facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-tar-men-t-r-kter-nes-men-erekshelenet-nder-turaly-ta-am-t-l-zh-ne-ndyly-tar
logo
Қазақтар мен түріктер несімен ерекшеленетіндері туралы: тағам, тіл және құндылықтар
Таңғажайып Қазақстан

07.10.2018

Қазақтар мен түріктер несімен ерекшеленетіндері туралы: тағам, тіл және құндылықтар

Тіл


Ұқсастықтары:

Екі тіл де түрік тілдес топтарға жатады, сол себепті сөйлемдердің грамматикалық және лексикалық құрылымы ұқсас.

Ерекшеліктері:

— түрік тілі сәл жұмсақ, дыбыстары қазақ тіліндегідей қатаң және қатты емес.

— түрік ауызекі тілі қазақ тілінен жеңіл. Өйткені өткен ғасырдың басында түрік тілі Ататүріктің арқасында реформадан өтті. Осылайша түрік тілі жанды сөйлесуде және оны меңгеруде жеңілдеді. Ал ауызекі қазақ тілі соншалықты оңай емес.

— түрік тілінде ер адамдардың түрік тілі мен әйелдердің түрік тілін ажыратуға болады. Соңғысы созылыңқы, мәнерлі және дипломатиялық. Ал қазақ тілінде ер адамдар мен әйелдердің тілдік ерекшеліктерін анық ажыратуға болмайды.




Мерекелер


Ұқсастықтары:

— қазақтар да, түріктер де той жиындарын ұнатады. Екі халық та көптеген тағамдары бар әрі бай жайылған үстелді, қонақтар мен туыстарды ұнатады.

Ерекшеліктері:

— Түркияда қарапайым үйлену тойларын да кездестіруге болады. Қазақтарға қарағанда түріктерде той жасау үшін несие алу ықтималдылығы төмен. Ал Қазақстанда бұл кең таралған.

— ірі мерекелер өзгешеленеді. Мәселен, Қазақстанда Жаңа жылдың маңызы зор. Ал Түркияда ол тойланбауы да мүмкін, назардың көбі Рамазан мен Құрбан-байрам мерекелеріне аударылады.

— Қазақстанда тойдың ерлерге және әйелдерге бөлінуін кездестіре алмайсыз, ал Түркияда бұл кең таралған.




Отбасы мен балалар


Ұқсастықтары:

— Қазақстанда да, Түркияда да отбасы — бұл әр адам үшін үлкен құндылық, отбасы жайлы жылы лебізбен айтылады, туыстарды сыйлайды және барлығы бірігіп жүреді

— балаларды жақсы көреді, Қазақстанда да, Түркияда да оларды еркелетеді.

Ерекшеліктері:

— Түркияда арнайы отбасы күні бар. Жексенбі күні барлық отбасымен пикникке, жексенбілік таңғы асқа «Pazar kahvati»-ға немесе жай ғана бір жаққа бірге шығу міндетті.

— Түркияда балаларды балабақшаға бермейді, өйткені көбінесе әйелдер жұмыс істемейді және балаларды үйде тәрбиелейді. Балаларды түрлі дамыту орталықтарына апаруға болады, бірақ оларды тәрбиелеуді бала күтішулерге немесе балабақшадағы мұғалімдерге жүктеуге болмайды.

— балаларсыз демалыс — мұндай формат Түркияда танымал емес. Түріктер балаларын ата-аналарына немесе туыстарына сирек тастайды, олар Қазақстанда таралған бұл әрекетті түсінбейді.

— Түркияда далада тіпті таныс емес балаларды тамақтандырады, оларды тыңдайды және дүкенде кітаптарға немесе ойыншықтарға тиісуге рұқсат береді. Қазақстандық адамдарда бөтен балаларға мұндай жылы қарым-қатынас сирек кездеседі.




Әйелдер


Ұқсастықтары:

— жас қалалық әйелдердің көбісі бүкіл әлемдегі әйелдер секілді киінеді: көйлек, джинсы, жеңсіз көйлек және спорттық аяқ киім киеді.

Ерекшеліктері:

— Қазақстанда әйелдер сәнге көбірек назар аударады, оған сай болуға тырысады, сәнденеді, биік өкшелі аяқ киім киеді. Түркияда әлеуметтік стратификация әлі де маңызды, ал киім арқылы әйелдің қандай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге болады. Сондықтан сән айналасында мұндай дүрлікпе жоқ, түрік әйелдері ыңғайлылықты бағалайды және салт-дәстүрлерді құрметтейді, сол себепті қарапайым әрі қолайлы киім таңдайды.

— түркиялық әйелдер тәртіптерімен ерекшеленеді: тіл, мінез-құлық, тәрбие. Олар отбасыға және өз мәртебесін, орнын сақтап қалуға мақсатталған. Жас қыздар кімге және нені айтқандарын бақылайды, өйткені барлық отбасыға қатысты нормалар және заңдылықтар бар. Қазақ қоғамында әйелдер бұдан еркіндеу.

— егер сіз дәстүрлі түрік отбасының келіні болсаңыз, сізді ешқашан далаға жалғыз жібермейді, сіз әрқашан туыстарыңыздың біреуімен бірге жүресіз.

— түркиялық әйелдер қазақстандық әйелдерге қарағанда ер адамның көзіне тура қарамайды — бұл арсыздық пен сыйламаудың шегі. Көбінесе олар жай ғана төмен қарайды.




Ас үй


Ұқсастықтар:

— ет тағамдары мен түрлі жеңіл тамақтардың көптігі.

Ерекшеліктері:

— түріктер балықты бірнеше есе көбірек жейді. Бұл географиялық орналасу мен салт-дәстүрлермен түсіндіріледі.

— Түркияда көшедегі жеңіл тамақтардың желісі жақсы дамыған, себебі көшенің әрбір бұрышының өзіндік ас үйі мен рецепттері бар. Сондықтан болар Түркиялық көшелік тамақ барлық әлемге танымал, Қазақстанда көшедегі ас үйлер айтарлықтай көп емес.

Материалды дайындауда Айгуль Гашимзаде мен Асия Яралыға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар