Банк Центр Кредит
БЦК объектіні бағалау құнының 60% дейін қарыз береді. 1 жылдан асқан мерзімде айыппұл шараларынсыз мерзімінен бұрын өтеуге болады. Өтінімді қарағаны үшін ұсталатын комиссия — 5000 тг, несиені ресімдегенге — 1%.
Сыйақы мөлшерлемесі: 17%-дан жоғары
Айсайынғы төлем: 50 000 тг
Комиссия: 25 000 тг
Артық төлем: 982 300 тг
Төлем сомасы: 3 007 300 тг
Qazaq Banki
Qazaq Banki бөлімшелері бар қалаларда несие береді. Несие төлем қабілетін толық растаумен 1 жылдан 10 жыл мерзімге дейін беріледі, ең төмен сома — 300 000 теңге, жанама растаумен — 7 жылға. Несиені ұйымдастырғаны үшін комиссия — 2%, өтінімді қарағаны үшін — 4000 тг. Қосымша шығынсыз мерзімінен бұрын өтеуге болады.
Сыйақы мөлшерлемесі: 17%-дан жоғары
Айсайынғы төлем: 49 705 тг
Комиссия: 44 000 тг
Артық төлем: 982 300 тг
Төлем сомасы: 3 026 300 тг
Сбербанк
Комиссия — 4,3%. Несие 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Оның ең жоғары сомасы — кепіл құнының 70% дейін.
Сыйақы мөлшерлемесі: 17,1%
Айсайынғы төлем: 49 800 тг
Комиссия: 86 000 тг
Артық төлем: : 988 765 тг
Төлем сомасы: 3 074 800 тг
Forte Bank
ForteBank 10 жылға дейінге кепілге несие береді. Табыс толық расталған жағдайда банк пәтердің немесе үйдің (30 млн. дейін) құнынан 70%-дейін, ішінара анкеталық деректер ұсынғанда — 50% және 25%-дейін. Несиені ұйымдастыруға ұсталатын комиссия қарыз сомасынан — 1,99%.
Сыйақы мөлшерлемесі: 19,99 — 25%
Ай сайынғы төлем: 53 000 тг
Комиссия: 39 800 тг
Артық төлем: 1 178 600 тг
Төлем сомасы: 3 218 000 тг
QAZKOM
QAZKOM-да табысты растаумен 10 жыл мерзімге дейін жылжымайтын мүлік құнының 70%-дейін несие беріледі. Ең төменгі сома — 1 500 000 тг, ең жоғарғы сома — 30 млн тг. дейін. Зейнеткерлер зейнетақысын QAZKOM арқылы алатын болса қарыз беріледі. Кепілге қойылатын мүлік еліміздің облыстық орталығында орналасуы керек.
Сыйақы мөлшерлемесі: 13%-дан жоғары
Айсайынғы төлем: 53 700 тг
Комиссия: 0,4% айсайын, немесе 5 жылға 480 000 тг
Артық төлем: 1 222 000 тг
Төлем сомасы: 3 222 000 тг
Нұрбанк
Банк тұтынушылық мақсатқа 6 айдан бастап 120 айға дейін несие береді. 30 млн. теңгеден аспайтын сома беріледі. Қарызды ұйымдастыру комиссиясы — 2%, бергенге ұсталатын комиссия — 10 000 тг. Сақтандыру мен бағалау — клиент есебінен. Мерзімінен төлеуге айыппұл салынбайды.
Сыйақы мөлшерлемесі: 18%-дан жоғары
Айсайынғы төлем: 55 000 тг
Комиссия: 50 000 тг
Артық төлем: 1 200 000 тг
Төлем сомасы: 3 250 000 тг
Қазақстан Халық Банкі
Халық банкі несиені 3 айдан 120 ай аралығына береді. Несиенің ең үлкен сомасы — 30 млн теңгеге дейін. Несиені ұйымдастыруға комиссия ұсталады — несие сомасынан 1% (ең төмені 10 000 тенге) және қолма-қолға айналдырғаны үшін — 1%. Қарызды 9 айдан кейін айыппұл шараларынсыз жабуға болады. Мүлікті және қарыз алушыны сақтандыру банк есебінен жүргізіледі. Кепілді бағалауға клиент өзі тапсырыс береді, банк қызметкері тек бағалауға салыстырма-тексеріс жасау үшін объектіге барады. Кепілге ұсынылатын үй 100 — жылға дейін салынған болуы керек.
Сыйақы мөлшерлемесі: 14%-дан бастап
Айсайынғы төлем: 52 500 тг
Комиссия: 40 000 тг
Артық төлем: 1 124 000 тг
Төлем сомасы: 3 264 000 тг
Bank RBK
Банк 6 айдан 120 ай аралығына несие ұсынады. Табысын растаған клиентке кепіл сомасынан 70%-дейін несие беріледі, растаусыз — 50%-ға дейін. Комиссиямен және комиссиясыз несие ұсынылады.
Сыйақы мөлшерлемесі: 18%-дан жоғары
Ай сайынғы төлем: 50 800 тг
Комиссия: 100 000 тг
Артық төлем: 1 211 000 тг
Төлем сомасы: 3 311 000 тг
Цеснабанк
Цеснабанк «Назар аударыңыздар, ақша» кредит желісін ұсынады, ол бойынша 10 жыл мерзімге дейін 500 000 тг. бастап мүлік құнының50% дейін қарыз ұсынылады. Комиссия — 0% немесе қарызды ұйымдастырғаны үшін 2,7%. Мақсатты аудитория — 18 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі клиенттер.
Сыйақы мөлшерлемесі: 21,5%
Айсайынғы төлем: 56 000 тг
Комиссия: 54 000 тг
Артық төлем: 1 350 000 тг
Төлем сомасы: 3 404 000 тг
АТФ Банк
Қарыз сомасы — 25 млн тг.дейін. 10 жыл мерзімге дейін. Айыппұл шараларынсыз мерзімінен бұрын жабуға болады. Комиссия — 0,75% қолма-қолға айналдырғаны үшін және өтінімді қарағаны үшін — 4000 тг.
Сыйақы мөлшерлемесі: 17%
Айсайынғы төлем: 58 000 тг
Комиссия: 19 000 тг
Артық төлем: 1 400 000 тг
Төлем сомасы: 3 419 000 тг
Дереккөз: kn.kz