facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/64c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/64c1e044571473386f3d037dec02c641.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-t-l-ndeg-paydaly-10-youtube-arna-men-podkast
logo
Қазақ тіліндегі пайдалы 10 YouTube арна мен подкаст

24.06.2022

Қазақ тіліндегі пайдалы 10 YouTube арна мен подкаст

Бүгінгі таңда білімді тек кітаптан ғана емес, интернеттен де аламыз. Осы орайда подкасттар мен видеолардың орны ерекше. Бүгін біз YouTube желісіндегі көруге тұрарлық пайдалы арналар мен тыңдауға тұрарлық подкасттар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.


YouTube


Марғұлан Сейсембай


Кәсіпкерлік ортада өзінің бизнесті табыс табу, тиімділікті арттыру, кайдзен техникасын ұсынумен танылған тұлға. Марғұлан Сейсембайдың YouTube арнасында өзіңді жетілдіру, жетістікке жету, инвестиция жалпы бизнес жүргізуге қатысты ойларын қысқа-қысқа видеолармен көре аласыз. Ал егер әр жерде берген сұхбаттарын көргіңіз келсе, ол да бар.

youtube.jpg

Kuanysh Shonbay


«Екінші болма» кітабының авторы ретінде әрі кәсіпкерлігімен танылған адам. Оның YouTube арнасында ай сайын қаржы, психология және тағы басқа да тақырыптарды қозғайтын «Төртеу түгел болса» шығарылымы шығып тұрады. Бұдан бөлек Қуаныш Шонбай өз арнасында бір кәсіпкерді алып, бизнесіне талдау жасайды. Айына қанша ақша табады, табысы қайда кетіп қалады, кәсібін жүргізудің тиімді жолдары сынды кеңестерімен бөліседі. Бір сөзбен айтқанда бизнеспен айналысып жүрген адам үшін пайдалы арна.

Temirlan Mukashev


Саяхатшы блогер. Қазіргі уақытта 10-нан астам елде болған. Оның арнасының өзгелерден айырмашылығы жұрттың бәрі баратын ірі қалаларды ғана емес, қазақтарға қатысты елді мекендерге де барып сол жерді түсіреді. Мәселен, Өзбекстандағы қазақтар көп шоғырланған Қарақалпақстан немесе Моңғолиядағы Баян Өлгий аймағы. Сондай-ақ видеолары танымдық сол елдің артық кем тұстарын бәрін көрсетеді.

Алмасбек


Әр қазақ бай болсын — бұл Алмасбек Садырбаевтің арнасы. Арнада негізгі тақырып мал шаруашылығы. Ауылдағы шопандардың жағдайы мен олардың проблемалары, еліміздегі мал шаруашылығын дамыту үшін не нәрсеге көңіл бөлу керек, қысқаша айтқанда төрт түлік бизнесі мен және оның айналасындағы тақырыптарды қозғайды. Мал өсірудің барлық қыр-сырлары қамтылады.

Youtube.jpg

Миллионер күнделігі


Бұл арнада аты айтып тұрғандай әлемдегі бай адамдардың бай болу сыры мен олардың кеңестері жайлы мотивацияға толы видеолар шығады. Көбінесе шет тіліндегі видеолардың қазақ тіліндегі аудармаларын көре аласыз. Дегенмен де арнадан ақшаны қалай жинау керек, қаржылық сауаттылық, бизнес пен тұлғалық дамуға қатысты пайдалы видеолар таба аласыз.

Бизнес таңдау


Бұл арна Бизнес Бастау мектебінің YouTube арнасы. Арнада әртүрлі салада бизнес жасап өз кәсібін ашқан адамдар жайлы көрсетеді. Алғашқы капиталды қайдан табамыз, нақты қандай салада кәсіп бастаған дұрыс секілді нақты сұрақтарыңызға жауап табасыз.

Кулпынай TV


Оңтүстік Кореяда тұратын қазақ қызының YouTube арнасы. Арнада Кореядағы өмір, бала тәрбиесі, кәрістердің өмір салты мен ақша жинау тәсілі, кәріс халқының артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы әңгімелейді. Бұл арнада құдды бір өзіңіз Кореяда тұрып жатқандай күй кешесіз.

YouTube.jpg

Ұлан Құрманғалиев


Шағын және орта бизнеспен айналысатын есімін көп ел біле бермейтін қарапайым кәсіпкерлерден сұхбат алады. Онда бизнесті қалай бастады, алғашқы капиталды қалай тапты, жарнама жасау, бизнесін дамыту жолы мен қазіргі кірісі мен шығынын толық қамтып көрсетеді. Егер бизнес бастағыңыз келіп алайда немен айналысарыңызды білмей жүрсеңіз Ұлан Құрманғалиевтің видеоларын қарап көріңіз.

KEREK


Күнделікті өмірге қажетті лайфхактер мен пайдалы кеңестермен бөліседі. Арнадан өзіңізді қызықтырған тақырыптың бәрін табуға болады: денсаулық тақырыбынан бастап қаржы кеңестеріне дейін қамтылады. Тіпті шаршасаңыз, жаныңызды тыныштандыратын әуенді де осы арнадан табуға болады.

Куат Ахметжанов


Бұл арнадан қазақша әдеби кітаптарды аудионұсқасын тыңдай аласыз. Сіз сол аудиокітапты тыңдап отырып құдды бір кино көріп отырғандай көзт алдыңызға келтіріп нақышымен оқып береді. Бұдан бөлек салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым мен ертегілер, поэзия мен проза, аңыздар, батырлар, тарих салалары жайлы видеолары бар.


Подкасттар


AdminAnon Podcast


Бұл подкастты Нұрмахан Мұқанұлы жүргізеді. Подкастта түрлі тақырыптарды әр қырынан қарастырады. Бір сөзбен айтқанда шығармашыл жандардың әңгімесі деп айтсақ болады. Бұл подкасттың YouTube арнасы да бар. Сіз подкасттан өнер тақырыбынан бастап қаржы, трейдерлікке қатысты ақпараттарды тыңдай аласыз.

podcast.jpg

Narikbi LIVE


Қазақстан жастарының рухани, интеллектуал дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап бірге өсуге шақырады. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап» деген ұранды басымдыққа алады. Бұл подкастты ІТ маманы Нәріби Мақсұт жүргізеді.

Qazaqsha Podcast


Бұл подкасты Белла Орынбетова жүргізеді. Бұл жобада өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар айтылады. Жақында подкасттың maqala tynda атты жаңа айдары пайда болды. Ол жерде еліміздегі БАҚ беттерінде шыққан өзекті де маңызды материалдарды атап өтіп, соны жазуға авторға не түрткі болғанын қамтиды.

1001 Kitap


Бұл подкастты Бақытгүл Салыхова жүргізеді. Ол кітаптарға шолу жасайды, өзі оқыған көркем әдеби шығармалар туралы пікірін білдіреді. Сондай-ақ оқуға ұсынатын кітаптар тізімімен де бөліседі. Аталмыш подкастты тыңдай отырып өзіңіз ешқашан бетін ашпаған кітаптар жайлы тың ақпараттар біліп ой-өрісіңіз кеңейеді.

Podcast.jpg

Qoqys Talk


IT саласындағы подкаст. Онда шетелдің ірі компанияларында жұмыс істеп жүрген бағдарламашылардан сұхбат алып, олардың жұмысы мен проблемалары қамтылады. ІТ саласындағы күрделі тақырыпты қозғағандығымен соның өзінді өте жеңіл көңілді етіп жеткізеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.