facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/44c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/44ca23ec71668874a4d0357350637924.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-ty-ltty-susyny-alay-dayyndalady-ansha-t-r-bar-zh-ne-anday-aurular-a-em-bolady
logo
Қазақтың ұлттық сусыны: қалай дайындалады, қанша түрі бар және қандай ауруларға ем болады

06.06.2020

Қазақтың ұлттық сусыны: қалай дайындалады, қанша түрі бар және қандай ауруларға ем болады

Қымыз деген не



Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын көшпелі халықтардың бірегей сусыны. Ол қазақ халқының кең дастарханының ең шипалы ұлттық дәмдерінің бірі.


Қымыз қалай дайындалады



Қымыз бие сүтінен дайындалады. Бие — құлындаған ұрғашы жылқы.


Сауылатын биелер үшке бөлінеді:



Сақа бие — құлындаған, бұрыннан сауылып келе жатқан бие.

Құлын бие — құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие.

Қыран бие — алдынғы жылы қысыр қалып, құлын орнына тайы емген бие.

Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінінің ысы сіңген ағаш күбіде ашытылады. Ашытқы «қор» деп аталады. Қорды күбіге салып, үстінен жаңа сауылған саумалды құйып, оны жылы орап қояды. Қор езіліп, саумалмен араласқанда қышқылдана бастайды. Оны бірнеше сағат пісіп араластыру керек. Нәтижесінде денсаулыққа пайдалы, табиғи сусын — қымыз пайда болады.

Бір бас биеден күніне шамамен 10-17 литр сүт алуға болады.

chto-takoe-kumys-1024x1024.jpgФотоның дерек көзі: geotoriya.ru


Қымыздың түрлері



Қымыз дайындалу тәсіліне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді:

Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз.

Бал қымыз — бірнеше сағат тоқтаусыз пісілген және жылқының немесе қойдың майы сіңген қою сары қымыз.

Басты қымыз — төрт күн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.

Дөнен қымыз — үш тәулік түнеп, қотарылатын қымыз.

Жуас қымыз — үстіне жаңа сауылған саумал қосып жұмсартылатын қымыз.

Құнан қымыз — екі күн түнегеннен кейін қотарылатын қымыз.

Қысырақ қымыз — бірнеше рет құлындаған биенің сүтінен ашытылатын қымыз.

Қысырдың қымызы — шөбін дайындап, қыстай қолда ұсталып, сауылатын қымыз.

Сары қымыз — шөп піскен уақытта, биенің сүті қоюланған кезде ашытылатын қымыз.

Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз.

Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні қотарылған қымыз.

88a8e01a72bd5236be9ab0b8c160cf26.jpegФотоның дерек көзі: ia-centr.ru

Қымыздың пайдасы


Жаңа сауылған бие сүті асқазан, ішек, бауыр, бүйрек ауруларына ем болады. Сондай-ақ бие сүтін басқа да емдік мақсаттарға және сәбилерді тамақтандыруда пайдаланады. Қымыздың құрамында адамның денсаулығына пайдалы 28 түрлі дәрумен бар. Бие сүті альбуминдік қасиетке ие.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт