facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/30d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/30dbbe6177950d02d6143f4c1b2a5b1a.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-tardy-e-ona-zhay-haly-eken-n-d-leldeyt-n-10-salt-d-st-r
logo
Қазақтардың ең қонақжай халық екенін дәлелдейтін 10 салт-дәстүр
Таңғажайып Қазақстан

14.08.2019

Қазақтардың ең қонақжай халық екенін дәлелдейтін 10 салт-дәстүр

Ат мінгізіп шапан жабу


Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабады. Қонақжайлылықты білдіретін бұл салт әлі күнге дейін сақталған.


Бата


Бата — ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда, ұзақ жолдың алдында, сынақтар кезінде, қонақжайлылық үшін айталатын тілек. Батаны негізінен жасы үлкен ақсақалдар айтады.


Белкөтерер


Қарт адамдар мен ата-аналарға көрсетілетін сый-құрмет. Көршілері, балалары, жақын туыстары оларға сары май, жент, қымыз, ақ ірімшік, сияқты т.б. дәмді тағамдарды дайындап, алып келеді.


Бес жақсы


Бес жақсы нәрсеге түйе, жүйрік ат, қымбат кілем, алмаздан жасалған қылыш, бұлғын тон жатады. Бес жақсы нәрсені сыйлы және қадірлі адамдарға сыйлайды.


Ерулік


Жаңадан көшіп келген көршілерге берілетін қонақасы. Осы салт арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді көздейді.


Жылу


Жылу – адамгершілікті, мейірімділікті, тілектестікті танытудың белгісі. Дүлей апатқа ұшыраған адамдарға материалдық және моральдық көмек көрсету қалыптасқан. Ол үшін адамдарға туыс ретінде жақын болудың қажеті жоқ. Әдетте адамдар малмен, тұратын жерімен, киіммен және тамақпен бөлісетін.


Қонақасы


«Қонақасы» — «қонақ» және «ас» сөздерінен шықты. Қонақты құрметпен қарсы алып, дастархан жайып беру — қазақтар үшін жомарттықтың белгісі. Қонақтар үшін барлық дәмді тағамдар дайындалып беріледі. Қонақтың үш түрі бар: арнайы шақырылған «арнайы қонақ», жол-жөнекей келген «құдайы қонақ» және күтпеген жерден келіп түскен «қыдырма қонақ».


Қонақ қаде


Қонақ қаде — қонақтың өнерін ортаға салуды сұрайтын салт және көңілді отырудың кепілі. Үйдің иесі мейманнан қонақ кәде жасауын, яғни ән салуды немесе өлең оқуды өтінеді. Сол үшін қазақтар балаларын кішкентай кезден бастап ән айтуды, өлеңдерді жаттап, музыкалық аспаптарда ойнауды үйретеді.


Көрімдік және байғазы


Жаңадан туған баланы, ботаны немесе жас келінді алғаш рет көрген кезде берілетін сыйлық. «Көрімдік» «көру» сөзінен шыққан. Осы салт арқылы туған-туыстар мен жақын адамдар игі ниеттерін білдіреді.

Көрімдік және байғазы — бұл әртүрлі түсініктер. Көрімдік адамдар немесе мал үшін, ал байғазы жаңа киімдер немесе жаңа заттар үшін беріледі.


Шашу


Қуанышты кездерде салтанат иесіне кәмпиттер немесе ақша шашады. Қазақтар «шашу» кезінде жиналған тәттілер сәттілік әкеледі деп сенеді.


Дереккөзі: bilu.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар