Ninety One, @ninetyone
Ninety One — Қазақстанда Q-pop стилінде алғаш рет ән айта бастаған топ. Q-pop —K-pop аналогы. Бойзбенд барлық тректерін қазақ тілінде орындайды.
MOLDANAZAR, @moldanazarinfo
MOLDANAZAR — қазақстандық топ. Ғалымжан Молданазар қазақ тілінде инди және синти-поп стилінде ән айтады. Бұл жанрда ән айта бастаған алғашқы қазақстандық топтардың бірі.
Димаш Құдайберген, @kudaibergenov.dimas
Димаш Құдайберген — әнші және композитор. Ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де үлкен танымалдылыққа ие. Оның репертуарында қазақ, орыс, қытай және итальян тілдеріндегі әндер бар.
Darkhan Juzz, @d.juzz
Darkhan Juzz лақап атымен өнер көрсететін Дархан Джунусбеков — алматылық музыкант. Қазақ тілінде инди жанрында ән айтады. Танымал тректерінің бірі — «Шекер».
The kitchen song, @thekitchensongs
The kitchen song — қазақстандық орындаушы, әндердің авторы. Шын есімі — Азамат Сыздықов. Түрлі жанрда қазақ және орыс тілдерінде ән айтады.
RaiM & Artur, @raimkzz
Фотоның дерек көзі: tengrinews.kz
RaiM & Artur — жас орындаушылар, «Самая вышка» трегі арқылы танымал болды. Соңғы әндерін қазақ тілінде шығарды.
Ziruza, @ziruza
Зируза — қазақстандық Q-pop-орындаушы. Оның бейнебаяндары миллион көрсетілім жинайды. Музыкадан басқа Зируза кино және бейнебаяндарға түскен.
Qonyratbay Fam, @qonyratbayfam
Qonyratbay Fam — алматылық дуэт. Инди жанрында қазақ тілінде авторлық әндерін орындайды. Режиссер Айсұлтан Сеитов олардың композициясын Yves Saint Laurent ролигінде пайдаланған.
canyekyey, @canyekyey
Фотоның дерек көзі: @dakettay
canyekyey — Нұр-Сұлтанда тұратын жас орындаушы. 2019 жылы қазақ тіліде жинақ шығарды. Елордалық жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие болуда.