facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yzdy-n-yu-yorkta-y-miri-zh-ne-aza-al-yansy-yymyny-is-sharalary-zhayynda
logo
Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

23.06.2019

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында


Нью-Йорк жайында


Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йоркқа келіп, осында тұрып жатырмын. Алғашқы бiр жарым жыл бойы Чикаго қаласына жақын жерде тiлдiк курстарды оқып шықтым. Кейiн Колумбия университетiне түстiм, қолданбалы математиканы оқып жатырмын. Мамыр айында оқуымды бiтiремiн.

Қазiрде Pree Line компаниясында тағылымдамадан ɵтiп жатырмын. Бұл сəн индустриясының тех-платформасы, ол бiздiң сайтымызға өзінің топтамасын шығаруды қалайтын брендтер арасындағы кɵпiр ретiнде жұмыс iстейдi. Кейiн қолданушылар пiкiр қалдыра алады. Бұл статистиканың арқасында брендтер киiмдерiнiң кɵлемiн есептей алады. Мен талдаушы қызметiн атқарамын.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Университетiмiздiң кампусы Жоғары Вест-Сайдта орналасқан. Оқу қарқынды жəне қызықты ɵтiп жатыр. Үй тапсырмалары кɵп берiледi, кейбiр кезде тамақ iшетін уақыт та болмайды. Университет студенттер үшiн iс-шаралар ɵткiзедi. Барлық студенттердi тегiн кофе-брейкке шақырады, караоке ұйымдастырады, батуттарды үрлеп қояды. Ал соңғы емтихандарға дейiн бiр апта қалған кезде, сағат түнгi 12-де негiзгi кiтапханаға оркестр келiп, оқушылар үшiн ойнайды. Келесi күнi түн ортасында барлық студенттер кампустың алаңына шығып, жастықтар күресiн ұйымдастырады. Бұл дəстүрге айналып бара жатыр.

Математика бойынша сабақ беретiн профессорларымның бiрi «Игры разума» фильмiн түсiруге атсалысты. Фильмде жазылғанның барлығы осы кiсiмен жазылды. Хаттармен болған кадрда оның жазуын кɵруге болады. Оның оқыту əдiстемесi ерекше, ол кiтаптағы ақпаратты басқаша түсiндiруге тырысады. Оны операға немесе балетке шақырған кездер де болды, бiрақ ол бұл ɵнердiң мəнiн түсiнбей, əрқашан бас тартатын. «Теорманы дəлелдеген тақтаға қарасам – мiне сұлулық, бұл ɵнер!» - деп айтады. Бұндай адамдарды кɵрген кезде, ɵзiң де жетiстiкке жетудi, пайда əкелудi қалайсың.

Жылына екi рет əртүрлi елдердiң Президенттерi шақырылатын кɵшбасшылық форумдар ɵткiзiледi. Осы iс-шараға қатысу үшiн, тiркелу керек. Елдердiң кɵшбасшыларын кɵрiп, оларға сұрақ қоюға болады.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Бiз Қазақстаннан келген қыздармен пəтер жалдап тұрамыз, барлығымыз университетте оқимыз. Емтихандар кезiнде оларды бiр апта кɵрмейтiн кездер болады. Кейбiр қыздар сабақ оқиды, кейбiреулерi ұйықтайды. Барлығы бiткеннен кейiн, бiз жиналамыз да, екi-үш сағат отырып, шəй iшемiз.

Нью-Йоркқа алғаш рет келгенде, кɵп нəрсенi күттiм. Теледидардағы жəне шынайы ɵмiрдегi нəрселер – мүлдем əртүрлi нəрселер.

Нью-Йоркта əртүрлi мұражайлардың болғаны ұнайды, ал университетiмiздiң студенттерiне солардың барлығына кiру тегiн. Ең үлкен мұражай – Метрополитен, осында əртүрлi кɵрмелер ɵтедi. Сонымен қатар Заманауи ɵнер мұражайы бар, соның арқасында Пабло Пикассо танымал болды. Заманауи ɵнер мұражайы оның «Авиньонские девицы» суретiн сатып алып, кɵрмесiне қойды, бұл кɵрменiң арқасында Пабло танымалдылыққа ие болды.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Бұл қалада кез-келген адамды кездестiруге болады. Бірде менiң ағам Лана Дель Рейдi кɵрдi. Бiз Билл Клинтон қатысқан кездесудi ұйымдастырдық, сонымен қатар университетiмiзге Барак Обама келiп, сɵз сɵйледi.

Көп адамдар осында келiп, қала лас және шулы деп шағымданады. Шынымен де солай, себебі халқы 8,5 миллион адамды құрайды. Бiрақ уақыт ɵте осы қалаға үйренiп, ғашық боласың. Осында метро əрқашан лас болады, бiрақ қызметi тиiмдi. А нүктесiнен Б нүктесiне дейiн ешбiр қиындықсыз жетуге болады.


Тамақ жайында


Мен жергiлiктi мейрамханаларды, аспазханаларды жақсы кɵремiн. Осында эфиопия, корей асханасының тағамдары дəмдi. Қазақ асханасын кездестiрген жоқпын, ɵзбек халқының тағамдары бар. Бiз кɵбiнесе үйде тамақ əзiрлеуге тырысамыз.

Кɵптеген дəмханаларда үстелдер кiшкентай жəне бiр-бiрiне жақын орналасқан, сол себептi жақын отырған адамдардың əңгiмелерiн тыңдауға болады.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Ең дəмдi мейрамханалар тɵменгi Манхеттонда орналасқан. Лазанья, карпачо тағамдарын ең дəмдi әзірлейтін La Lanterna di Vittorio итальяндық мейрамхана бар. Маған наубайханалар, əсiресе круассан-бəлiштi жасап шығарған Dominique Ansel Bakery наубайханасын ұнатамын. Дəмдi бельгиялық вафлилердi Le Pain Quotidien наубайхана-дəмханалары желiсiнде жеп кɵрдiм.

Осында адамдар бранчтарды ұнатады. Бранч – бұл тек сенбi жəне жексенбi күндерi таңғы ас пен түскi астың арасында берiлетiн тағам. Бұл отбасылар жиналып, мейрамханаға баратын демалыс күндері.

Кɵптеген американдықтар жылқы етiн тағамға қоспайды, ал кейбiреулерi жеп кɵрудi қалайды. Менiң құрбым француз азаматына тұрмысқа шықты жəне оған жылқы етiнен жасалған бешпармақ ұнайды.

Олар түскi асқа бiз сияқты кɵп тамақ iшпейдi. Ал кешкi асқа мол дастархан жаяды.


Адамдары жайында


Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Нью-Йорктағы ең ғажайып жер — Орталық саябақ. Барлық адамдар сол жерге барып, демалады, жүгiредi. Кɵп адамдар спортпен айналысады. Саябақта жүгiретiн екiқабат əйелдердi де кездестiруге болады.

Кɵп адамдар «органикалық» сɵзiне тəуелдi. Адамдар тағамды ГМА-сыз жəне химикаттарсыз болатын ɵнiмдердi қолдануға тырысады. Кɵптеген компаниялар осы салада кɵп ақша жасайды, себебi бұндай ɵнiмдердiң бағалары қымбат.

Нью-Йорктың адамдары ақкɵңiлдi, бiрақ елдiң оңтүстiгiнде одан да ақкɵңiлдi халық тұрады деп айтады. Олардың əрекеттерi шынайы болмауы мүмкiн бiрақ олар ұнамайтын нəрселердi жасырып, ешқашан тiл тигiзбейдi.

Бұл қала сəн орталығы болып саналады, бiрақ адамдардың кɵбiсi қарапайым стильде киiнудi жɵн кɵредi. Мысалы, Қазақстанда қарапайым болып саналатын киiмдi университетке кисем, группаластарым менiң қандай сұхбатқа немесе қандай iс шараға барайын деп жатқанымды сұрайды.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Бiрде мен Catreen Design қазақстандық дизайнердiң киiмдерiн алып келдiм, ол ɵнiмдерiн киiзден жасап шығарады. Бұл киiмдi киген кезде, адамдар маған қарап, бұндай киiмдi қай жерден сатып алуға болатынын сұраған.

Қазақстанға барып, Алматыға ғашық болған досым бар. Оның айтуынша, бiздiң адамдар қарапайымдылық, позитивтi қасиеттерімен Нью-Йорктағы адамдарға ұқсайды. Сонымен қатар тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша КИМЭП университетiне барып келген бiр афроамерикандықты танимын. Ол тiптi мен болмаған жерлерге барды жəне елiмiзден жақсы əсерде қалды.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Мен ҚазАльянс студенттiк ұйымының мүшесiмiн, бiз Америкадағы Қазақстанның Бас Елшiлiгiмен əртүрлi iс-шаралар ɵткiземiз. Бiз ұйымдастырған Наурыз мейрамына 300 адам: елшiлер, консулдар жəне тағы басқа адамдар болды. Биылғы жылы да мейрамды атап, Ұлытау тобын, Қыдырəлi, Қарақат əншiлерiн шақыруды жоспарлап жатырмыз. Аталмыш концерт Қазақстандық диаспора мен Елшiлiктiң ұйымдастыруымен ɵтедi.

Нью-Йоркта тұрып, ɵмiр ырғағының арқасында уақытымды жоспарлауды үйрендiм.

Оқудан кейiн Қазақстанға оралып, жұмыс iстеудi жоспарлаймын.

Қазақстандық қыздың Нью-Йорктағы ɵмiрi және Қазақ Альянсы үйымының iс-шаралары жайында

Нью-Йорктағы ɵмiрi жайында бɵлiскен – Айсұлу Карпыкова.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Шетелде автотрип: машинамен саяхат дайындау үшін не білу керек
Шетелде автотрип: машинамен саяхат дайындау үшін не білу керек