Жақында Алматыда Moldanazar лейблінің Kunzharyq жаңа музыкалық тобының тұсаукесер кеші өтті. Біз вокалист Сражадин Алимен танысып, топ туралы білдік.
Али Сражадин, 19 жаста, Алматы қаласы, әнші, @kunzharyq
Өзі туралы
Бұрын мен сольник болып өнер көрсететінмің, ал енді біз Kunzharyq топ болдық. Екі жылдай осы сферада жүрмін.
Kunzharyq тобы туралы
Біз Темирбаев Амальмен @temerbayev бірге «Мен бэндті іздеймін» деген видео жасағанбыз. Сол кезде көптеген адамдар маған видеоны жібере бастаған. Сол жұмыстардың ішінен барлығын іріктеп, жақсы музыканттарды тауып алғанбыз. Солайша топ құрастырылды.
Біз инди-рок жанрында әндер жазамыз. Жалпы музыка жазу процессі туралы айтсақ, мен бірінші гитарамен мелодияны ойнап, ән мен сөзін өзім жеке жазамын. Одан кейін Евгений продюсер арқылы әндерді өндеп жазамыз. Қазір топ болғаннан кейін, біз топпен жұмыс жасап, болашақ әндерімізді бірге жазатын боламыз.
Шабыт пен өнер туралы
Мен көптеген әншілерден шабыт аламын. Соның ішінде Red Hot Chili Peppers, Spring, Sufjan Stevens және Moldanazar.
Менің алғашқы EP-альбомін тыңдап көрсеңіздер, сол жерде тек қана гитара және укулелемен жазылған әндер бар. Ал қазір менің өнерім рок жанрына қарай өзгеріп жатыр. Дегенмен ол бірден өзгеріс болған жоқ.
Менің өзімнің сүйікті әнім — «Сені еске алғанда». Өйткені маған оның сөздері мен ырғағы қатты ұнайды.
Болашақ жоспарлар
Біз қазір көптеген сингл дайындап жүрміз. Және де бұйырса бейнебаяндар да болады. Ең бастысы, көптеген жаңалықтарды бізден күтіңіздер.