Карина Малиева, 22 жаста, туған қаласы ― Алматы, маркетолог
Көшіп келуі жайында
Менің түп тамырым – Қытай елі, арғы атам шамамен 1910 жылы Қазақстанға көшіп келді.
Менің атам – половник, ол Месанчи ауылында туған. Сол жерде ұзақ уақыт тұрды, Өскеменде жоғары лауызымда қызмет атқарды, шамамен сегіз жыл Венгрияда қызмет етті. Әкем де Қазақстанда туды, бірақ оны қызметі бойынша Қырғызстанға ауыстырып жіберді. Сол себепті мен алты жасқа дейін Бішкекте тұрдым, кейін біз Алматыға көшіп келдік.
Қазақстан жайында
Бішкекте дүниеге келсем де, Алматыны өзімнің туған қалам деп санаймын. Бес тілді білемін: дүнген, ағылшын, қазақ, түрік, орыс.
Алматыны жақын адамдарым және климаты үшін жақсы көремін. Қаладағы сүйікті жерім – таулар. Олар шынымен еліктіреді.
Мен Қазақстанды жақсы көремін, бұл менің Отаным. Әдеттегідей естілсе де, мен ашық аспанның болғанын және адамдардың басқа ұлттарға толерантты болғандарын қалаймын.
Ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайында
Адамдарға дүнгендердің кім екенін әрқашан түсіндуге тура келеді. Көбісі біз жайында біле бермейді. Туыстарым және достарымнан басқа дүнгендерді білмеймін. Бірақ мен ВКонтакте желісінде топ құрдым, сол жерде адамдар араласып, жаңалықтармен, мақалалармен бөлісіп отырады.
Біздің салт-дәстүрлеріміз дінмен тығыз байланысты. Құрбыларым баланың құлағына есімін сыбырлау себебін және тағы басқа нәрселерді түсінбейді. Біз үшін бұл қалыпты жағдай.
Біздің салт-дәстүрлеріміз дінмен тығыз байланысты
Тағам түрлері бойынша айырмашылықтар бар. Лағман, анлянфу, ганфан – біздің үйреншікті тағамдарымыз. Біз ащы, кептірілген тағамдарды жақсы көреміз. Менің достарым және таныс қазақтар тұздығы және еті көбірек болатын тағамдарды ұнатады.
Бұл айырмашылықтар бізді жақындастырады деп ойлаймын. Басқа ұлт өкілдерімен бөлісетін нәрселеріміз бар, олар да бізбен бөліседі.
Жоспарлар жайында
Магистр дәрежесін алу, жеке іспен айналысу, тарихи Отаныма барып келу жоспары бар. Басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарайтын елде әрі қарай тұра беруді қалаймын.
Закир Хасанов, 19 жаста, туған қаласы ― Алматы, студент
Қазақстан жайында
Мен және менің ата-анам Қазақстанның Алматы қаласында туып өсті. Біз бұл қаланы жақсы көреміз.
Менің сүйікті жерлерім – таулар, саябақтар, шағын бақтар.
Сабақтан бос уақытта саудамен айналысамын, үй тоқымасы бойынша интернет-дүкенім бар.
Менің сүйікті жерлерім – таулар, саябақтар, шағын бақтар
Мен өз ұлтымнан шыққан адамдармен араласамын. Негізгі тұрғындары дүнгендер болып табылатын ауданда тұрамын.
Ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайында
Дүнгендер мен қазақтар арасында ұқсастықтар көп. Мысалы, дүнгендер қазақтар сияқты қонақжайлылықпен ерекшеленеді. Біз үйге келген қонаққа құрметпен қараймыз және өзін жайлы сезінуі үшін барлығын жасаймыз.
Тек салт-дәстүрлер мен тағам түрлерінде айырмашылықтар бар. Дүнгендердің көптеген дәстүрлері дінмен байланысты, бұдан бөлек қазақтар көшпенді халықтың ұрпағы, ал дүнгендер отырықшы тұрмыс салтын ұстанған.
Дүнген тағамдарына қарағанда қазақ халқының тағамдары ащы болмайды.
Жоспарлар жайында
Қазіргі кезде интернет-дүкенімді әрі қарай дамытуды және университетті үздік бітіруді жоспарлаймын.
Исламдин Умаров, 26 жаста, туған қаласы ― Тараз, жеке кәсіпкер
Көшіп келуі жайында
Біз КСРО кезінде, 1956 жылы көшіп келдік – бұл Жапон-Қытай соғысынан кейін ауқаты жоғары адамдардың мүлкін тәркілеу және респрессиялар басталған кез еді.
Көшіп келген кезде, тіл мәселесі ғана қиындық туғызды. Бірақ жылдар өткен соң, барлығы оңалды. Мен Таразда тудым, қала маңында дүнген халқы қоныстанған жер бар, оны халық арасында «Дунгановка» деп атайды, ал ресми атауы Жалпақ-Төбе.
Қазақстан жайында
Қазірде мен Алматыда тұрамын. Осында даму үшін жақсы мүмкіндіктер бар, табиғаттың сұлулығы рахатқа бөлейді. Мегаполистен екі сағаттай жерде биік таулар, шөлді табиғат көріністері, көлдер, өзендер орналасқан – бұл керемет.
Бос уақытымда отбасымызбен қаланың сыртына шығып тұрамыз.
Ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайында
Уақытым шектеулі болғандықтан, мен дүнгендер қауымдастығына қатыспаймын. Бірақ басқа дүнгендермен жиі араласамын.
Дүнгендер мен қазақтар арасында ұқсастықтар көп, себебі екі ұлт бір дінді ұстанады.
Қазақтар – көшпенді халық, ал дүнгендер – отырықшы халық
Қазақтар – көшпенді халық, ал дүнгендер – отырықшы халық. Дегенмен Қазақстан – көпұлтты мемлекет және біз барлығымыз күн сайын елдің игілігіне жұмыс істейміз.
Жоспарлар жайында
Жеке бизнесімді дамытып, жақсы күйеу болу және жақсы әке атану.