Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақтың ұмытылған 7 дәстүрі
7058

28.03.2018

Қазақтың ұмытылған 7 дәстүрі


Көгендік, кеусен, өлі сыбаға, шүлен тарату



Қазақтардың көпшілігі мал асырайтын көшпелілер болған, бірақ олардың арасында ауыл шаруашылығы мен балық аулаудың арқасында өмір сүрген топтар да бар.

Мұндай топттардың әрқайсысында өзара көмек көрсету және кедейлерге мейрімділік таныту дәстүрі болған. Бұл жиналған табыстың бір бөлігін түрлі себептермен асыраушысынан айырылған отбасыларға берілумен көрсетілетін. Мұндай адамдарға жалғыз қариялар, мүгедектер, жесірлер және жетімдер жататын. Оларға көиек көрсету үшін малшылар — көгендік, ауыл шаруашылығымен айналысатындар — кеусен, ал балықшылар — өлі сыбаға жасайтын. Бұл дәстүрді барлығы сақтайтын және ешкім қарсылық білдірмейтін.

Тағы шүлен тарту деген дәстүр жасалатын. Мұны қоғамның бай адамдары, әдетте сұлтандар, байлар, батырлар және билер жүргізді. Дәстүр қысқа дайындалардың алдында өткізілетін.

Бұл дәстүрді өткізгісі келетін адам өзінде барлық кедейлерді жинап, алдын ала ескертіп, оларға мал, ақша, киім және тағы басқа заттар тарататын. Бұл жай ғана мейірімділік таныту үшін жасалатын дәстүр еді.


Ат тергеу



Тұрмысқа шыққан қыз ешқашан күйеуінің туыстарын атымен атамайтын. Оның інілері мен қарындастарына да жаңа есім тауып алу керек еді. Сондықтан ауылға келген күннен бастап келін жаңа туыстарының қатал қадағалауында болатын. Оның тапқырлығы, салыстыру қабілеті, лақап аттарды орынды табуы — мұның бәрі күйеуінің туыстары тарапынан сыни бағаланды, өйткені ол әрқайсының мінез-құлқына сай болуы керек. Ал бұл оңай дүние емес, өнер десек те болады. Бұл дәстүр — келіннің мен күйеуінің туыстарының арасындағы өзара сыйластық пен құрметтің белгісі.


Шаш өру



Қазақ қыздар тұрмысқа дейін шаштарын бір буға өретін. Үйлену тойынан кейін жеңгелері келіннің өрілген шашын жіберіп, екі буға өретін. Бұл енді ол жалғыз емес, тұрмысқа шыққан әйел екенін білдіретін. Кетердің алдында қыз өз құрбыларының арасында қоштасу кешін ұйымдастыратын. Ауылдан ауылға көшкен кезде сыңсу айтатын. Туыстары оны түрлі тағамдардан дәм татқызып, бағалы сыйлықтар беретін. Жақын туыстары кеткеннен кейін ата-анасы қоштасу кешін ұйыдастырып, матаны жыртып, қонақтарға тарататын. Бұл дәстүр жыртыс деп аталады. Матаны күйеу бала алдын ала әкеліп, қыздың анасына беретін.


Көгентүп



Қазақтар алыс туыстарына қонаққа барғанда өздерімен бірге баласын алатын. Бала алғаш рет барған үй оған қозы, құлын немесе бота атайтын. Мұндай сыйлық бала үшін үлкен қуаныш, ал ата-анасы үшін оларға көрсетілген құрметтін белгісі болатын.


Жиенқұйрық



Мұндай дәстүр тек қыз жақтағы туыстарға тән болатын. Мұндай адамды жиен, ал анасы жағынан үлкен немесе кіші ағалары мен апалары оған нағашы болып келетін. Жиеннің келуі әрқашан ерекше той болатын, оны ең сыйлы қонақ ретінде күтетін. Нағашысының үйінде жиен кез-келген затты сыйлыққа сұрауы мүмкін, ал нағашы қандай бағалы зат болса да оны беруі міндеті еді. Жиеннің осындай үш сыйлық сұрауға құқысы бар болатын.


Құлақ тесу



Шамамен тоғыз, ал кейде одан кіші жаста құлақ тестіретін. Мұны күміс бізбен немесе екі тұқым тарымен жасаған. Қазақтар қыз баланың құлағын тесіп, оған жібек жіп салатын. Құлағы сауыққан кезде жіпті алып, орнына күміс сырға кигізетін. Бұл дәстүр қазақтарда жыныс айырмашылығын білдіретін. «Құлақ тесу — қыздың сүндетi» деген сөз бар. Бұл дәстүр ұл балалардың сүндетке отырғызу дәстүрімен тең.


Иткөйлек



Сәби алғашқы 40 күнінде киген жейдесін арнай рәсім үшін қолданған. Оның ішіне түрлі тәтті тағамдарды орап, ауыл иттінің мойынына байлап, итті босататын. Мұны асыға күткен балалар бірден итті ұстауға кірісетін. Ауыл көшелерінде у-шу болып, үстап алғаннан кейін тәттілерді бөлісетін. Бұл кезде баласы жоқ әйелдер балаларға түрлі тәттілер беріп, иткөйлек алу үшін асығатын. Мұндай жейде бақыт әкеліп, жақында олар да балалы болады деген сенім болған.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу