Жайдарбек Кунгужинов «Мулан» фильмінде , facebook
![kunguzhinov.jpg](https://weproject.media/upload/medialibrary/194/194dfdc35fd3355dc97244bb6dc537fd.jpg)
Фотоның дерек көзі: forbes.kz
Жайдарбек Күнғожинов — қазақстандық каскадер, Nomad Stunts компаниясының директоры және негізін қалаушы. Кинода каскадер және «қасқырлар» армиясының көсемі рөлінде ойнады. Түсірілім Жаңа Зеландияда өтті.
Жайдарбек Күнғожинов «Көшпенділер», «Моңғол», «Жаужүрек мың бала», «Анаға жол», «Викинг» фильмдерінің, «Марко Поло» сериалының трюк қою жұмысын атқарды.
Айгерім Әлімғожаева «Ведьмак» сериалында, @aika_qazaqstan
![alimgozhaeva.jpg](https://weproject.media/upload/medialibrary/a0a/a0a4c83c1fa84b011a696fd00d9ffe41.jpg)
Фотоның дерек көзі: tengrinews.kz
Айгерім Әлімғожаева Венгрияда оқу кезінде Netflix-тің танымал «Ведьмак» сериалының түсірілім кастингінен өтті. Ол массалық түсірілімдердің біріне қатысты. Венгрияның Сентендре қаласында арнайы осы киножоба үшін кішкентай қалашық салынды. Айгерім Алик Сахаров, Шарлотта Брандстром, Алекс Гарсиа Лопес сияқты танымал режиссерлермен бір түсірілім алаңында болды.
Надира Ахонова Discommunication фильмінде, @nadira_akhonova
![ahonova.jpg](https://weproject.media/upload/medialibrary/898/8981a945bbd5b607b4e48d393f26956d.jpg)
Надира Ахонова — Genetic Passport документалды фильмі үшін «Эмми» премиясын алған қазақстандық продюсер. Режиссер Энтони Баттс, Russian Road Trip c Vice Media, Reparation және басқа да көптеген халықаралық жобаларда жұмыс істеді.
2018 жылы жапондық Масару Ясокава режиссерінің қысқаметражды психологиялық триллеріне түсті. Түсірілім 71 Канн кинофестивалінде өтті. Надира басқа елге тап болған, жас қазақ қызының рөлін сомдады.
Алина Пушкарева «Өте бай азиаттар» фильмінде
![pushkareva.jpg](https://weproject.media/upload/medialibrary/47d/47d2b229ff1af6c1564476176fc35c8f.jpg)
Алина Пушкарева — Қарағандының тумасы, «Өте бай азиаттар» фильмінің бірнеше кадрларына түскен. Түсірілім Алина оқыған Куала-Лумпурде өтті. Қазақстандық қыз барда және әуежайдағы кадрларға қатысқан. Оның қоржынында бірнеше фильм және бірнеше жарнама роликтер бар.
«Өте бай азиаттар»— 2018 жылы жарыққа шыққан романтикалық комедия. Сюжетке Кевин Кванның романы арқау болған.
Риза Алимжан «Место, известное лишь нам одним» фильмінде
Фотоның дерек көзі: doramatv.live
Риза Алимжан — фотомодель және актриса. Этникалық қазақ қызы Пекинде туған. 2014 жылы танымал «Место, известное лишь нам одним» атты қытайлық мелодрамада басты рөлді сомдады. Сондай-ақ қазақ қызы «Никогда не прощайся», «История любви», «Удача приходит» және басқа қытайлық фильмдерге түскен.