facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yzdy-ispaniyada-y-o-uy-zh-ne-300-raytyn-kommunaldy-yzmetter-zhayynda
logo
Қазақстандық қыздың Испаниядағы оқуы және 300 € құрайтын коммуналдық қызметтер жайында

31.05.2019

Қазақстандық қыздың Испаниядағы оқуы және 300 € құрайтын коммуналдық қызметтер жайында

Динара Мұратбек, 23 жаста, туған қаласы — Қызылорда, студент


Өмірі жайында


Пекиндегі оқуды бітіргеннен кейін, мен үйге оралып, Қазақстанда жұмыс істеймін деп ойладым. Бірақ ата-анам қосымша испан тілін оқуға кеңес берді, себебі бұл халықаралық тілдердің бірі. Мен бірден келістім, бірақ барлығы аяқ астынан болды.

Сол кезде Еуропада болып көрмедім. Сол себепті интернетте бар ақпаратты іздей бастадым . Адамдар шетелге барған кезде, алаңдап жүреді, бұл жаңа ел деп ойлайды, ал менде ондай сезім болған жоқ – Барселона болса, Барселона деп ойладым. Мен бұл қала туралы оқыдым және ол маған ұнады.

Барселонаның әуежайында мені қарсы алды, көлікке отырғызды және мен: «Не деген қала, ешқандай биік ғимараттары жоқ» деп ойладым. Риза болған жоқпын. Кейін тұрғын үй бойынша қиындықтар туындады – тұратын жерім болған жоқ, біраз уақыт таныстарымның үйінде тұрдым. Алғашқы аптада күйзелісте болдым, ештеңе ұнамады, барлығы қымбат болып көрінді. Азиядағыдай биік ғимараттар жетіспейтін. Кейін ғана үйрене бастадым.

17991140_326294314456344_7325981858313870948_n.jpg


Қала жайында


«Испания» деген кезде, ойға астанасы Мадрид емес, Барселона келеді. Егер қазақстандық Барселонаға барса, жақсы таңдау жасайды, себебі осында өмір деңгейі мен атмосфера мүлдем басқа.

Барселондықтар өздерін испандықтар деп санамайды, олар каталондықтар және тәуелсіздік алуды қалайды. Қаланың өзі толықтай дерлік Антонио Гауди сәулетшімен салынған – бұл әдемі ғимараттар. Қала үлкен емес, оны екі жарым, үш сағаттың ішінде жаяу аралап өтуге болады. Мен қала орталығынан 30 минуттық жерде тұрдым. Егер де бұрын университетке дейін автобуспен немесе метромен жетсем, соңғы кезде жаяу жүре бастадым. Бұл қаланы бір рет барып көру керек, себебі оның сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес.

Барселонаға баруды ұсынса, біріншіден, жақсы ауа райы, теңіздері үшін және Гауди үшін барар едім, себебі мен сәулетті жақсы көремін. Оның туындыларын өз көзімен көру баға жетпес мүмкіндік.

Барселонета жағажайы ең үлкен әсер қалдырды. Бұл туристік орын, сол жерде көп адамдар серуендейді, бірақ мен үшін бұл ерекше орын, себебі осында келген кезде, алғашқы аптада көңіл-күйім болмай жүрді, қазақ досым мені осы жағажайға шақырды. Осында ән тыңдап отырғаным және сол кезде «Мен Барселонадамын, мен осындамын!» деген ой келгені есімде. Сол кезден бастап, Барселонета жағажайы – сүйікті жерім болып табылады. Сабақтардан кейін әрқашан осында келемін, үй жұмысын орындаймын, кофе ішемін, демаламын, теңізге, толқындарға қараймын, тыныштық күйін кешемін және осында болу мүмкіндігім үшін Аллаға ризашылық білдіремін.

16997745_302056960213413_7779149251098075215_n.jpg

Егер Барселонаға келсеңіз, көлікке бір реттік билет алмаңыз. Егер метро мен автобусқа бір реттік билеттің құны 2,15 еуро болса, 10 рет жол жүру 10 еуро тұрады. 25 жастан кіші болсаңыз, барлық көлік түрлеріне үш айға арналған билетті сатып ала аласыз. Оның құны 105 еуроны құрайды. Супермаркеттерде, мысалы, Mercadona-да бір реттік билеттерді алмаған жөн, 1 еуро тұратын көп реттік пакет алуға болады. Егер әрдайым бір реттік пакет алып тұрсаңыз, көп ақша кетеді.

Қаланың инфрақұрылымы дамыған. Күндізгі автобустар бес-он минут сайын жүреді, қарбалас сағаттарда екі-үш минут сайын жүреді. Сонымен қатар түнгі автобустар бар. Барселонада таксиді қызметін қолданбай-ақ қоюға болады, себебі бір адамға кем дегенде бес-алты еуро шығады. Метро күн сайын 24:00 дейін жүреді.


Салықтар жайында


Мен студент ретінде салықтар төлемеймін, себебі жұмыс істемеймін және жеке меншік мүлкім жоқ. Егер үй алсаңыз, шаршы көлеміне, мәдени орындарға қатысты орналасқан жеріне байланысты құны өзгеріп отырады –айына орташа 500 еуроға және 2000 еуроға дейін жетеді.


Медицина жайында


Испанияда сақтандыруға ие болу шарт. Барселонаға барған кезде, бастапқыда Қазақстанда үш айлық визаны аласыз. Шенген аумағына кіру үшін сақтандыру алғашқы 90 күнге Қазақстанда рәсімделеді.

14937213_243563002729476_1181853709513909227_n.jpg

Барселонаға келген кезде, студент карточкасын, тұруға ықтиярхатты аласыз, кейін сақтандыруды сатып алу қажет. Ең арзан сақтандыру он еуро тұрады, оны жарақаттар кезінде қолдана аласыз. Одан қымбаттысы – отыз еуродан басталады. Бұл жағдайда сақтандыру компаниясымен келісесіз, олардың қандай ауруханалармен серіктестік жасайтынын біле аласыз. Аурухана қаншалықты жақсы болса, сақтандыруы соншалықты қымбат болады. Емделуге кететін барлық шығындарды өтейтін сақтандырудың түрі бар, кейін 80% қайтарылады. Менде сақтандырудың ең тиімді түрі бар. Маған соны алуға кеңес берді, бірақ мен оны әлі қолданып көрмедім.

Жедел жәрдемнің қызметі де сақтандыруға байланысты. Мен алған сақтандырумен жедел жәрдемнің қызметі тегін ұсынылады. Мен 112-ге хабарласып, мәселемді айта аламын. Дәрігер үйіме келеді. Испанияда тұрып жатқан шетелдіктер 112-ге хабарласа алады, бірақ кейбір ауруханалар сол үшін 5 еуро алады. Жедел жәрдемді дағдарысты жағдайда, пациент өзі бара алмаған кезде шақырту керек.


Тұрғын үй жайында


Грасия деген аудан бар. Ол орталықта орналасқан, аумағындағы үйлер әдемі болып табылады, сол жерде байырғы барселондықтар тұрады. Негізінен олар қабатты үйлерде тұрады. Бай адамдар қаланың сыртында тұра алады. Бірақ үй үлкен болса, салығы да жоғары болады. Барселонадағы адамдар негізінен пәтер жалдап тұрады.

Тұрғын үйдің құны өзгеріп отырады. Өзім орталыққа жақын тұрдым және төрт бөлмелі пәтеріміз 1 000 еуро тұрды. 1 000-нан 1 500-ға дейін жақсы пәтерді жалдауға болады. Барселонаға келген кезде, тұрғын үй – ең қиын мәселе болып табылады. Мәселені шешудің ең жақсы жолы – Facebook желісінде Barсelona Rooms, Barсelona Accomodations парақшаларын тауып, нақты бюджетке бөлме іздеу жайында өтінімді қалдырып кету.


ТКҚ және телефон байланысы жайында


Мен коммуналдық қызметтер үшін айына 300 еуро төледім. Пәтеріміздің иесі интернет үшін айына 25 еуро төледі.

барселона.jpg


Тамақ жайында


Испанияда тамақ мәдениеті дамыған. Осында келсеңіз, міндетті түрде паэльоның дәмін татып көруіңіз керек. Бұл олардың ұлттық тағамы – теңіз өнімдері қосылған күріш. Біздің палауымызға ұқсайды, тек қою болып келеді. Инспандықтар етті жақсы көреді, қазақтар сияқты барлық тағамдарға қосып жейді. Сонымен қатар пинчосты жеп көру керек – бұл багет кесегіне теңіз өнімдерін немесе қуырылған көкөністерді қосып берілетін жеңіл тамақ. Испандықтар өте көп тамақтанады. Кешкі асқа шарап немесе сангрияны ішеді.

Үйде тамақ пісіру арқылы үнемдеуге болады. Мен тамақ дайындауды ұнатпаймын, көшеде тамақтануды ұнатамын. Егер үйде дайындасаңыз, аптасына 40-50 еуро кетеді.

Супермаркеттерде әдетте әрдайым жаңадан піскен көкөністер болады, азық-түліктері қымбат емес. Барлық азық-түліктерді табуға болады. Егер сыртта тамақтансаңыз, 10-15 еуро кетеді.

Қытайда тұрған кезде, қытайлық тағамды ұнатпайтынмын және италиялық, орыс, түрік мейрамханаларына барып жүретінмін. Барселонаға келгесін, қытайлық мейрамханаға бардым және сол жердің тағамдары дәмді, енді бұл менің сүйікті жерім. Сонымен қатар достарыммен барларда, пабтарда отыруды ұнатамын.

Қазірде Барселона саяхатшылар арасында танымал жер болып табылады, көп мейрамханалар орналасқан Каррер-де-Блай деген көше бар. Олар өте көп, сіз тіпті қайсыған кіреріңізді білмей тұрасыз. Бұндай жерді әлі көрген емеспін, барлық достарыма соған баруға кеңес беремін.


Дүкендер жайында


ZARA — бұл испандық бренд, сол себепті оны әр жерде кездестіре аласыз, әсіресе қаланың орталығында көп. Бағалары Ресей мен Қазақстанға қарағанда төменірек. Грасси ауданында Майкл Корс, Луи Виттон, Шанель және т.б. брендтері орналасқан.

барселона2.jpg

Қаладан жарты сағаттық жерде La Roca Village аутлеті орналасқан, сол жерде қолайлы бағалар бойынша брендтік киімдерді сатып алуға болады. Сіз La Roca Village-ке барып, taxfree қызметін рәсімдей аласыз және үйге ұшқан кезде, жұмсалған сомадан белгілі пайыздарға ие бола аласыз.


Білім беру жүйесі жайында


Магистратурам қыркүйекте басталады, бұған дейін мен испан тілін оқыдым. Бізде бағалау жүйесі бес баллға негізделсе, Испанияда бірден тоғызға дейін жетеді. Мені бағалаған кезде, баллдардың мәнін түсінбейтінмін. 1-4 – төмен баға, 5-6 – қанағаттанарлық, 7-8 – орташа, 9-10 – жақсы баға.

Университетте әлемнің басқа оқу орындарында сияқты кредиттік жүйе. Бірақ ешкім ештеңені талап етпейді, толықтай еркіндік беріледі.


Адамдар жайында


Барселона – туристік қала, байырғы испандық тұрғындарды сирек кездестіресің, керісінше – шетелдіктер көп. Бірақ мен каталондықтарды кездестірдім, олар ашық, кез-келген сәтте көмектесуге дайын. Барселондықтар әрдайым позитивті күйде, белсенді болып жүреді. Оларда жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар алдында жату әдеті жоқ. Олар адамдармен араласуды жақсы көреді.

Университетке түскен кезде, қиындықтарға тап болдым. Испан тілін оқытатын ұстазыма жүгіндім, ол Барселонаның байырғы тұрғыны. Ол маған көмектесті. Әрдайым қал-жағдайымды біліп жүрді.

Барселондықтардың барлығы «Барселона» командасын қолдайды. Егер спортбарда басқа команданы қолдап отырсаңыз, сізді әртүрлі дәлелдер мен фактілер арқылы «Барселонаны» қолдауға көндіреді.

Мен Барселонада магистратураны бітіріп, сол жерде жұмыс істеуді жоспарлаймын. 5-10 жылдан кейін Қазақстанға маман ретінде баруым мүмкін. Барселонаға баруды қалайтын адамдарға айтарым – сіз осы қаланы 200% жақсы көріп кетесіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
2024 жылы көруге болатын 8 аниме
2024 жылы көруге болатын 8 аниме
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Саяхатта қалай байланыста болуға және ғаламторды шетелде пайдалануға болады
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Алматыдағы 10 үздік сұлулық салоны
Алматыдағы 10 үздік сұлулық салоны