Жанат, 30 жаста, туған қаласы — Көкшетау
Тұратын елі: Оңтүстік Корея, Кимхэ қаласы
Мен Қазақстанда бизнес саласында жұмыс істедім, табысым жақсы болғанымен, тұрақты болған жоқ. Шетелде жұмыс істеу тәжірибем болды – мен АҚШ-да тұрып, жұмыс істедім. Сол себепті бір күні ұшаққа билет алып, құжатымды, ақшамды алып, Кореяда жұмыс істеп көруді шештім.
Оңтүстік Корея – әрдайым жұмыс жүріп жататын үлкен фабрика. Дегенмен басқа жақтан келушілер үшін бұл қызмет көрсету саласындағы жұмыс: далада, құрылыс алаңдарында немесе зауыттардағы жұмыс. Бұның өзінде маусым үлкен маңызға ие – мысалы, қыста келушілер үшін жұмыс аз болады, адамдарды негізінен наурыз айынан қараша айына дейін қабылдайды. Орташа жалақы 1300-ден 2500 долларға дейін жетеді.
Басты қиындық, әрине, тілдік кедергіге байланысты болды, бірақ мен ағылшын тілін жақсы білемін, корей тілі де аса күрделі емес. Сонымен қатар тұратын жерді және жұмысты бірден тауып алу маңызды. Менің жолым болды, осында достарым тұрды және бастапқы уақытта мен олардың үйінде тұрдым. Кореяда бастысы – мобильді болу, мүмкіндіктерді іздеп, оларды қолдана білу.
Жұмысты табу үшін, самушильдердің қызетіне жүгінуге болады, олар белгілі ақшаға ізденушілерге жұмыс тауып берумен айналысады. Мен автомобиль бөлшектерін жасап шығаратын зауытта жұмыс істеймін. Жұмыс күні 12 сағатқа созылады, біз таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейміз. Әртүрлі жұмыс болады, көбінесе бұл бірқалыпты жұмыс немесе дене еңбегі. Бірақ, әрине, басты артықшылығы – жалақы, Қазақстанға қарағанда осында еңбек әлдеқайда жоғары төленеді. Мысалы, мен айына кем дегенде 2000 доллар табыс табатыныма сенімдімін. Бұдан бөлек, зауытта жұмыс істесеңіз, сізге жатақхана, тамақтану ұсынылады.
Көптеген адамдар Кореяға табыс табу үшін келеді. Бірақ бастан кешіруге тура келетін қиындықтарды барлығы ұғына бермейді. Шыдамды болу керек, өз күшіңді шынайы бағалап, осында не үшін келгеніңді түсіну керек.