facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-stanny-ay-zher-nde-160-zhyldan-astam-tabi-i-bal-nd-red
logo
Қазақстанның қай жерінде 160 жылдан астам табиғи бал өндіреді

22.02.2019

Қазақстанның қай жерінде 160 жылдан астам табиғи бал өндіреді

Әсел Куспанова, 32 жаста, туған қаласы — Санкт-Петербург, «Лепсинск Өнімі» ЖШС дамыту бойынша менеджері, @lepsihoney

фото Куспанова.jpg


Бәрі қалай басталды


Лепсі табиғи балын өндірумен, оны өлшеп ораумен және сатумен айналысатын компаниямыздың негізі 2016 жылы қаланды. Бірақ балдың өндірісі бұрыннан бері іске асырылып жатыр. Барлығы Лепсіден басталды – бұл Алматы облысының Жоңғар Алатауы тауларының маңындағы шағын ауыл. 1857 жылы осында алғашқы ара ұяларын алып келді және ауылдың негізгі қызметі ара шаруашылығы болды. Біздің директорымыз Фархат Абузяров омарташылардың төртінші буын өкілі. Бал жинаудың дәстүрі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Егер де зауытымызда өлшеп орау үшін заманауи техника қолданылса, балды жинауда дәстүрлі әдістер қолданылады.

Біз компанияны ұйымдастырдық, себебі лепсі табиғи балының ұмытылған танымалдылығын қайтаруды шештік. Өткен және одан алдыңғы жүзжылдықта бұл бал барлық Ресей империясы мен Кеңес Одағына әйгілі болды. 1913 жылы біздің балымызды Ұлы Жібек жолы бойынша Санкт-Петербургке жеткізетін. Бұл Николай II-нің сүйікті тәттісі еді. Кеңес заманында өнімді Жапония еліне экспорттайтын, сол жерде оны үздік балдың үлгісі ретінде мойындаған. Аймақта құжаттармен дәлелденген өндірістің бай тарихы жиналған мұражай бар.

Бал жинаудың дәстүрі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі

Lepsi Honey Catalogue_FIN_Electron6.jpg

Идея жайында


Кеңестік шаруашылығы ыдырағаннан кейін, лепсі балы ұмытыла бастады, ара шаруашылығы залалды іске айналды. Біздің міндетіміз – бал өндірісін жаңғырту, себебі бұл табиғи өнім – дәрумендер мен қуаттың қайнар көзі.

Қазақстандықтардың басым бөлігі дәрумендер мен дәрілермен бөлісуді жөн көреді, алайда бал – аурулардан қолданылатын көпшілікке белгілі халық рецептісі болып табылады. Қазақстанда балды тұтыну мәдениеті дамымаған. Біздің идеямыз – ара өсірушілерге өнімді жүзеге асыруға көмектесу. Біз қазақстандықтардың денсаулығын нығайту үшін өндіріс пен өнімді кеңге таратуды дамытқымыз келеді.

IMG_0380.jpg


Ерекшеліктер жайында


Біздің балымыз жинайтын аймағына байланысты емдік қасиеттерге ие. Лепсі қорықтың аумағында орналасқан – бұл өнеркәсіптік нысаналар мен автокөліктік желілері жоқ таза аумақ. Жер көптеген дәрілік шөптер мен өсімдіктерге, жеміс ағаштарына бай. Өсімдіктердің негізгі генетикалық коды сақталғаны бірегейлік жағдай, себебі басқа қалаларда ол экологияның, көліктердің, зауыттар мен қоршаған аймақтардың ықпалынан өзгеріске ұшыраған.

Сонымен қатар Лепсіде тек осы аумақта сақталған және Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер көп. Олардың арасында дәмді, әрі шипалы бал беретін балды гүлдер көп.

IMG-20170602-WA0173.jpg


Өндіріс жайында


Біз Лепсі аумағында экологиялық талаптарға сай келетін өлшеп орау зауытын орнатып қойдық. Жақында еуропалық стандарт бойынша БИО сертификатын аламыз. Біз балды өлшеп ораймыз, себебі санитарлық нормаларды сақтау – біздің басымдығымыз болып табылады. Балды бөліп өлшеп сатқан кезде, оның қалай және қандай жағдайларда сақталатыны белгісіз. Бізде ара ұялары бар, оған қоса біз балды жергілікті ара өсірушілерден сатып аламыз. Біздің директорымыз жазда ара ұялары орналасқан жерлерде жиі болып тұрады. Біз өнімді бастапқы күйінде аламыз.

Зауыт аумағында сапаны және ылғалдылық, диастаздық сандар, сахарозаның деңгейі сияқты қасиеттерді тексеретін зертхана бар. Біздің балымыздың құрамында қант жоқ және біз араларды қантпен қоректендірмейміз.

Жиналған бал біраз уақыт зауытта сақталады және біз оны арнайы декристаллизация технологиясы бойынша өлшеп бөлеміз. Бал өзінің қасиеттерін белгілі температурада жоғалтпайды және канцерогендерді бөлмейді.

_AMC4512.jpg

_AMC4533.jpg

Біздің міндетіміз – балдың пайдалы қасиеттерін сақтап, оны тұтынушының алдына бастапқы күйінде жеткізу.

Біз өнімді үш түр бойынша өлшеп ораймыз. Сол үшін біз бірегей дизайнды, әдемі қаптаманы ойлап шығардық. Маркетингтік саясаттың да мәні зор. Бізде үш бағыт бар: шыны құтылар, қолмен жөке ағашынан жасалған кішкене бөшке және сыйлық қаптамалар. Сыйға берілетін дизайнерлік жинақтарды қазақстандық менталитет бойынша жасадық – біз қонаққа жиі барамыз, ал бал пайдалы және әдемі сыйлық болады.

Жақында ағаш тақтайшаларында жасалған сыйлық жинақтары пайда болды, оған қоса біз ұяшықтарды шығарамыз. Бұл Қазақстан нарығындағы бірегей өнім. Ұяшықтар жөке ағашынан жасалған табиғи шкатулкаларда сатылады. Компаниямыздың ұраны – пайдалы тәттілерді сыйлау.

Біздің міндетіміз – балдың пайдалы қасиеттерін сақтап, оны тұтынушының алдына бастапқы күйінде жеткізу

_AMC5885.jpg

Өнім жайында


Бізде өніміміздің бір ғана сұрыпы бар – таудың алуан шөбі. Оның құрамына емдік шөптер мен өсімдіктердің бірнеше жүз түрі енеді. Біздің бағытымыз премиум дәрежесіндегі өнім болып саналады. Бұл бал сапасы бойынша басқа балдармен салыстыруға келмейді, сол себепті оның бағасы жоғары. 28-граммдық құтының бағасы – 300 теңгеден басталады және 1218 грамм құты үшін 4400 теңгеге дейін жетеді. Кішкентай ағаш бөшкелдерің құны – 5000 теңгеден 13 500 теңгеге дейін, сыйға берілетін жинақтардың құны – 2000 теңгеден 9300 теңгеге дейін жетеді. 10 және 20 грамм болып келетін бір рет тұтынуға арналған капсулалар бар. Біз оқушылар таңғы ас кезінде балды тұтыну үшін оны мектептерге енгізуді қалаймыз.

Қазақстанның мемлекеттік стандарты бойынша балдың сақталу мерзімі – бір жыл. Өткен жылы біз стандарттау университетімен бірігіп, балдың мерзімін үш жылға дейін созу бастамасымен шықтық. Дұрыс сақтау кезінде бал ешқашан бүлінбейді.

0114.jpg

Сонымен қатар өткен жылдан бастап біз жаңа бағытты іске асырдық – бұл тосаптар мен нәрсулар. Бұл өнімдердің бірегейлігі – құрамындағы жеміс пен жидектер жабайы жағдайларда өсіріледі. Оларға өңдеу мен тыңайту жұмыстары жүргізілмейді. Біздің аймағымызда алма ағаштарының бірегей сұрыпы сақталған және біздің брендіміз үшін аңызды да ойлап шығарудың қажеті жоқ, себебі Лепсі – жер бетіндегі нағыз жұмақ мекені. Біздің сұрыпталымымыз бай: шие, таңқурай, қараөрік, бүлдірген, долана, алма және басқа да дәмдер бар.

Біздің өнімдеріміз Астана және Алматыда таралғанына екі жыл болды, оған қоса ол Ақтау, Атырау және Қарағандыда ұсынылған. Оны әуежайларда сатып алуға болады, біздің бал көптеген шетелдіктерге ұнайды.

Бұдан бөлек, біз экспортқа бағыт алдық және өткен жылдан бастап балды Жапонияға, Ресейге, Қытайға сатып жатырмыз. Қазірде Араб Әмірлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, келешекте өнімді Еуропаға және Америкаға экспорттауды жоспарлап жатырмыз.


Жоспарлар жайында


Мақсаттарымыздың бірі – қазақстандық өнім мен брендті шетелге шығарып, таныту. Бізде мақтанатын және әлемге танытатын нәрселеріміз бар. Біз көптеген көрмелерге қатыстық және әртүрлі елдердің ара өсірушілерінің сүйсінген пікірлеріне ие болдық.

Мақсаттарымыздың бірі – қазақстандық өнім мен брендті шетелге шығарып, таныту

Біз спортшылар үшін максималды түрде ыңғайлы болып келетін нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Қазірде марафоншылар көп, оларға дистанция кезінде балды тұтыну пайдалы болады. Бал қуат береді, ас қорытуды және зат алмасуды жақсартады. Тұрғындардың әрбір тобы үшін ыңғайлы болып келетін қаптамалар жайында ойлаймыз. Біздің ең басты міндетіміз – қазақстандықтар арасында бал тұтыну мәдениетін көтеру.

Бағытты дамытып, жеміс-жидек қағына қант қосып қайнататын тосапты өндіру жоспарымызда бар. Оған қоса экспортты дамытамыз, қазақстандық табиғи өнімді шетелге шығарамыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Жақсы кофені қайдан табуға болады: Алматы, Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі specialty-кофейнелер
Жақсы кофені қайдан табуға болады: Алматы, Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі specialty-кофейнелер
Қазақстанда жазда демалуға болатын — ең керемет жерлер
Қазақстанда жазда демалуға болатын — ең керемет жерлер
Дәмді тағамдар бағалаушыларға арналған Астанадағы ең жақсы 10 мейрамхана
Дәмді тағамдар бағалаушыларға арналған Астанадағы ең жақсы 10 мейрамхана