Ұлттық мерекелер
Ұқсастықтары:
— Қазақтар мен якуттарда үлкен мереке бар — Наурыз және Ысыах. Адамдар ұлттық киімдерін киеді, әйелдер көйлекте, ерлер камзолда. Дәстүрлі мәдениетке негізделген қойылымдар, ат сайыстар, ұлттық ойындар өтеді.
Айырмашылығы:
— қазақтар мерекені 21 — 23 наурыз аралығында тойласа, якуттар 21 — 25 маусым аралығында тойлайды. Келесі жылға күннің қуатын толық алу үшін якуттар мерекені таңғы үштен бастайды.
Азық-түлік:
Ұқсастықтары:
— қазақтар мен якуттардың ұлттық сусыны — бие сүтінен жасалатын, қымыз
— якуттар және қазақтар көбінесе сиыр етін жейді
— қазақтың қазысы мен якуттың хааны сыртқы түрімен шұжыққа ұқсас, бірақ қазыда ішек, ал хаанда — пісірілген қан бар.
Айырмашылығы:
— якуттар қатты аяз болғандықтан шикі бауыр мен құлын етін жейді, ал қазақтар етті пісіріп жейді.
Тіл
Ұқсастықтары:
— екі тілдің де ұқсастығы бар, себебі якут тілі де, қазақ тілі де түркі тілдестер тобына жатады
— бірдей сөздері бар, мысалы, ат — «лошадь».
Айырмашылығы:
— якут тілінде ызың дауыссыздар мүлдем жоқ, сондай-ақ көптеген дауыссыз дыбыстар екі еселенуі мүмкін, қазақ тілінде бұл сирек кездеседі
— якут тілінде қазақ тілінде кездеспейтін, эмоциялық экспрессивтілік бар.
Салт-дәстүрлер
Ұқсастығы:
— маңызды мерекелерге екі халық та бата берушілерді шақырады. Якуттар алгысчыттарды шақырса, қазақтар молданы шақырады.
Айырмашылығы:
— қазақтар қыз ұзату тойын және үйлену тойын жасайды, ал якуттар тек бір мереке жасайды. Якуттардың тойында күйеу жігіт қызды жасауымен қалың мал беріп алады.
Отбасы және балалар
Ұқсастық:
— қазақтар мен якуттар балаларды жақсы көреді, оларды еркелетіп атайды: қазақтар — «жаным», якуттар — «чоорооhум» дейді.
— ерлер аң аулауды ұнатады, жиі үлкен топпен жиналып, аң аулайды. Бұл олардың хоббиі, жұмыстан кейінгі демалысы.
Айырмашылығы:
— қазақтарда отағасы — әкесі, ал якуттардың отбасында тең құқылық, ерлер мен әйелдер бірдей үлес қосады.
— қыста якуттар мұз астындағы балық аулауға барады. Ең сүйікті балық — мөңке, басқа халықтар сүйектердің көп болғаны үшін оны жей алмайды.
Материалды жазуға көмек көрсеткені үшін Летя Кириллинова мен Айсерим Карахановаға алғыс білдіреміз.
Суреттің дерек көзі: @yakutian.style