Асылхан Ахметжанова, 65 жаста, Шығыс Қазақстан облысы, үй шаруасындағы әйел
1979 жылы тұрмысқа шығып, Шығыс Қазақстан облысынан Алматы облысына көштім. Қыздарым - журналисттер. Кіші қызым күйеуге бірінші болып шықты, кейін ұлым үйленді, ал үлкен қызым жұмыс бабымен Атырауға көшіп кетті. Күйеуіміз екеуміз оның тұрмысқа шығуын қаладық, себебі оның бақытты отбасын құрғанын көргіміз келді.
Бір күні маған тұрмысқа шығамын деп хабарласты. Мұндай жаңалықты естігеніме қатты қуанышты болдым. Қай жердің тумасы екенін білгім келді, мүмкін Атыраудан немесе Алматыдан болар, алайда қызым оның шетелдік екенін айтты. Бұл мені одан сайын таңқалдырды. Қызым осыны әкесіне айтуын сұрады.
Күйеуімнің бұған қалай қарайтынын білмедім, бірақ айтқан кезде, ол: «Керемет жаңалық», — деп жауап берді. Күйеуім күйеубаланың ұлты маңызды емес, бастысы қызымыздың бақытты болуы деді. Балалар әрқашан жанымызда бола алмайды, сондықтан оның шешімін қабылдау керек болды.
Балалар әрқашан жанымызда бола алмайды, сондықтан оның шешімін қабылдау керек болды
Қызымыз күйеубаламен танысуға келген кезде біз оны және Эдуартты қарсы алуға қуанышты болдық. Ол бізбен кездесуге дайын еді және сыйластығын білдірді. Дәстүрлер бойынша шағын той өткізіп, кейін жастар Атырауға оралды.
Енді сөйлескен кезде біз қазақша да, орысша да сөйлейміз. Маған сөйлескен уақытта «ана», «әке» секілді қазақша тіркестерді естіген ұнайды.
Некеде ең бастысы — бір-бірін бағалау. Әйелге оған қамқор болып, оны бағалаған ұнайды. Отбасыда дәл осылай болған кезде, бұл жақсы белгі.
Күйеуі мен әйелі бір мәдениетте өсіп немесе бір-бірінің дәстүрлерін қабылдай алған кезде ұлт некеге қатты әсер етпейді.
Шайза Сәдуақасова, 71 жаста, туған жері — Қарағанды, үй шаруасындағы әйел
Төрт балам бар: екі ұл және екі қыз. Екі ұлым мен кіші қызым өз отбасыларымен, балаларымен тұрады. Балаларымнан ең бірінші болып кіші ұлым үйленді, оның әйелі неміс.
Менің күйеуім — қазақ. Қалған балаларымның барлығы қазақ отбасыларымен тұрады. Бұл ұлтқа емес, махаббат пен сезімдердің арқасында болды. Менің ойымша, өткен ғасырдың 30-40 жылдары туылған буынға кеңестік тәрбие әсер етті, ол кезде қазақ, орыс екенің маңызды болған жоқ, барлығында ортақ өмірлік жағдайлар, мерекелер, тіл болды.
Ұлтаралық некелер менде түсініспеушілік туғызбайды. Мен үшін ол кез келген басқа неке секілді. Ұлттың ешқандай мағынасы жоқ, керісінше, мұндай отбасыда тұратын балалар басқа мәдениет пен дәстүрлер туралы көбірек біледі.
Бақытты отбасы — бұл қолдау мен өзара түсіністік орын алатын отбасы
Менің немелерім қазақ және неміс мәдениеттертін жақсы білетіндерін білемін. Олар Айт пен Пасханы тойлайды, Жаңа Жылда, Наурызда, Рождествода сыйлықтар алады. Менің ойымша, бұл керемет, олар шынайы жолмен көптеген жаңа білімдерге ие болады.
Келініміздің ата-аналары мен туыстарымен мерейтой секілді үлкен жиындарда кездесіп отырамыз. Әрқашан тұрмыстық істер, денсаулық, жаңалықтар туралы әңгімелескен қызықты.
Бақытты отбасы — бұл қолдау мен өзара түсіністік орын алатын отбасы. Күйеуі, әйелі, балалары бір-бірінің өмірлеріне қызығушылық танытып, көмектескен кездер өте жақсы. Адамның ұлты оның тәрбиесінен аса маңызды емес, сол себепті бұған көп назар аудару қажет емес.
Кульжиан Инкарбекова, 54 жаста, Омбы облысы, үй шаруасындағы әйел
Екі қызым бар, екеуі де тұрмыс құрған: кішісі Иорданияның араб жігітімен, үлкені Мексикалық жігітпен.
Ұлтаралық некеге басқа некелерге секілді жақсы көзқараспен қараймын. Егер жастар бір-бірін сыйлап, жақсы көрсе, онда неге үйленбеске. Кімнің ұлты қандай екені не үшін қажет. Менің ойымша, осындай отбасылардағы балалар стереотиптер мен жалған нанымдардан еркін болып өседі. Олар әлемге ашық, өмірге деген көзқарастары да мүлдем басқаша болып өседі.
Осындай отбасылардағы балалар стереотиптер мен жалған нанымдардан еркін болып өседі
Біздің кіші қызымызда дәстүрлі қазақша той болды, тек беташар, қыз ұзату және басқа да ерекшеліктерсіз. Бесбармақ, көптеген тілектер мен қонақтар болды. Сондай-ақ, арабша билер де болды.
Үлкен қызымыз бен оның күйеуі әлі үйлену тойын жасамаймыз деп шешті. АХАЖ-да тіркеліп, үйде шағын кеш өткізді.
Біз әлі тек кіші қызымыздың күйеуінің туыстарымен таныспыз. 2017 жылы барлығымыз бірге Иорданияға барып, отбасымен танысып, елді көрдік. Ал біздің мексикандық туыстармен жақын арада танысамыз. Әлемнің түрлі жерлерінде соншама туыстарымыз болғаны керемет.
Әр отбасының өзіндік бақыт құпиясы болады. Алайда бір ортақ құрамдас бөлік бар — бұл өзара сыйластық.
Өмірлік жар таңдаған кезде ұлт назар аударатын ең соңғы нәрсе деп санаймын. Басқа ұлтқа тиесілі болу адамды жақсырақ, ақылдырақ, сыпайылау етпейді.