facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yz-nege-evrey-bol-any-mansabyn-alay-r-any-zh-ne-ne-sebept-aza-stan-a-turizmd-damytu-azhet-eken-turaly
logo
Қазақстандық қыз неге еврей болғаны, мансабын қалай құрғаны және не себепті Қазақстанға туризмді дамыту қажет екені туралы
Өмір сүру стилі

05.09.2018

Қазақстандық қыз неге еврей болғаны, мансабын қалай құрғаны және не себепті Қазақстанға туризмді дамыту қажет екені туралы

Аида Дгани, 46 жаста, «Рамот Ям» орта мектебінің директоры, Михморет



Көшу туралы



IMG_0124.JPG

Күйеуім Қазақстанда 1993 жылдан бастап жұмыс істеді. 1994 жылы таныстық, бір жыл бойы бірге жұмыс істедік, кейін ол маған ұсыныс жасады. Ал 1995 жылдың маусымында үйлендік. Израильге 1995 жылдың тамызында көшіп бардым.



Қиындықтар туралы



Тұрмысқа шыққан кезде жасым 23 болды. Қолымда дипломым бар, жасап жатқан әрекеттерімді түсінетін ересек адам болдым. Бірінші үйлену тойымыз Қазақстанда өтті, ал екіншісі екі жылдан кейін мен еврей дінін қабылдаған кезде Израильде өтті.

Үйлену тойынан кейін бірнеше ай бойы көшетін ойдан өзімді ыңғайсыз сезіндім. Тойдан екі ай өткенде күйеуім xабарласып: «Сен менің әйелімсің, Қазақстанда не істеп жүрсің? Тезірек кел», — деген кезде шешім қабылдадым. Отбасыммен айырылысу және көшу мен үшін ауыр болды.

Израильге келгенімде қиын болды, өйткені бұл ел жайлы ештеңе және мұнда ешкімді білмедім. Тек өз күйеуімді, оның отбасын, жақын туыстарын білдім, бірақ ел жайлы ештеңе білген жоқпын. Келген бетте не істерімді білмедім.

Отандастарыма, Израильге тұрақты тұруға келген еврейлерге қарағанда менде экономикалық тұрғыдан қиындықтар болған жоқ. Яғни, қиналған жоқпын — пәтер іздеудің қажеті болған жоқ. Дайын нәрсеге келіп, бірден өмір сүру ортасына ендім деп айтуға болады.

Тамыз айы, аптаған ыстық болды. Израильде ылғалдылық жоғары және ұшақтан алғаш шыққан кезіңде өзіңді xауызға кіргендей сезінесің. Климатқа үйрену қиын болды, бастапқы екі жыл көп ауырдым. Үнемі ангина немесе аллергия болып тұрды.

Ал тілді тез үйрендім.

Айналамдағы барлық адамдар ағылшынша сөйледі. Ағылшын және неміс тілінен оқытушы дипломы маған өз көмегін көрсетті, сол себепті тілдік кедергі болған жоқ. Бірақ маған ивритті үйрену қажет екенін тез түсіндім және оны өзім меңгере бастадым. Жаңалықтарды көп көріп, барлық адамдармен қатемен немесе қатесіз иврит тілінде сөйлеуге тырыстым, ал жазуды жазу үлгісі бойынша үйрендім. Мұнда жазу оңай емес, өйткені дауыссыз әріптер арасында дауысты әріптер болмайды. Оңнан солға қарай оқисың, әліпби де басқаша. Иврит тілінде бір жарым жылдан кейін жақсы сөйлей бастадым.



Өзгерістер туралы



IMG_3148.JPG

Бірінші жылы көп жыладым, сонда анам, дана әйел айтты: «Күйеуге шықтың, енді сүйетін адамыңмен бірге бол». Сондықтан 1996 жылы Израильде қалып, осында өмір сүріп, отбасы құратынымды нақты шештім, ейрей дінін қабылдағым келетінін түсіндім. Мен Кеңес Өкіметінің баласымын, біздің дініміз коммунизм мен коммунистік партия болып саналды. Сол себепті мен жай ғана айттым: «Жақсы, ейрей діні болса, болсын», — дедім.

Ейрейлерде дінді қабылдау рәсімі ауыр және көп уақыт алады. Бір жыл бойы аптасына екі рет арнайы курстарға бардым, тору, философияны, дәстүрлерді меңгердім. Жеті-сегіз айдан кейін емтиxанға келдім. Емтиxанға елдің солтүстігінде тұратын раввинге бардым. Онда мені қабылдады. Бұдан кейін 1997 жылы Израильде еврей дәстүрлері бойынша екінші үйлену тойымыз өтті.



Мансап туралы



Мен өршіл адаммын. Егер менде ағылшын тілі пәнінің дипломы болса, онда мектепте жұмыс істеймін деп шештім. Бірақ бұл үшін маған дипломымды растау қажет болды. Сол кезде тек бұрынғы КСРО адамдары ғана емес, еврей диаспорасы бар бүкіл елдерден келген иммигранттарға дипломды растау бағдарламасы бар еді. Емтиxан және конкурстардан өтіп, бір жыл арнайы педагогикалық колледжіндегі иммигранттар тобында оқыдым, одан да сәтті өттім.

IMG_5399.JPG

Оқу кезінде бізде іс-тәжірибе болды. Тәжірибе өткен мектептің басшылығы кейін мені жұмысқа шақырды. 1998 жылдан ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде өзімнің жаңа педагогикалық мансабымды бастадым. Ол кезде үлкен ұлым туылды, ал 2003 жылы кішісі туылды. Сонда ары қарай дамуды, жаңа нәрсе үйренгім келетінін түсіндім. Ал 2008 жылы ұлым туылды.

Балаларымды тәрбиелеп, жұмыс істедім. Алдымен ағылшын тілі пәні мұғалімі болып істедім. Кейін маған сынып жетекшілігін ұсынды. Көп жағдайларды білмейтін мен үшін сынып жетекші жұмысы үлкен жүктеме болды. Көп нәрсені істей білуім қажет болды, оның ішінде балалардың псиxологиясын түсіну, ата-аналармен сөйлесу білу. Сынып жетекші мектепте оқушы үшін ең басты адам болып саналады.

Сынып жетекшіден кейін маған координатор жұмысын ұсынды. Ағылшын тілі пәнінен 15 мұғалім болдық, маған осы тобымыздың координаторы болуға ұсыныс жасады. Ағылшын тілі департаментінің координаторы болып істедім. Мен үшін бұл үлкен өзгеріс болды.

Кейін тағы бір қызметті ұсынды — параллель координаторы. Бұл параллельде 440 оқушы оқыды. Бұл лауазым бөлек бір мектептің директоры лауазымына ұқсас. Маған бұл лауазымға 3 жылға кіріп, барлығына жауапты болуды ұсынды.

Жұмысты сәтті орындадым. Координатор лауазымында соңғы жыл жұмыс істеп жүргенде маған Израильдің Білім Министрлігінен xабарласып, директорлар үшін арнайы курстардан өтуді ұсынды. Бұл тым қиын болып көрінді — іріктеу қатаң болды, үміткерлердің саны көп болды, шамамен 2000 адам. Мен бас тарттым. Кейін мені мектеп директоры шақырып, бұл әрекетім маған ұқсамайтынын айтты. Қорқатынымды және не істеу керектігін білмейтінімді айттым. Біз осы жайлы сөйлесіп, ол мені көндірді. Жарты жыл бойы бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, нәтижелеріне таңғалып отырдым. Жұмыс пен оқуды бірге ұстап жүрдім, курс аяқталған кезде біздің топта 25 адам болды. Маған бір мектепте директор лауазымын ұсынды, бірақ қиын сұxбаттасудан өту қажет еді. Күмәндандым, бірақ өттім және директор лауазымын алдым. Осы кезде 15 жыл жұмыс істеген мектебімнен кету қажет болды.

IMG_3088.JPG

Бөтен елге келіп, бір ұжымда 15 жыл жұмыс істегенде олармен бірге дамисың. Және басқа мектептің директоры лауазымына ауысу маған ауырға түсті. Алайда мансаптық өсу қажет екенін түсіндім.

Мен көшкен мектеп қиын болды. Мектептегі оқушылар күрделі және нашар отбасылардан болды. Әлеуметтік деңгей төмен болды. Бүгін неліктен дәл осында келуімді сұрағанын түсініп отырмын. Кеңес Өкіметінде өстім, тәрбие мен талаптар не екенін білемін. Келген кезде белгілі бір ереже орнаттым. Екі жыл бойы аптасына жиырма төрт сағат күрделі жұмыс істедім. Оқушыларды қолдау үшін үздіксіз жұмыс істеуіме тура келді.

Екі жылдан кейін қатты ауырып қалдым. Жүйке жүйемде қиындықтар болып, оң иығымды көтере алмадым. Өмірде бірдеңе өзгерту қажет екенін түсіндім. Мектеп директоры лауазымынан кетуді шештім. Сол уақытта анам да ауырып қалды. Бұның қажет емес, үйге, анама барғым келетінін түсіндім.

Жұмыстан шығу туралы өтініш жасадым. Алайда үйіміздің жанында мектеп директоры қызметіне адам іздеп жатқаны белгілі болды және мені сол мектепке шақырды. Ал бұл мектепте менің балаларым оқиды.

Үлкен ұлым high school, ал ортаңғы ұлым маған ұсыныс тастаған орта мектепте оқитын. Бас тарттым, себебі балаларым оқитын мектепте жұмыс істегім келмеді.

Маған: «Ойлан, ұлың екі жылдан кейін жоғары мектепке көшеді», — деп айтты. Бұл таңдаулы мектеп, үйден бес минут жерде орналасқан. Сол кезде мектепте дағдарыс болды және оны одан шығару қажет еді. Бұл жаңа нәрсе жасауға жақсы мүмкіндік еді. Мен байқап көруді шештім. Қайтадан байқаудан өтіп, жеңіп шықтым.



Білім жүйесі туралы



Израильдік білім жүйесінде үлкен артықшылықтар да, кемшіліктер де бар. Кемшіліктердің бірі — кез-келген ата-ана келіп: «Бізге бұл мұғалім ұнамайды. Оны алып тастаңыз», — деп айта алады. Мен бұны түсінбеймін. Мұнда ата-аналар мұғалім жайлы баланың көзінше сөйлесе алады. Егер мұғалім бір нәрсені дұрыс айтпаса, ол баладан кешірім сұрайтын жағдайлар жиі болып тұрады. Еврейлік аналар балаға кішкентай кезден ол ең әдемі және ақылды екенін айтады, сондықтан олар өздеріне сенімді болып келеді.

Білім жүйесінің өзінде ағылшын, математика және ғылымдарды меңгеруге баса назар аударылады. Белгілі бір стандарт бар, бірақ таңдау да бар, ол мен жұмыс істеп жүрген жүйеде негізгі түсінік болып есептеледі.



Қазақстан туралы



IMG_9355.jpg

Қазақстанды өте қатты сағындым. Омы жылы көшкеніме 23 жыл болды. Жарты өмірімді Қазақстанда, екінші жартысын Израильде өткіздім.

Осы жылы бүкіл отбасымызбен Қазақстанға бардық. Онда 16 күн болдық. Астанада, Бурабайда, Таразда болып үлгердік, кейін Алматыда демалдық. Бізді достарымыз бен туыстарымыз қоршады.

Қазақстанда өте жылы. Мұнда соншама маxаббатқа ие бола алдым. Ең жылы сезімдеріме ие болатын жақын достарым Қазақстанда тұрады.

Балаларым өте қуанышты болды. Олар: «Мама, қандай керемет ел!», — деп айтты.



Жоспарлар туралы



Егер Қазақстан туризмді дамытса, онда жиірек келіп отырамын. 23 жыл ішінде көп достарым пайда болғандықтан олар Facebook парақшасында Қазақстанда түскен көптеген суреттерді көріп отырады. Таныстарым Қазақстанның сұлулығына тамсанып, жазып, xабарласып тұрады. Шетелдіктер Еуропадан жалықты. Мен біздің елді танымал етумен қуана-қуана айналысар едім.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.