Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7cb/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/mycsiwtynxutlp16rfgrs057oyfzwnx0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер
1451

30.07.2024

Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер

Досжанова Аққағаз

1893 жылы 25 мамырда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Бөрті волості № 3 ауылында дүниеге келген. Ол ғылыми зерттеуші, қоғамдық қызметкер, батыс Алаш Орда әскерінің барлаушысы және алғашқы қазақ әйел дәрігерлерінің бірі болған.


Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

1925 жылы 25 қазан күні Ақтөбе облысында Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, мерген.


Мәншүк Мәметова

1922 жылы 23 қазанда Орал облысындағы Жасқұс ауылында дүниеге келген. Мәншүк Мәметова — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қызыл Армияда пулеметші болып қызмет еткен.


Күләш Байсейітова

Қазақ опера әншісі және театр актрисасы. Оған екі Сталин сыйлығы, сондай-ақ КСРО халық әртісі атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда болған.


Бибігүл Төлегенова

1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Бибігүл Төлегенова — КСРО халық әртісі атағына ие болған қазақстандықтардың ішіндегі жалғыз әйел. Оның үстіне ол КСРО тарихында Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған соңғы тұлға.


Роза Бағланова

1922 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ол кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі. 1960 жылдан бастап әнші «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерт бірлестігінің жетекші сахнасының шебері болды.


Роза Рымбаева

1957 жылы 28 қазанда Қазақ КСР Семей облысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Ол кеңестік және қазақ эстрадасының әншісі, ҚазКСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісдердің бірі.


Хиуаз Доспанова

1922 жылы 15 мамырда Гурьев облысы Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысының кеңес ұшқышы, штурман-атқыш. Қазақстан халық батыры.


Дариға Тналина

Дариға 1921 жылы 17 наурызда Ажар ауылында әйгілі революционер Билял Тналиннің отбасында дүниеге келген. Тұңғыш қазақ әйел режиссері әлемдік және кеңес киносының алтын қорының фильмдерін қазақ тілінде дубляждауға баға жетпес үлес қосқан.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу