facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-stannan-reseyden-zh-ne-t-zh-kstannan-shy-an-yr-yzdar-tmd-elder-ndeg-m-rler-zhayynda
logo
Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында

26.08.2019

Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында

Ресей

Омуралиева Айданек, 19 жаста, туған қаласы— Талас, «Инкахран» БКҰ Қ) операциялық бөлімнің экономисті

Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында

Көшуі жайында


Менің ата-анам әрқашан Қазақстан, Украина, Беларусь сияқты ТМД елдеріне барып жұмыс істейтін. Тоғыз жасымда болған кезде, біз Ресейдің Оренбург қаласына көшіп келдік.

Қырғызстандағы өмір қиын еді. Ата-анамда несиелер көп болды және оларды жабу керек болатын. Қарыздардан құтылу үшін, олар Ресейге көшіп келді. 2007 жылы біз Мәскеуге қоныс аудардық.

Ресейге көшкен кезде, мен кішкентай болатынмын, сол себепті қиындықтарды сезіне алмадым. Бірақ көшіп келетін адамдардың әрқайсысы қиындықтарға тап болады деп ойлаймын. Бастапқыда анам жұмысты, тұратын жерді табу үшін, астанаға жалғыз кетті. Біз әкем екеуміз Мәскеуге кейін көшіп келдік, бізден кейін ағаларым келді.

Ресейдегі өмір жайында


Мен балабақшаны және бірінші сыныпты Оренбургта бітірдім. Мәскеуде екінші сыныпқа бардым. Тоғызыншы сыныптан кейін, ертерек жұмыс істеу үшін колледжге кетіп қалдым. Бюджетке түстім. Ата-анама көмектесу үшін, 16 жасымнан бастап жұмыс істеймін. Колледжде оқыған кезде, McDonald's-та жұмыс істеп, мейрамхананың менеджері қызметіне дейін көтерілдім. Кейін жоғары оқу орынға түстім де, мамандығым бойынша «Московский Кредитный Банк» КАҚ еншілес компанияға жұмысқа орналастым.

Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында

Мен Мәскеуді жақсы көремін – қала ТМД елдерінің барлық азаматтарына тұлға ретінде және мансап жағынан өсу үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Бастысы – ниеттің және ерік жігердің болуы.

Ресей экономикалық тұрғыдан тұрақты және барлық мәселелер бойынша Қырғызстанға көмектесіп отырады


Маған Ресей ұнайды, оны барлық артықшылықтары мен кемшіліктерімен бірге жақсы көремін. Елдің аумағы таң қалдырады, қалалары өте көп, тілдері мен мәдениеті, діндері әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Ресей экономикалық тұрғыдан тұрақты және барлық мәселелер бойынша Қырғызстанға көмектесіп отырады.

Мәдениет жайында


Мен Мәскеуде басқа қырғыздармен араласамын. Интернетте танысып, достарға ие боламын. Қауымдастықтарда көп отырмаймын, себебі біздікілермен араласуды аса қажет етпеймін.

Қырғыздар мен орыстарды қанша салыстырсаң да, тілдік ерекшеліктерден бастап менталитетке дейін айырмашылықтары көп. Араласу үшін бастысы – адамды түсініп, қабылдау.

Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында

Біз барлығымыз әртүрліміз, ресейліктер де басқаша болып келеді. Мысалы, орыс ұлтында маған ұнайтыны – кең пейілділігі және мейірімділігі.

Отанымда және Мәскеуде тұратын қырғыздарды салыстырсам, осында олар көбінесе ақша табуды ойлаумен жүреді. Бұл қалыпты жағдай, себебі өзге елде болудың негізгі мақсаты – жақсы табыс табу.

Жоспарлар жайында


Америкада өмір сүру жоспарым бар.


Мажит Эгамкулов, 21 жаста, туған жері — Мургаб, студент


Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында


Көшуі жайында


Мен Тәжікстанда, Таулы Бадахшан автономиялық облысында тудым. Сол жерде негізінен Александр Македонскийдің ұрпақтары тұрады, оларды памирліктер деп атайды. Таулы Бадахшан облысында Мургаб деген аудан бар, сол жерде қырғыздар тұрады. Менің ата-анам да Мургабта туып өсті. Әкем мектепте мұғалім болып істейді.

Біздің ата-бабаларымыз көшпенділер, олар Кеңес заманына дейін де Тәжікстанда тұрған, Гималаи және Памир тауларында қоныс тепкен. Кеңес Одағы құрылғаннан кейін шекаралар белгіленді және олар сол жерде қалды.

Тәжікстандағы өмір жайында


Тәжікстанда тұру қиын, заңдары қатал. Жастар үшін жұмыс жоқ, көбісі шетелге кетеді.

Памирде, биік тауларда климат қатал, суық және қырғыздар жақсы өмір үшін бұрыннан тарихи отанына, Қырғызстанға оралып жатыр.

Мәдениет жайында


Біз Тәжікстанда барлық қырғыз салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтаймыз. Автономиялық облыста тәжіктерден бөлек тұрамыз. Қырғыз тлінде сөйлейміз. Жас жігіттер тек өз ұлтынан шыққан қыздарға үйленеді.

Біз Тәжікстанда барлық қырғыз салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтаймыз


Тәжіктер түркілер емес, олар иран халықтардың құрамына кіреді. Тәжік халқы қырғыздардан қатты ерекшеленеді, олар агрессивті және жауынгер халық. Оларда қырғыздарға тән ашықтық пен қонақжайлылық жоқ.

Тәжікстан аумағында тұратын қырғыздар Қырғызстандағы қырғыздардан ерекшеленеді. Тілдегі айырмашылық ерекше көзге түседі, Тәжікстанда өзіндік диалект бар.

Жоспарлар жайында


Мен Ош қаласында оқып, азаматтық алып жатырмын, келешекте Қырғызстанда тұруды жоспарлаймын.


Нұржігіт Сағымбекұлы, 23 жаста, туған қаласы — Тараз


Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында


Көшуі жайында


Менің ата-анам Талас облысы, Киров ауданы, Ключевка ауылында туды. Олар 1983 жылы жұмыс бойынша Қазақстанға көшіп келді. КСРО кезінде әкем партия мүшесі болатын және қызметінен кейін Қазақстанның ІІМ-де жұмыс істеді. Сол қызметтен зейнетке шықты.

Ата-анам Жамбылға көшіп, сол жерде қалды. Мен және ағам Қазақстанда туып өстік.

Қазақстанның нарығы бос, ал халықтардың салт-дәстүрлері мен менталитеті ұқсас, сол себепті көшкен кезде ешқандай қиындықтар болған жоқ. Демалыс кезінде біз Қырызстанға барып тұратынбыз, себебі Талас пен Тараздың арасы 100 километр ғана.

Қазақстандағы өмір жайында


Мен Төле би атындағы № 8 мектеп гимназияны бітірдім де, Қырғызстанда, Бішкек қаласында оқуға түстім. Кейін Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы Қордай ауылында шекаралық қызметте борышымды атқардым.

Қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде еркін сөйлемін, аздап ағылшын тілін де білемін. Алматы, Астана, Көкшетау қалаларында болдым. Велоспортпен және тауларда серуендеумен әуестенемін, Қырғыз диспораның, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне белсенді араласамын.

Біз Таразда тұрамыз. Бұл кішкентай, бірақ жылы және әдемі қала. Жаяу серуендеп, барлық нысаналарға жаяу жетуге болатыны ұнайды. Қала тұрғындары жылы шырайлы, көбісі бір-бірін таниды. «Джентельмены удачи» фильмінде «Жамбылға баруды қалаймын, сол жерде жылы, сол жерде анам бар!» деген сөз бар. Бұл сөздің арқасында қала бүкіл ТМД елдеріне танымал.

Қазақстанның артықшылықтары: әдемі табиғат, мәдениет нысаналарының алуандығы, әртүрлі ұлт өкілдері көптігі


Қазақстанның артықшылықтары: әдемі табиғат, мәдениет нысаналарының алуандығы, әртүрлі ұлт өкілдерінің көптігі, қалалардың дамуы, еуропалық деңгейге жету талпынысы.

Қазақстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан шыққан қырғыздар ТМД елдеріндегі өмірлері жайында

Осында коммуналдық және тағы басқа қызметтер үшін онлайн төлемдер қолданылатыны ұнайды. Бірнеше жыл бұрын банктер мен пошталарға баруға тура келетін, ал қазіргі кезде барлығы он минут уақыт ішінде үйден шешіледі. Сонымен қатар ТЖ көліктеріне билеттерді онлайн сатып алу мүмкіндігі ұнайды. Бірақ кейбір шалалықтар бар.

Мәдениет жайында


Біз Қазақстан халқы Ассамбесяның құрамына енеміз және қырғыздармен араласамыз, бізде «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі бар. Мейрамдар кезінде және маңызды күндері бірлестігіміз мәдени іс-шараларды, концерттерді ұйымдастырады. Талас облысындағы эстрада жұлдыздарын және филармонияны шақырамыз. Жобаларды талқылап, ауқымды іс-шараларға дайындалу үшін жиі жиналамыз.

Отбасымызбен Қырғызстанға барып тұрамыз. Мен үшін халықтарымыз бірдей, тек әріптерде айырмашылықтар бар. Тілдеріміз, мәдениетіміз және салт-дәстүрлеріміз ұқсайды. Менталитеттер арасында ерекшеліктер байқалады. Қырғыздар әллдеқайда турашыл және ұлттық салт-дәстүрлер мен ерекшеліктерге берілген.

Қазақстандағы қырғыздар қазақ және туған тілдерінде еркін сөйлейді, ал қалған сипаттамалар бойынша Қырғызстандағы қырғыздардан ерекшеленбейді.

Жоспарлар жайында


Кәсіби және рухани тұрғыдан дамып, ағылшын тілімді жақсартып, Еуропаға және АҚШ-ға барып келу жоспары бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап
Өзін-өзі бағалауға және ішкі сенімділікке ие болуға көмектесетін 9 кітап