facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-zh-g-tt-zhaponiyada-y-o-uy-kioto-alasyny-k-r-kt-zherler-zh-ne-zhapondy-tardy-erekshe-asietter-zhayynda
logo
Қазақстандық жігіттің Жапониядағы оқуы, Киото қаласының көрікті жерлері және жапондықтардың ерекше қасиеттері жайында

29.05.2019

Қазақстандық жігіттің Жапониядағы оқуы, Киото қаласының көрікті жерлері және жапондықтардың ерекше қасиеттері жайында

Шыңғыс Мұратали, 19 жаста, туған қаласы – Алматы, студент


Өмірі жайында


2015 жылы мен Алматыдағы мектепті бітірдім. Ата-анам мені Малайзияға жіберуді қалады, мен де қарсы болған жоқпын. Бірақ жазда анимемен әуестеніп, Жапония жайында оқып, адамдарымен араласа бастадым. Мен foundation бойынша инженер мамандығына оқуға түстім. Сол жердегі бір жыл бойы оқудан басқа ештеңемен айналыспадым, себебі оқу қиын болатын. Бірақ бос уақытымда әртүрлі кейіпкерлердің суреттерін сала бастадым. Мен инженер болуды қаламадым, нақты ғылымдарға деген қызығушылық болған жоқ. Ақырындап шығармашылықпен айналысуды қалайтынымды шештім, себебі сурет салумен қатар музыкамен айналыстым. Нәтижесінде Жапонияға барып, анимацияны оқуды шештім. Мен Ресейден Киото қаласындағы тілдік мектепке түсуге көмектескен адамды тауып алдым. Осылайша мен Жапонияда тап болдым.

Жапонияға келгенде, бастапқы уақытта адамдары таң қалдыратын


Осында келген кезде, қуанышымда шек болған жоқ. Жапония туралы барлық елестерім анимеге негізделген, сол себепті барлығы анимеде сияқты болады деп ойладым. Іс жүзінде барлығы басқаша болды. Бірақ айналамдағы барлық нәрселер мені таң қалдырғаны ұнады.

Ханами в Hirano-jinja (4).jpg

Жапонияға келгенде, бастапқы уақытта адамдары таң қалдыратын. Жапонияның мәдениеті өте жоғары деңгейде. Егер жапониялық адам сіз туралы жаман ойласа, ол бұны ешқашан көрсетпейді және сізге жақсы қарайды.


Қала жайында


Мен Алматыда тудым және алматылық табиғатты, тауларды жақсы көремін. Бірақ Алматыда әсіресе, түнде, адамдар қыдыруға шыққан кезде, у-шу болады. Жапонияға келген қазақстандықтардың басым бөлігі Токио немесе басқа үлкен қалаларда тұруды қалайды. Мен тыныш қалада тұруды қаладым. Киотоның өзі басқа жапондық қалалардан ерекшеленеді. Бұл бұрынғы астана және мәдени орталық болып табылады. Киотоның табиғаты әдемі, әсем көріністері, ғибадатханалары көп. Аниме жасайтын сүйікті компаниям Kyoto Animation деп аталады, бұл да осы қаланы таңдауыма әсер етті.

Көрікті жерлерінің ішінде мен Кинкаку-дзи деп аталатын Алтын павильонда болдым. Ол тұратын жеріме жақын орналасқан. Оның жанынан жиі өтемін. Оған қоса Арасияма деген жерде болдым – бұл таулар арасында орналасқан жер, жанында өзен ағады және бамбук орманы өседі.

IMG_1037.JPG

Фусими Инари — мыңдаған қақпалардың ғибадатханасы — өте әдемі жер. Бұндай жерлер тамаша әсер қалдырады.

Тілдік мектебіміздің қарама-қарсында білім Құдайына табынатын ғибадатхана бар. Адамдар емтихан алдында дұға оқу үшін сол жерге барады.

IMG_1063.JPG

Киото – Жапонияның велосипедтік астанасы. Барлық дерлік адамдары – аталар, ересек адамдар, балалар велосипедпен жүреді. Көліктер аса көп емес. Велосипедті қоятын арнайы орындар бар, бірақ олардың барлығы қымбат – 200-300 йеннан басталады. Дегенмен кішкентай қулық бар: егер көпке кетпесеңіз, велосипедті 24 сағат жұмыс істейтін және көлікті қоятын орындары тегін дүкендердің жанында қалдырып кетуге болады. Жапонияда бұған қатысты ережелері қатал сақталады, егер велосипедті тиісті емес орында қалдырып кетсеңіз, оны алып кетуі мүмкін. Велосипедтерді алып кететін арнайы қызметтер бар, кейін айыппұл талап етіледі.

Киото – Жапонияның велосипедтік астанасы


Киотода метро, поездар және автобустар бар. Менің ойымша, автобустар және метро ең ыңғайлы көліктің түрі. Автобустың құны 200-300 йеннен басталады. Метроның құны қаншалықты алыс жерге бара жатқаныңызға байланысты. Аса қымбатқа түспейтін қалааралық поездар бар.


Салықтар жайында


Мен студент ретінде салық төлемеймін, бірақ сатып алған нәрселерге салық салынады және кейбір жерлерде студенттеден салық талап етілмейді.


Медицина жайында


Жапонияның медицинасы ақылы. Студенттерге 30% көлемінде жеңілдіктер жасайды. Сақтандыру жайында айтсақ, бізге ай сайын өтеуді қажет ететін билеттер беріледі. Жылдық сақтандыруды төлеп болғасын, түбіртегін мектепке әкелеміз және бізге белгілі соманы қайтарады. Менде Қазақстаннан алып келген дәрі-дәрмектердің пакеті бар, сол себепті мен ауруханаларға бармаймын.

Киотода жедел жәрдем үзіліссіз жұмыс істейді


Киотода жедел жәрдем үзіліссіз жұмыс істейді. Егер көше бойымен жүрсеңіз, жолда әрдайым жедел жәрдем көліктерін көресіз. Қалада 80-90 жастан асқан қарт адамдар көп және олар велосипедпен жүреді. Егер біреу өзін нашар сезінсе, жедел жәрдем бірден көмекке келеді.


Тұрғын үй жайында


Ханами в Hirano-jinja (1).jpg

Киотода жеке тұрғын үйлер көп. Жапондықтарда кішкентай жер телімі мен үйлері болады. Олар кеңістікті қатты үнемдейді. Сырттан қарағанда, бұл жай ғана қорап ретінде көрінеді. Үйлер картоннан салынатын тәрізді. Қатты жел соқса, түк қалмайды. Үлкен көшелердің бойында жеті-сегіз қабатты ғимараттар бар, сол жерлерде адамдар пәтерлерде тұрады.

Мен жер үйлер орналасқан ауданда тұрамын. Жатақханамыздың иесі үйінің жанында екіқабатты жатақхана салды, мен сонда тұрамын. Бірінші қабатта ұлдар тұрады, екіншісінде – қыздар. Бөлмелер кішкентай және қарапайым, бірақ таза. Жатақхана үшін айына 30 000 йен төлеймін. Бірақ көшіп келген кезде, жиһаз, кілт және тағы басқа нәрселерді қосып санағанда шамамен 100-120 мың төлеу керек.

Жатақхана үшін айына 30 000 йен төлеймін


Китода бөлмелер мен пәтерлерді жалға беретін кеңселер көп. Олар сізге ауданы, шарттары, бағасы сай келетін пәтерді таңдап береді. Қызметтері аса қымбатқа түспейді.


ТКҚ мен телефон байланысы жайында


Бөлменің сыртында есептегіш тұрады және мен жазда төрт-бес мың йен, ал қыста жеті-сегіз мыңдай төлеймін, себебі қыста суық болады. Телефон қызметін қолданбаймын, себебі қажетті адамдармен мессенджерлер арқылы араласамын. Кез-келген жерде, әрбір аялдамада, әрбір орында тегін интернет бар.


Тамақ жайында


Қазақстанда болған кезде, Жапонияда барлық дәмді тағамдарды татып көремін деп ойладым. Осында келгесін, біздің қазақстандық тамақтан жақсы тамақ жоқ екенін түсіндім. Жапонияда тамақ дәмді емес деп айтпаймын, ол ерекше және қымбат. Кейбір кезде кішігірім табақтың құны Алматы мейрамханасындағы бүкіл отбасыға шығатын бағамен тең болады. Мен тойып тамақ ішуді жақсы көремін және бұл күшті мейрамхана немесе қарапайым фаст-фуд болатыны маңызды емес.

Жапонияның басты артықшылығы – осында өнімнің сапасына мұқият қарайды. Олардың дүкендерінде бұзылған өнім ешқашан жатпайды. Қазақстанда күн сайын ішім ауырып, кейбір өнімдерге аллергия болатын, ал Жапонияда ондай жағдайлар орын алмайды.

3.jpg

Мен жапондық тағамды аса ұнатпаймын, бірақ теңіз тағамдарын жақсы көремін. Мен асшаяны бар кеспені, раменді, удонды немесе окономиякині жей аламын.

Жапонияның басты артықшылығы – осында өнімнің сапасына мұқият қарайды


Киотода «Сайдзерия» деген итальян мейрамханалары көп. Сол жерде дәмді тағамдарды ұсынады және сапасы бағасына сай келеді. Көп жұмыс істейтін адамдар үшін жапондық фаст-фудтар бар – олар кіре салып, 500 йен ақшаға тойымды кеспе сатып алады.


Дүкендер жайында


Киотода қала ішінде сауда орамдары көп, олар базар ретінде орналасқан. Сонымен қатар «комбини» деген тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер бар. Оның ішінде барлық дерлік нәрселер табылады, бірақ бағалары қымбат. Сол жерде коммуналдық қызметтер, интернет-сатылымдарды өтеуге болады, тамақ, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді сатып алуға болады.

Сонымен қатар «комбини» деген тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер бар

Бұдан бөлек секонд-хендтар мен аутлеттер көп. Көп адамдар сондай жерлерде киінеді және бұл ұят болып саналмайды.


Білім беру жүйесі жайында


IMG_2221.JPG

Жапонияда сабаққа қатысу маңызды. Бұл білімнен де маңыздырақ болып табылады. Жаман оқысаңыз да, бірақ барлық сабақтарға қатысып жүруіңіз керек. Сабаққа қатысу деңгейіңіз 90% кем болса, сізді жазалауы, айыппұл салуы, тіпті оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Барлық сабақтар жапон тілінде жүргізіледі, көбісі ағылшын тілін біле бермейді – бір-екі сөз білуі мүмкін. Егер Жапонияға келсеңіз, жапон тілін міндетті түрде білуіңіз керек.


Адамдары жайында


Адамдар ережелерді сақтайды. Ақылға қонбайтын ереже болса да, жапондықтар оны ұстанады. Қазақстанда кез-келген жерде, кез-келген адаммен келісуге болады – адамға түсіндіруге болады, ол сенің жағдайыңды түсінеді. Жапонияда егер қандай да бір әрекет ережеге сай келмесе, келісуге болмайды. Жалынсаң да, ештеңе көмектеспейді. Мысалы, бір жерге, әсіресе жекеменшік жерге кір аяқ киіммен кіруге болмайды деген қатал ереже бар.

Бай адамдардың өздері ақшаларын үнемдеуге тырысады – кішкентай үйлер салады, қарапайым көлік жүргізеді


Бізде жақсы табыс табатын адамның үлкен үйі, көлігі болуы керек деген түсінік қалыптасқан. Ал осында олай емес. Бай адамдардың өздері ақшаларын үнемдеуге тырысады – кішкентай үйлер салады, қарапайым көлік жүргізеді.

Жапондықтар ақкөңіл. Жанжалды әзілге ауыстыруға тырысады, күлімдеп жүреді. Олар әрдайым көмектесуге дайын. Егер бір жерді іздеп жүрсеңіз, олар шаруаларын тастап, сол жерге дейін апарып тастай алады. Шетелдіктерге кешіріммен қарайды, себебі олар көп нәрселерді түсіне бермейді. Бірақ аға буын өкілдері шетелдіктерді ұната бермейді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
«Алтын виза» дегеніміз не және ол қай елдерде жұмыс істейді
«Алтын виза» дегеніміз не және ол қай елдерде жұмыс істейді
Дубайдың must visit орындары. Мереке Окасовтың айтуынша ең үздік 11 орын
Дубайдың must visit орындары. Мереке Окасовтың айтуынша ең үздік 11 орын