Елімізде қазіргі уақытта қазақша сапалы контентті YouTube-арналар көбейді. Бұл ондықты жасау барысында көрсетілімі мен көрермендер арасындағы сұранысы ескерілді.
Oljas Oqas арнасы — Олжас Қазақстандағы танымал автожурналист. Бұл арнада автокөлік саласындағы барлық жаңалықтар мен қоса болып жатқан өзгерістерге баға беріледі.

«Инженер маркетолог» арнасы — Жалғас Халықов — қазақ тіліндегі макетолог. Арнасында маркетингтің қыр сырлары мен құралдарын таныстырады.

Kamila Talgatkyzy арнасы — Еуропадағы білім беру жүйесі, өмір сүру деңгейі туралы қызықты, пайдалы контентке толы арна.

NetStudy Online арнасы — IT-маман, бағдарламашы болғыңыз келеді ме? JAVA-ның қалай жұмыс істейтінін үйренгіңіз келсе, онда жазылыңыз.

«Заманауи Педагог» арнасы — жылдам оқытудың ерекше әдісімен, оқушылардың сабаққа

Assel Shon арнасы — ағылшын тілінің ережелерімен бірге дұрыс сөйлеуді үйретеді.

Qazaqsha SMM арнасы — Аяулым Қамарбек SMM-ды қазақша үйретеді. Мұнда бұл саланың қыр-сырымен бөліседі.

Madina Talasbayeva арнасы — ағылшын тіліне арналған тағы да сапалы, пайдалы арна.

«Ertai: IT Саласы туралы» арнасы — IT саласында арналған сапалы контентке толы тағы бір арна.
Zhanibek Ussenbek арнасы — түрік тілін үйретіп қана қоймай, Түркияға оқуға түсу жолдарын үйретеді. Соңғы уақытта түрік тілімен қоса, ағылшын тілін де алып жүр.

Фото дереккөзі: ашық дереккөздер