facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yzdy-london-alasyna-zh-ne-a-sha-a-degen-atynasy-alay-zgerd
logo
Қазақстандық қыздың Лондон қаласына және ақшаға деген қатынасы қалай өзгерді

05.07.2019

Қазақстандық қыздың Лондон қаласына және ақшаға деген қатынасы қалай өзгерді

A-level бағдарламасын бітіргеннен кейін, мен University College of London (UCL) оқу орнына түсіп, Лондонға көшіп кеттім. Ұлыбтританияның астанасында оқуға түскенге дейін, алғаш рет 2007 жылы болдым және сол кезде қала маған ұнады деп айта алмаймын, халқы көп және суық еді. Барлық достарым менімен келіседі, Лондон ұнау үшін, сонда ұзақ уақыт түрып, астананың туристік бөлігінен бөлек, нағыз өмірін көру керек. Лондонда тұрған уақыт аралығында қалаға деген қатынасым қатты өзгерді, сонымен қатар мен қала жайында біраз нәрселерді білдім.

Қазақстандық қыздың Лондон қаласына және ақшаға деген қатынасы қалай өзгерді


Студенттер жайында


Универсиетімізде жас кәсіпкерлер үшін көп байқаулар өткізіледі. Тапқыр студенттер жаңа бизнестің идеяларымен бөліседі: идея және сол идеяны жүзеге асыру үшін қанша қаржы керектігі жайында шағын жоспар ұсынылады. Егер байқауда жеңіске жетсең, белгілі сомадағы ақшаға ие боласың, бұл 5000 фунт немесе 20 000 фунттан артық ақша болуы мүмкін. Бұндай шаралар ұйымдастырушылық база үшін қаржылық негіздің және кәсіби мамандардың кеңестері берілуі үшін өткізіледі.


Ақша жайында


Лондон – бұл money «айналымға» түсетін қала. Ғылыми саладан мысал келтірейін.

Ғалымдар мақалаларының басылымы үшін журналдарға ақша төлейді. Ғалымдардың басылымдарына көбінесе университеттік қорлар демеушілік көрсетеді. Қорларға ақша үкіметтен түсуі мүмкін. Ақшаның қорлардан журналдарға, мемлекеттік бюджетке, қайтадан ғылыми орталықтарға және әрі қарай жүзеге асуы виртуалды циклді құрайды. Ешкім сол ақшаны пайдаланбайды, бірақ олар түсімі болуы мүмкін жерлерге түсіп отырады. Осындай айналымның арқасында Money одан да көп money жасайды.

Қазақстандық қыздың Лондон қаласына және ақшаға деген қатынасы қалай өзгерді


Мәдениет жайында


Лондонда БАҚ өте дамыған. Адамдар тегін газеттерді метрода оқып отырады, кеш сайын теледидар қарап, күн сайын көшелердегі плакаттарды оқиды. Сол себепті адамдардың не жайында сөйлесіп, дүкенде не алатынын, нені жақсы, нені жаман санайтынын болжап білуге болады. Өмір салты мен пікірдің жаппай БАҚ өкілдерінің айтқандарына негізделсе де, Лондонда «басқаларға ұқсамайтын», ерекше адамдар құпталады. Trafalgar алаңында жыл бойы күлгін түсті тауықтың үлкен мүсіні тұрды. Кейін бұл мүсіннің орнына жылқының қаңқасы қойылды. Лондонда біркелкілік пен креативтілік үйлесімдік табады.


Сүйікті барлар жайында


Лондонның тұрғындары нені жақсы көреді? Жарнамалық плакаттар мен әлеуметтік желілерге қарағанда, адамдар тамақты, киім-кишекті, музыканы және саяхатты ұнатады.

Лондондық тұрғынның түсінігіндегі бар дегеніміз не? Бұл демалу мен араласу үшін жиі баруға болатын сүйікті орын. Жұмыстан кейін достармен/әріптестермен барға бару – қалыпты жағдай, ал жұма және сенбі күндері бару – міндетті нәрсе. Англияда сыра өте кеңге таралған. Осында алма мен алмұрттан жасалатын алкогольді сусын – сидр де көпке танымал. Тағы бір ерекшелік: барларда халық көбінесе сыртында жиналады. Адамдар саптяақтарымен тұрып, әңгімелеседі, сол себепті демалыс күндері барлардың жанында көп халықты көруге болады. Қыстың өзінде олар жиналады, себебі ағылшын адамдары ешқашан тоңбайды – бұл да бір ерекшелік.

Қазақстандық қыздың Лондон қаласына және ақшаға деген қатынасы қалай өзгерді


Маған осында тұру ұнайды ма?


Маған осында тұру ұнайды. Лондонда жақсы саябақтар көп – олар үлкен және жасылға толы. Әр жерде жалдауға берілетін велосипедтер бар. Қаланың сәулеті әдемі, жайлылық пен адамдардардың, іс-шаралардың алуан түрлері табылады.

Лондонда көп ұлт өкілдері тұрады: халықтың 40% британдықтар емес.

Маған осында тұру ұнайды, себебі бұл қызықты. Үйде отырмасаң, бірнеше жыл ішінде ой-өрісіңді кеңейтуге болады.

Батыс пен Шығыстан, аңқау және тәжірибелі, мейірімді және мықты, жастар және жанынан безгендер жалғыз немесе біреумен келетін адамдар бар жерде ғажайып оқиғалар болмауы мүмкін емес. Бардағы бейтаныс адамнан Африкадағы өмірлік тәжірибесін тыңдап, елімнен мыңдаған километр жерде туған жаны жақын адамды кездестіру, туған тілінде сөйлемейтін адамға ғашық болу – бұндай ғажайып нәрселер осы қалада тұратын әр адамның өмірінде орын алуы мүмкін.

Қазақстандық қыздың Лондон қаласына және ақшаға деген қатынасы қалай өзгерді

Қазақстанда Лондон туралы айтқанда, адамдар ханшайым мен қызыл автобустарды елестетеді. Мен қызыл автобустарды күн сайын көремін, ал ханшайымды – бір де бір рет көрген емеспін. Барлық адамдарға Англияның әйгілі астанасына баруға ұсынбаймын, себебі әркімде өзінің ерекше қаласы бар. Бірақ Лондондағы өмір жайында білгіңіз келсе, сол жерде тұрған адамның әңгімесін тыңдауға болады. Менің сіздермен бөліскен әңгімемді мысал ретінде алуға болады.


Ұлыбританияның астанасындағы оқуы мен өмірі жайында бөліскен – Диана Ким.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.