facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/c41/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/c41e395cfb890b6d5edac16323c33a68.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-tar-e-ona-zhay-haly-eken-n-d-leldeyt-n-10-det--ryp
logo
Қазақтар — ең қонақжай халық екенін дәлелдейтін 10 әдет-ғұрып
Таңғажайып Қазақстан

10.01.2020

Қазақтар — ең қонақжай халық екенін дәлелдейтін 10 әдет-ғұрып

Ат мінгізіп шапан жабу


Бұрын сыйлы қонаққа, батырға және құрметті адамға ат атап, иығына шапан жабатын. Бұл қонақжайлылық дәстүрі бүгінгі күні әлі сақталып келеді.


Бата


Бата алыс жол алдындағы жолаушыға, сынақ түскенде, дастархан соңында беріледі. Батаны әдетте жасы үлкен ақсақалдар айтады.


Белкөтерер


Бұл дәстүр ата-аналар мен қарт адамдарға қамқорлық жасаудың үлгісі болып табылады. Балалар, көршілер және жақын адамдар қарт адамдар үшін: тазы, сары май, жент, қымыз, сүзбе, бал дайындайды және дәмді тамақ береді.


Бес жақсы


Сөзбе-сөз «бес құнды зат» деп аударылады. Оларға: түйе, жүйрік ат, қымбат кілем, алмаз қылыш, бұлғын тон жатады. Бес жақсы құрметті және сыйлы адамдарға берілді.


Ерулік


Таяуда қоныс аударған көршілерге дәм береді. Жаңа қоныстанушылардың жаңа орынды тез меңгеруі үшін қонаққа шақырады.


Жылу


«Жылу» сөзі «жылы» деген сөзден шықан. Жылулық — адамгершіліктің, мейірімділіктің, сезімнің көрінісі. Табиғи апаттар мен оқыс оқиғаларда зардап шеккендерге моральдық және материалдық көмек көрсету. Ол үшін туыс немесе жақын болу міндетті емес. Әдетте адамдар малмен, баспанамен, киім-кешекпен және тағаммен бөлісетін.


Қонақасы


«Қонақасы» — «қонақ» және «ас» деген екі сөзден пайда болды. Қонақты құрметпен қарсы алып, оны қастерлеу — қазақ үшін жомарттықтың белгісі. Ең дәмдінің барлығын қонақтарға берген. Олар үш түрге бөлінген. «арнайы қонақ» — арнайы шақырылған, «құдайы қонақ» — кездейсоқ келгендер, «қыдырма қонақ» — күтпеген қонақ.


Қонақкәде


Қонақкәде — бұл қонақтың ел алдында өнер көрсетуі. Үй иесі қонақтан қонақкәде сұрап, ән орындауын не өлең оқуын сұрай алады. Ол үшін қазақтар ерте жастан балаларды ән айтуға, өлең жазуға және музыкалық аспаптарда ойнауға үйретеді.


Көрімдік пен байғазы


Алғаш рет көрген жас келінге, жаңа туған сәбигге немесе ботаға берілетін сыйлық. «Көрімдік» — «көру» деген сөзден шыққан. Көрімдік дәстүрінің көмегімен туған-туыстары мен барлық жақын адамдары ізгі ниеттерін білдіреді.

Көрімдік пен байғазы — әр түрлі ұғымдар. Көрімдік адамдар немесе жануарлар үшін беріледі, ал байғазы — заттар үшін беріледі.


Шашу


Қуанышты оқиғалар кезінде мерекенің иелеріне кәмпит немесе ақша лақтырады. Қазақтар «Шашу» кезінде жиналған тәттілер сәттілік әкеледі деп сенеді.


Дерек көзі: bilu.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар