— жарылып кеткен немесе сынған ыдыспен тамақ ішуге болмайды, әйтпесе қорғаушы періштеңіз сізден теріс айналады
— жерді себепсіз қазуға болмайды, жақсылықты үркітіп алуыңыз мүмкін
— тырнақ пен шашты кешке жақын алуға болмайды, бұл жаныңыздың бір бөлігін алғанмен тең
— үстел бетіндегі тағамды түнде міндетті түрде бірдеңемен жабу керек, әйтпесе оған жындар көз салуы мүмкін
— жүкті әйелге керілген жіптен аттауға болмайды, әйтпесе баласының денсаулығында ақау болуы мүмкін
— жеке затыңды лақтырмастан бұрын оны басыңан үш рет айналдыру қажет, әйтпесе жаңа затыңыз сәттілік әкелмейді
— сәби күтіп жүрген кезде оған алдын-ала киім мен басқа да керек-жарақтарды сатып алуға болмайды, бұл жындарды тартуы мүмкін
— жаңадан туылған сәбиге көз тигізбеу үшін 40 күн толғанша ешкімге көрсетпеген жөн, ал 40 күннен кейін туыстар мен жақындарына балаға қарап таңданып, сүйсінуге рұқсат етілмейді
— майшамды үрлемей, тек бірдеңемен жауып қана сөндіру керек. Отты үрлеу арқылы бақыт пен байлықты ұшырып жіберуіміз мүмкін
— оң қолмен тамақтанған жөн, сол қолмен тамақтанғанда ішке тағаммен бірге кесел түсуі мүмкін.