Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақтың естең кетпес топ-10 әндер жинағы
1292

22.08.2024

Қазақтың естең кетпес топ-10 әндер жинағы

Қазақ музыкасында тарихи естең кетпес туындылар жетерлік. Әр қазақ білетін бұл шығарлмалар әлі күнге дейін орындалуда.


«Бозторғай» — Мейрамбек Беспаев

Жетімнің көз жасы, анасына деген сағыныш туралы айтылатын бұл әнде мұңға толы қайғылы тағдыр баяндалады. 1991 жылдан бастап Алтынбек Қоразбаевтың қолдауымен жарық көрген туынды әлі күнге дейін өз тыңдармандарын жоғалтқан емес. Жүректегі ащы дертті жеткізген бұл әннен соң, жетімдер үйінен ата-аналар өз балаларын қимай қайтадан алып кеткен жүрек тербетерлік шығарма.

«Кешікпей келем деп ең» — Шәмші Қалдаяқов

Махаббат, сағыныш және уәде етілген кездесу туралы сыр шертетін бұл өлең қазақтың әрбір отырысында шырқалады. Әнде ғашықтық сезімдері мен қимастық, уәде етілген уақытта кездеспеу себеп болған жүрек ауруы бейнеленеді.

«Жаным» — Өктем Алтаев

Шынайы махаббат туралы лирикалық шығарма. Әнде сүйіспеншілік, сағыныш және сүйікті жанға деген ыстық сезімдер бейнеленген. Ән нәзік, жүрекке жылы тиетін сөздермен және әдемі әуенмен тыңдаушыларды өзіне баурап алады. Қазіргі таңда жастар арасында да бұл әнді сүйіп тыңдайтын тыңдармандар баршылық.

«Жылама жаным» — Ғаділбек Жаңай

Махаббат пен сағынышқа арналған ерекше туынды. Әнде жігіттің сүйіктісіне деген терең сезімі, оның жанын түсініп, қолдау көрсетуге деген ниеті мен тағдырдың жазылғанына ешкімнің амалы жоқ екені баяндалады. Ғашықтық пен сағыныш билеген жастардың арасында ылғи орындалатын ескірмес шығарма.

«Сен келерсің бір күні» — «Музарт» тобы

Әнде махаббаттың тереңдігі, күту мен сағыныштың ауырлығы, сондай-ақ үміт пен сенімнің маңыздылығы көрсетіледі. 8 тілге аударылған бұл ән әртүрлі сериалдарда саунтрек болып, миллиондаған тыңдарман жинаған.

«Аяулым» — Құрмаш Махан

Шексіз сүйіспеншілік пен сағынышын кіршіксіз мөлдір махаббат бейнеленген таптырмас туынды. Бұл ән махаббаттың нәзіктігі мен адалдығын суреттейді, сол сезімдерді әнші жүрек тебірентерлік әуенмен жеткізеді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде қайтадан танылып, әртүрлі орндаулар таралуда.

«Мен деп ойла» — Айжан Нұрмағанбетова

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған бұл туынды әсем әуенмен бірігіп махаббатты ерекше бейнелейді. Ғашықтық өрті лаулағанда сағынышты білдіретін керемет туынды.

«Сен» — «Бәйтерек» тобы

Махаббаттың әр уақытта бірдей қуаныш әкелмейтінін, қиындықтар мен қосылмас тағдырдың мұңы жеткізілген бұл әнді тыңдамаған жастар жоқтың қасы. Әлі к.нге дейін керемет орындаулармен беріліп, халықтың ризашылығына бөлінуде.

«Ана туралы жыр» — Шәмші Қалдаяқов

Әлемге жарық сыйлайтын, кіршіксіз көңілмен тек жақсылық тілейтін Анаға арналған санадан кетпес ән. Ананың шын сезімі мен балаға деген ықыласын бір өлеңге сыйдырған бұл әнді қазақ жұрты сүйсіне тыңдап, орындайды. Ешқашан өз өзектілігін жоғалтпаған ғажайып туынды.

«Сен мұңыңды бер маған» — Musicola тобы

Әннің әуенінде жүрек тебірентерлік ноталар мен сезімталдық көрініс табады, бұл оны эмоциялық тұрғыда терең әрі әсерлі етеді. Cүйіктіңнің мұңын өзіне беру арқылы оның ауыртпалығын бөлісу және бірге болу сүйіспеншілік, қолдау және жанашырлық туралы атйтын бұл өлең әрі тыңдаушыны әртүрлі сезімдер мен ойларға жетелейді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу