facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-tar-anday-salt-d-st-rlerd-sa-tal-anyn-alaytyndy-y-zh-ne-aysylaryn-alamaytyndy-y-turaly
logo
Қазақтар қандай салт-дәстүрлердің сақталғанын қалайтындығы және қайсыларын қаламайтындығы туралы
Таңғажайып Қазақстан

26.09.2019

Қазақтар қандай салт-дәстүрлердің сақталғанын қалайтындығы және қайсыларын қаламайтындығы туралы


Қандай дәстүрлердің сақталғанын қалайды



Қонақасы

Қонақ күтумен байланысты салт. Қазақ халқы ежелден қонақжайлылығымен танылған. Қазақтар астың ең дәмдісін әрқашан қонаққа сақтаған. Бұл балалардың қонаққа деген қарым -қатынасын балалық шақтан жақсы қасиетте тәрбиелейтін жақсы дәстүр. Осы үшін шетелдіктер мен саяхатшылар біздің елімізді жақсы көреді.


Тұсау кесер

Әрбір ата-ананың өміріндегі маңызды сәт – баласының тәй-тәй басқан алғашқы қадамдары. Ата-бабаларымызда баланың алғашқы қадамдары - нышандық мінез білдірген. Бұл өмір жолының бастамасы болғандықтан дәстүр бойынша баланың аяғын жүн баумен байлап, сосын тұсауын кескен. Әрі нышандық әрі әдемі.


Құда түсу

Құдалық салтының бір нұсқасы. Күйеу жігіт қалыңдығының ата-анасына барып қыздарының қолын сұрап, оларға сыйлықтар береді. Бұл дәстүр жылы лебіз бен ыстық ықылас аясында жүзеге асады.


Жеті ата

Ата-бабаңның жетінші атасына дейін білуді білдіретін ескіден келе жатқан дәстүр. Қазіргі уақытта бұл идеяны одан әрі дамытуда. Себебі қазақтар үшін ұлттық құндылығын, тілі мен мәдениетін сақтау маңызды. Ал өткеніңді білмей жастарды тәрбиелей алмайсың.


Балалар үлкендермен бірге бір үстел басында отырмайды

Әдетте қонақ келген кезде балаларды басқа бөлмеге жібереміз. Онда олар үшін арнайы дастархан жайылады. Бұл жайлы, ешкім ешкімнің мазасын алмайды. Ал балалар басқа бөлмеде бір-бірімен ойнап мейрамда уақыттарын қызықты өткізеді.


Бойтұмар

Қазақтар көз тиюден қорғану үшін әртүрлі тұмарлар, қазақтың ою-өрнегімен көмкерілен зергерлік бұйымдар таққан. Тұмар қаншалықты жалтырап әрі сылдырласа, соншалықты зұлым рухтар мен адамдардың оғаш көзқарастарынан қорғайды деп есептелінген. Дегенмен, қазіргі уақытта бұл жай ғана мағыналы жақсы сыйлық.


Көрімдік

Бұл жас келінді немесе жаңа туған нәрестені бірінші рет көрген кезде берілетін сыйлық. Көрімдік келіннің жүзін көру үшін беташар рәсімінде беріледі. Беташарда орындалатын ән қалыңдықты әр қонаққа тағзым етуге шақырады. Ал бұған жауап ретінде олар күйеу жігітке сыйлық немесе ақша береді.


Сүйінші

«Сүйінші» сөзі қуанышты жаңалықпен бөліскісі келгенде айтылады. Жақсы жаңалық жеткізген адамға міндетті түрде сыйлық беріледі. Бұл әсіресе балалар үшін қызық. Сондай-ақ бұл дәстүр отбасы мүшелерінің басын бір жерге жиып жақсы жаңалықтың айналасына біріктіреді.



Шашу

Той-томалақ, тұсау кесер және т.б. осыған ұқсас мерекелер кезінде әжелеріміз кәмпиттерді немесе ақшаны уыстап жан-жаққа шашырата лақтырады. Ал осы шашылған тәттілер мен тиындарды жиып алу керектігін аталарымыз бен әжелеріміз үнемі айтады. Себебі жиып алсаң олар саған сәттілік алып келеді.



Бата

Қазақ халқында қандай да бір мереке болсын, әдетте жасы үлкен қарт кісіге немесе құрметті қонаққа бата беру құқығы беріледі. Бұл дәстүр жастарға үлкен кісілерді қадір тұтып, құрметтеуге үйретеді. Сонымен қатар елімізге саяхаттап келген шетелдіктерді таң қалдырып, тәнті етеді.


Қандай дәстүрлерді сақтауға қарсы



Балаға 40 күн толу

Баланың бетін 40 күнге дейін көрсетпеу – көптеген халықтардың ерекшеліктерінде бар. Алайда қазақ халқында бұл дәстүр - «Қырқынан шығару» деген тойға айналған. Аталмыш дәстүрді бүгінгі күнде де көптеген отбасылар ұстанып, баланы қырқынан шығару үшін қыруар қаражат жұмсап той жасайды. Дегенмен бұл дәстүрдің жас нәресте үшін ешқандай мәні жоқ.



Ат қою
Баланың дүниеге келуіне қатысты дәстүр. Көптеген отбасыларда бұл салт қатаң түрде сақталып келе жатыр. Қазіргі уақытта тұңғыш балаға ат қою құқығы атасы мен әжесіне тиесілі. Бұрын балаға ат қою мәртебесі туыстардың арасындағы жасы үлкен адамға немесе ақсақалдың үлесінде болған. Бірақ бүгінгі күнде жас ұрпақ бұл дәстүрді қолдамайды. Себебі олар баланың атын өздері қоюды қалайды.



Руыңды білу

Әрбір қазақ өзінің қай руға жататындығын білуі керек. Қазақ халқы туысқандық некенің зияндылығын ежелден білген. Сондықтан қан араласудан аулақ болу үшін ата- бабасын жеті атасына дейін білу - әрбір қазақтың міндеті болған. Онымен қоса қай жүзге, қандай руға жататындығын да білу. Көптеген адамдар әлі күнге дейін егер бір рудан болса, онда «бауырмыз» деп ойлайды. Алайда, заманауи әлемде бұның ешқандай мәні жоқ.



Әке мұрасы

Бұл дәстүрді көптеген қазақ отбасылары ұстанады. Отбасындағы кенже ұл әкесінің үйі мен мүлкінің мұрагері болып, қара шаңырақта қалады. Ол отбасымен тұрып ата-анасына қамқорлық жасайды. Бірақ қазақ отбасыларында кіші ұлдар ғана емес, туыстары да қамқорлық жасайды. Сондай-ақ жас отбасылар бөлек тұруды жөн көреді. Сондықтан бұл дәстүр соншалықты өзекті емес.



Материалды жасап шығаруда атсалысқандығы үшін Сәуле Кубашева, Роза Галламова, Кәмшат Құрманғазиева, Үкіжан Манекина, Талант Жуанышев, Аружан Адиловаға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар