WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.
WE адамдары:
Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады
Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді
Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз
Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби
Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі
Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын
Бүгінде 100 шығарылымы жарық көрген подкаст «қосымша даму құралы» ретінде жақсы көңіл күй сыйлап, мотивациялық бағытта ақпарат береді. Подкаст жүргізушісі мен авторы – Талшын Тоқыжанова тұлғалық даму, экология және позитивті ойлау мәселелерін козғайды.
Қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін подкаст өзін және қоғамды тануды қалайтын адамдарға арналған. Подкастта өз орнын тауып, мақсаттары мен армандарын жүзеге асыра білген әртүрлі адамдардың сұхбаттары ұсынылады. Жобаның авторы – Қайыржан Әлбазаров.
Осы подкастта қоғамда орын алатын әртүрлі мәселелер талқыланады және өмірге, адамға, құбылыстарға қатысты пікірлер мен тың көзқарастар айтылады. Авторы, әрі тұрақты жүргізушісі – Бэлла Орынбетова.
Назым Сапарованың авторлығымен жасалған жоба тұрмыстағы экология тақырыбына арналған. Басты аудиториясы – қыз-келіншектер, сол себепті подкаст үй шаруасындағы әйелдердің экосауатты болып, қыздардың экобелсенділігін арттыруды мақсат етеді.
Авторы Айнель Әмірханның айтуынша, подкасттың негізгі идеясы — ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздеу. Подкастта әртүрлі саладағы тұлғалармен сұхбат құрылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады.