Нұргүл Кереева, 22 жаста, туған қаласы — Ақтөбе
Өмірі жайында
Мен мектептен бері шетелге барып оқуды қаладым. Сол үшін ағылшын тілін оқыдым, ал 2013 жылы Аустрияға келдім. Мен есеңгіреп қалдым, себебі осында келген кезде, неміс тілінде онға дейін санай алмайтынмын. Университеттегі оқу да неміс тілінде жүргізілді, себебі мен мемлекеттік жоғары оқу орнына түстім. Тілді оқу маған ұнайтын, қазірде неміс тілі – менің сүйікті тілім. Аустриялық неміс тілі Германиядағы тілден ерекшеленеді.
Білім жайында
Мен Вена ұлттық университетінің физика факультетіне түстім. Оқуға түсу үшін Қазақстанда бір жыл оқу керек болды. Мен түскен кезде, оқыту тегін болатын. Тек семестр үшін 18 еуро студенттік жарнасын төлеу қажет болды, бірақ келесі жылы оқудың құнын көтерді, дегенмен Қазақстанға қарағанда осында оқу әлдеқайда арзанырақ.
Веналық жоғары оқу орнына түсу қиын емес, бірінші курстан кейін орныңды сақтап қалу қиынға соғады. Олар бірінші жылы жауып тастауды қажет ететін бағдарламаны береді, кейін студент нені оқуды қалайтынын өзі шешеді. Бірінші жылдан кейін көп адамдар әрі қарай өтпей қалады. Емтихандарды тапсыру үшін үш мүмкіндік беріледі, егер адам тапсыра алмай қалса, мамандығы бойынша бұл оқу орнында әрі қарай оқу құқығынан айырылады.
Қала жайында
Мен Вена қаласынан тәнтімін, бұл сүйікті қалаларымның бірі. Қай жерде болмасам да, бірнеше күннен кейін қайтадан Венаға оралуды қалаймын. Бұл қаланы «сенім» немесе «мейірім» деген сөзбен сипаттауға болады. Мысалы, осында қалайтын уақыт ішінде отырып, қалаған соманы төлеуге болатын орын бар.
Венаны тыныштық үшін жақсы көремін. Бұл елорда және осында адамға қажеттінің барлығы бар. Түнгі өмірге арналған Вена бар, классикалық музыка, театрлар және мұражайлар да бар. Бір жағынан Вена қамалдары мен тарихы бар ескі қала, басқа жағынан қарағанда – бұл заманауи және озық қала.
Мен көшедегі дәмханаларды жақсы көремін, жай ғана отырып өмірдің бұлақтай ағып жатқанын бақылауды ұнатамын.
Сонымен қатар маған көше фестивальдары ұнайды.
Қаланың өміріне қатысуға болады және ол үшін сізден ештеңе талап етілмейді. Студенттер үшін акциялар ұйымдастырылады, мұражайлар жылына бірнеше рет тегін экскурсиялар өткізеді. Жылына бір рет саябақта Вена симфониялық оркестрі ойнайды, соған мыңдаған адамдар келеді. Менің сүйікті мұражайым – Альбертина мұражайы. Сол жерге алғаш рет келген кезде, орыс авангардшылардың көрмесі өткен. Сол кезден бастап мен әрбір дерлік көрмеге барып отырамын.
Менің пікірімше, Венаның инфрақұрылымы үздіктердің қатарында. Осында метроның бес бағыты ғана бар, автобустар, трамвайлар және элекртичкалар көп. Демалыс күндері метро тәулік бойы жұмыс істейді. Автобустар көп болғасын, түнгі бірден кейін үштен бір бөлігі жұмыс істейді. Олар қаланың барлық жерлеріне барады, бұл өте ыңғайлы. Осында тұрып жатқан үш жарым жылдың ішінде таксимен бір рет қана жүрдім.
Тұрғын үй жайында
Бізде жекеменшік үйлер орналасқан аудан бар және ол әртүрлі елшіліктер үшін салынған. Студенттердің көбісі жатақханаларда тұрады, бірақ құны пәтерге төлейтін ақымен бірдей. Пәтердегі немесе жатақханадағы бөлімді жалдап тұру үшін айына шамамен 350-400 еуро кетеді. Мен қазірде аустриялық таныс қызбен екі бөлмелі пәтерде тұрып жатырмын және әрқайсысымыз өзінің бөлмесі үшін төлейді.
Тұрмысымыз ерекшеленеді. Менің көршім барлық нәрселерді, тіпті апта бойы қандай тамақ ішетінін жоспарлап қояды. Ол тамақты алдын-ала сатып алады және алдағы жеті күннің ішінде не ішетінін біледі.
Мен тамақ әзірлеген кезде, бөлісіп немесе бірге шәй ішуді қалаймын, осында бұндай нәрселер үйреншіксіз. Ал маған бұндай отырыстар жетіспейді.
Венада 23 аудан бар. Ауданның беделділігі метроның алыс болуымен айқындалады. Егер пәтеріңіз одан алыс орналасса, оның құны арзанырақ болады.
Түріктер тұратын түрік ауданы бар, еврей ауданы бар. Өзінің тұрғындарына демеу көрсететін аудандар бар. Сол жерлерде іс-шаралар жиі өткізіледі. Мысалы, егер марафонға қатысқыңыз келсе, әкімшіліктің қаржылық қолдауына жүгіне аласыз.
Коммуналдық қызметтерді құны өте қымбат. Интернетке төлеген кезде, оның ішіне радионың төлемі кіреді, бірақ ол сізде болмауы да мүмкін. Теледидар үшін де төлеу керек, сол себепті көп адамдарда теледидар болмайды.
Тамақ жайында
Аустрияда тамақ мәдениеті жоқ деп ойлаймын. Олардың ұлттық тағамдары – шницель және штрудель. Шницельді дүкеншіктерде, дәмханаларда, мейрамханаларда – барлық жерлерде сатады. Оны сырамен бірге ішіп жейді.
Адамдар жайында
Мен осында уақытты басқаша қабылдай бастадым. Себебі жергілікті адамдар барлығын жоспарлап жүреді. Бастапқыда бұл естен тандырады, бірақ осында он жылдан астам уақыт тұрып жатқан Қазақстаннан келген жақын құрбыларым да бұндай ырғаққа үйренісіп кетті. Кездесуді немесе дәрігерге баруды бір ай бұрын жоспарлап қою керек. Тіпті достармен, таныстармен, әріптестермен болатын кездесулер жайында бірнеше апта бұрын келісіп алу керек.
Сонымен қатар мен басқа адамдардың пікірлерін қабылдай бастадым. Себебі осында өзге біреудің пікірі – бұл бөгде пікір, тіпті достар да сирек пікір білдіреді. Тек сіздің пікіріңіз бар және ол маңызды болып табылады.
Осында 35 жастағы адам тұрмыс құрмаса және оның балалары болмаса – бұл қалыпты жағдай.
Аустриялықтардың отбасында қанша адам екенін білмей жүре алатыным таң қалдырады. Досымның ағасы бар екенін бір жылдан кейін ғана білдім. Олар бұл жайында айтпай жүреді. Мен көршіммен достастым және ол мені отбасымен бірге Рождествоны атап өтуге шақырған. Бұл естен кетпейтін күн болды, себебі аустриялық үшін бұл үлкен қадам болып саналады.
Менің ойымша, аустриялықтар – жылы шырайлы болса да, тұйық болып келеді. Егер бірдеңе қажет болса немесе қиындық туындаса, олар әрқашан көмекке келеді. Бірақ достасып кету – қиын.