Отандық ғалымдар ел аумағындағы 700-ге жуық жерді «Қазақстанның киелі орындары» ретінде қарастырып отыр. Оның 80 пайызы далада орналасқан. Олардың арасында археологиялық, мәдени нысандар және ұзақ жылдар бойғы табиғаттың әсерінен пайда болған мекендер бар. Бүгін Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген ғалымдар дөңгелек үстел басына жиналып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына нысандарды ғылыми негізде іріктеудің тетіктерін талқылады. Мамандар өз еңбектерінің қазақстандықтарға еліміздің беймәлім жерлері мен әсем табиғатын ашуға септігін тигізетініне сенімді. Қазақстан аумағында зороастризм, тәңіршілдік, шамандық, христиандық секілді исламға дейінгі және ислам дәуірінің ескерткіштері бар. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тағы бір мақсаты – туризм саласын дамыту.
Дерек көзі: 24.kz