facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yzdy-bel-giyada-y-m-r-hipsterl-k-kofehanalar-zh-ne-bel-giyaly-tardy-turashyldy-y-zhayynda
logo
Қазақстандық қыздың Бельгиядағы өмірі, «хипстерлік кофеханалар» және бельгиялықтардың турашылдығы жайында

07.06.2019

Қазақстандық қыздың Бельгиядағы өмірі, «хипстерлік кофеханалар» және бельгиялықтардың турашылдығы жайында

Әсел Абдилова, 21 жаста, туған қаласы — Алматы


Өмірі жайында


Мен Бельгиямен 2013 жылы таныса бастадым. Сол кезде қосарлы диплом бағдарламасы бойынша грантқа ие болып, келесі екі жылды Бельгиямен шекаралық жерде орналасқан Лилль француз қалашығында тұрдым. Бұл қала шекараға жақын орналасқандықтан, Бельгияға жиі саяхаттау мүмкіндігім болды. Туристік сапарларым кезінде біраз уақыттан кейін студент ретінде қайтадан ораламын деген ой да болған жоқ еді.

2016 жылы мен қазақстандық жоғары оқу орынды бітіріп, өндірістік тәжірибеден өтіп жүрдім, сол кезде білімімді тереңдетуді қалайтынымды түсіндім. Магистратураға түсемін деп шештім.

Брюссель.JPG

Брюссель – НАТО және ЕО ұйымдарының штаб-пәтерлері орналасқан қала. Елді таңдаған кезде, бұл ұйымдарда тәжірибеден өту арманы, қауіпсіздік, сонымен қатар Еуропаның жүрегінде тұрып, оқу мүмкіндігі шешуші факторлар ретінде болды.

Жергілікті жоғары оқу орындарды мұқият зерттегеннен кейін, таңдауым Антверпен Университетіне түсті


Университетті таңдаған кезде, жоғары оқу орынның абыройын, білімнің сапасын және студенттердің пікірлерін бірінші орынға қойдым, кейін оның орналасқан жеріне қарадым. Осылайша Антверпенге түстім. Оқуға түсу үш кезеңнен тұрды, шамамен төрт ай бойы шақыру хатын алаңдап күткенім есімде.

R3PI2amXb9w.jpg

Негізінен, әрбір бельгиялық қаланы бір күннің ішінде аралап шығуға болады, бірақ қараңғы түспей кетуге асықпаңыз. Бельгиялық қалалар түнде, көмескі жарық қосылып, «пірәндік» үйлер қаланың арықтарында көрінген кезде айрықша әдемі. Менің пікірімше – бұл адамдарды Бельгияға ғашық болуға және бұл қалаға қайта оралуға мәжбүр ететін сиқыр.

Бельгия – бұл босқындарға бейілділік танытатын ел, сол себепті Еуропалық Одақтың астанасына келген кезде, әртүрлі мәдениеттердің, нәсілдердің және тілдердің арасына тап боласыз. Әрбір бельгиялық қалада әртүрлі аудандар бар, мысалы қытайлық «Чайнатаун», мароккандық, еуропалық және тағы басқалары. Ең қызығы – бельгиялықтардың өздері Брюссель немесе Антверпен сияқты ірі қалаларда тұрмайды. Олар қала маңындағы тыныш қалашықтарда тұруды жөн көреді, орталықта негізінен студенттер және қоныс аударғандар тұрады.

Бельгияда Қазақстандағыдай ресми түрде екі тіл қолданылады – француз және голланд, дегенмен бельгиялықтардың барлығы ағылшын тілінде сөйлейді, сол себепті шетелдіктерде қиындықтар туындамайды.


Қала жайында


DSC_0652.JPG

Антверпен Бельгияның Фламанд бөлігінде орналасқан және халқы голланд тілінде сөйлейді, бірақ жергілікті диалектерге байланысты оны фламанд тілі деп атайды. Бастапқы кезде айналамда голланд тілін есту үйреншіксіз болды және өзім біраз уақыт бойы оқыған француз және испан тілдерін қолданбайтыным өкінішті болды. Бірақ әлеуметтік ортаға бейімделгеннен кейін, мен әлемнің әртүрлі елдерінен келген достарға ие болдым және біз халықаралық кешкі астарды, пикниктерді және серуендерді жиі ұйымдастырамыз, сол себепті тіл жайында болған өкінішім көпке созылған жоқ, достарыммен ағылшын, испан және француз тілдерінде араласамын.

Антверпен – Бельгиядағы жер көлемі бойынша екінші қала, Еуропадағы ірі порттардың бірі, сонымен қатар гауһарды бедерлеудің әлемдік орталығы. Жалпы бұл қала Бельгияға ЖІӨ 12% береді


IMG_6212.JPG

Антверпенде жарты жыл ғана тұрып жатқаныма қарамастан, оны бар жүрегіммен жақсы көріп кетуге үлгердім және сүйікті жерлерім де пайда болды. Мысалы, демалыс күндері мен Шельды өзені бойымен MAS мұражайына қарай серуендеуді ұнатамын. Мұражайдың шатырынан Антверпенге кең көлемді керемет көрініс ашылады. Бұл бос уақытымда барудан жалықпайтын жерім. Егер Антверпенде болсаңыз, бұл мұражайға дейін бару үшін уақытыңыз бен күшіңізді аямаңыз. Ол қала орталығынан 15 минуттық жерде орналасқан, бірақ бұл сүйкімді аллеяларды, өзен бойындағы кемелерді, зәкірлерді, тіпті эммиграция мұражайын – бір сөзбен айтқанда, қалашықтың бар порттық мұрасын көруге тұрарлық жер.

Қалада маған ұнайтын «хипстерлік кофеханалар» көп


Normocoffee және Coffeelabs – сүйікті кофеханаларым, үй жобаларымды орындау үшін немесе достарыммен отырып, әңгімелесу үшін осында келемін. Осы кофеханаларға жақын жерде Антверпен Сән Академиясы орналасқандықтан, осында студенттер жиі келеді және олар қызықты, тіпті біртүрлі киімдерде болады, сол студенттер бұл орындарға «хипстерлік» дем береді. Антверпенге барған кезде, бұл кофеханалардың біреуіне кіріп кетуге ұмытпаңыздар, олар қаладағы ең үздік кофе дайындайды.


Тамақ жайында


Бельгиялық вафли, фри картобы, әйгілі бельгиялық шоколад – Бельгияның тағам әлеміндегі елшілері. Олар туралы барлығы біледі және Бельгияға келген кезде, туристер алдымен осы тағамдарды жеп көреді.

Мен фламенд – волован немесе Vol-au-Vent тағамын ұнатамын, бұл кілегей тұздығында пісірілген тауық еті мен қозықұйрықтар, Бельгиядағы басым тағамдары сияқты фри картобымен бірге ұсынылады. Волованды Pelgrom мейрамханасында жеп көруге кеңес беремін, ол Антверпеннің ескі бөлігінде орналасқан.

126_vol_au_vent_farciti.jpg

Дереккөзі: www.delonghi.com

Қалада бельгиялық вафлиді сататын дүкеншіктер және дәстүрлі фри картобын қуыратын фритюр орындары өте көп. Бельгиялық фри шынымен өте дәмді және оның фаст-фудты сататын желілердегі картоптен басты айырмашылығы – бұл картопты қуыратын малдың майы. Бельгиялық вафлилерді есепсіз жей аламын, олар өте дәмді.


Адамдар жайында


DSC_0048.JPG

Бельгиялықтар жайында айтқан кезде, тілдің ұлтты қалыптастыратын тілтанымдық салыстырмалық әдісі есіме түседі.

Бельгиялықтар турашыл және ашық адамдар, кейбір кезде тілдері сияқты дөрекі болып көрінуі мүмкін


Олар бейтаныс адамдармен оңай араласа қоймайды, достық қарым-қатынаста қалу үшін уақыт керек.

rfq7NPp293c.jpg

Группаластарымның басым бөлігі – бельгиялықтар және бірге жасап жатқан жобаларымыз көп. Сабақ және үзіліс кезінде бұрынғы таныстар сияқты әртүрлі тақырыптарды талқылай аламыз. Бірақ группаласыңызды көшеде кездестіріп, өзіңіз бірінші амандаспасаңыз, ол сізді елемей өтіп кетеді. Бастапқы кезде мен түсінбейтінмін, бірақ кейін достарым түсіндіргендей, бұл қалыпты жағдай және бұған көңіл аударудың қажеті жоқ.

Менің ойымша, барлық бельгиялықтар туралы солай айтсам, дұрыс болмайды, себебі адамдар әртүрлі және менің алғашқы әсеріме көп уақытты халықаралық достармен өткізгенім ықпал етті деп ойлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.