негіз бар деп сеземін.


Отбасы жайында


Аида. Италиядағы өмір – бұл араласқан некелердің дәстүрлі мекені. Біз көшіп келген кезде, Джованни үшінші, ал Лаура бірінші сыныпта оқыды. Мен оларды бірден орыс мектебіне бердім, бірақ олар орыс тілін мүлдем білмейтін. Ал жарты жылдан кейін балалар тілдік кедергіден арылды. Қазірде олар орыс тілінде акцентсіз сөйлейді.

Қазақтар мен италиялықтар бір-бірімен ұқсайды. Біз үшін отбасымыз – туыстарымыз, анам, балаларымыз әрдайым бірінші орында. Италиялықтар да қазақтар сияқты қонақжай, ашық халық.

Италиялықтар да қазақтар сияқты қонақжай, ашық халық


Розарио. Жексенбі күнін отбасымызға арнаймыз. Ташенов көшесінде орналасқан католиктік шіркеуге барамыз.

Қазақ әйелі италиялық азаматқа қалай тұрмысқа шықты және неліктен олар Қазақстанға көшіп келді

Сонымен қатар бізде италиялық достарымыз бар, біз отбасылармен араласып, мерекелерді бірге тойлаймыз.

Біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Розарио. Мен қуаныш күйін кешіп жатырмын. Маған осында ұнайды, мен Қазақстанда тұруды қалаймын.

Аида. Жеңілдік, позитив, бақыт күйін кешіп жатырмын. Өмірімде болып жатқан барлық нәрселер үшін ризамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары