— тілдер дыбысталуы жағынан сәл өзгешеленеді. Қырғыздардың тілдері дөрекілеу, қырғыз әліпбиінде қазақ тіліне тән дауысты әріптер жоқ. Бірақ, бұл бір-бірімізді түсінуге кедергі жасамайды
— қырғыздарда палауға тауда өсетін күрішті қосады
— қырғыздарда ағаны ака деп атайды, ал қазақтарда аға
— сыйластық пен қонақжайлылық әрқашан екі елдің ерекше қасиеті болып саналады
— екі ел де үлкендерді қадірлеп, отбасы — ең бастысы екенін түсінеді
— қазақтарда да, қырғыздарда да айтыс тартысы өтеді
— Бішкектегі адамдардың көпшілігі кешкі тоғыздан кейін ұялы телефондарын сөндіреді, ал бұл қазақтарға қарама-қайшы
— Алматыда xипстерлер мен әсерлі келбетті адамдар көп, ал Бішкекте ондайды сирек кездестіруге болады
— көптеген салт-дәстүрлер ұқсас: мәселен, үйлену тойлардың өтуі. Қыз ұзату қазақтарда да, қырғыздарда да бар.
— Егер Наурыз мерекесінде қазақтар көже дайындаса, қырғыздар сүмелек дайындайды
— қырғыздар тура мінезді, олар түрлі тақырыптарға еркінірек сөйлеседі.
Материалды дайындауда көмек көрсеткендері үшін Данияр Назаралиевке, Искендер Осмоновқа, Нұрсұлтан Таштемировке алғыс білдіреміз.
Фотосурет көзі: siluxgc.com